«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚбаи-ның «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс


Интербелсенді тақта арқылы «SoS» белгісі соғады.(шыбын жанымды құтқарыңдар) Жылап тұрған Жер шарының бейнесі бейнеленген



бет4/9
Дата06.02.2022
өлшемі44,54 Kb.
#75644
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Интербелсенді тақта арқылы «SoS» белгісі соғады.(шыбын жанымды құтқарыңдар) Жылап тұрған Жер шарының бейнесі бейнеленген.
Мұғалім:
-Жер бетінде адам пайда болғаннан бері 200 000 жыл ішінде эволюциялық даму мен бірге революциялық дамудан өтті. Тас ғасырдан өтіп ғарыш ғасырынан бір шықты. Ал қазір 21 ғасыр экология ғасыры екені бәрінеде түсінікті. Қазіргі естіген дауыс жердің соның белгісі.
(алдын ала берген тапсырмалар бойынша ортаға ақын, Жер-Ана, өзге ғаламшарлық өкілі ортаға шығып Жер-Ананың мұңын Жылойлық ақын Л.Сисекеновтың «Адамзат, Жер-Анаңа табын енді» поэмасынан үзінді арқылы жеткізіп, галактика кеңесінің заңы бойынша Жерді адамдардан алу шешімін жеткізеді.)
АҚЫН:
О,Жер-Ана, Жер-Ана,
Жалғыз Алла жаратқан.
Ем болмады-ау жараңа,
Соғыс оғы қанатқан.
Жаны жомарт халқымнан.
Бір күн болмай тыныштық,
Жатыр далам ыңырсып,
Сыпырылған терісі,
Күйе, күйе тырысып,
Қара киім қазалы,
Естіп дауысын азалы,
Дабыл соғып жүрегім,
Қанымен жыр жазады.
О,Жер-Ана,Жер-Ана,
Қолын салып жағаңа
Өз бақытын тонаған,
Тіл қатшы сен толғанып,
Бар адамзат балаңа!
Өзегіңді өртеген,
Қызыл шоқтай өртенген
Айтшы мұңды шеріңді,
Бейнет қылып көтерген.
ЖЕР-АНА:
Ақын балам, айналайын тілекшім,
Тәңір саған әрдайымда нұр төксін.
Менің нәзік жүрегіме үңіліп,
Сырымды ұғып, сары ұйыммен жүдепсің.
Сезесің ғой жан даусымды өзің де,
Ерік беріп жүрдім қанша төзімге.
Бұл күндері өн бойымнан әл кетіп,
Жас ойнайды менің қара көзімде.
Жаратқалы Жер-Ана қып Тәңірім,
Адамзаттың алаламай әрбірін.
Әлдиледім ақ бесікте тербетіп,
Күлім қағып анасындай бәрінің.
Маужыраттым дала исімен мас қылып,
Мейіріммен жылу төгіп, ашылып.
Қасіретін тартпасын деп, өмірдің ,
Сыйға тартып бар жемісін төрімнің.
Бір-біріне ойласын деп жақсылық,
Тура жолын, сілтеп жүрдім Тәңірдің!
Куә болар, әр сөзіме ай күнім,
Куә болар шарқар теңіз айдыным.
Ойламаппын бірақ әттең оларды,
Өзі тонап, шашады деп , байлығын.
Мен қалайша мұңымды айтып жан балам,
Ашынбаймын бүлінді ғой кең далаң.
Келер ұрпақ болашағы алдында,
Не деп жауап береді екен бұл Адам!

Каталог: wp-content -> uploads -> online -> статьи%20на%20Teach-in -> Өлкетану
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Өлкетану -> Өлкетану жұмыстарын мектепте ұйымдастыру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет