Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Ақын туралы түсінік алады.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашады



Дата04.10.2020
өлшемі44,41 Kb.
#63972
түріСабақ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Толысбаева Г.Ж

Сынып: 3«Б»



Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Абай «Жаз»

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Ақын туралы түсінік алады.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Автор жайлы слайдтан көру арқылы танысады.






Оқушылардың басым бөлігі: Өз ойларын еркін жеткізе алады.





Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды, сөйлеу тілдері дамиды

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, жан-жануар, жазғы жайлау

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: айтылым, жазылым.

Талқылауға арналған сұрақтар: Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?







Алдыңғы тақырып


Өз біліміңді тексер, тесттік тапсырмалар.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басталуы


«Ортадағы қаламсап» стратегиясы». Балалар ортаға қаламсаптарын жинайды. Қаламсаптың иесі үйге берілген тапсырманы оқиды. Ортаға оқушылардың қаламсаптарын жинатып, бір қаламсапты аламын. Сол қаламсаптың иесінен үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушылармен сәлемдесу. Жыл мезгілдерінің суретін таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.

Топқа бөлінеді. 1-топ «Көктем»

2-топ « Жаз»

3-топ «Күз»

Қызығушылықтарын ояту

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Онықайдан білдің?
- Сурет бойынша әңгіме құра.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.




Оқулық, қаламсаптар, слайд.

Жыл мезгілдерінің суреттері



Сергіту сәті

Бейнероликтегі «Қызыл гүлім-ай» би қимылдарын жасайды

Музыка

Ортасы


Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік. Әр топтан бір оқушыдан айтады.

Автор туралы мәлімет:

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы10 тамыз 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.

Оқулықпен жұмыс.

Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу

Тізбектей оқу

Дәптермен жұмыс (сөздік).
1.Күркіреп–өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
2.Шұрқырап–кісінейді
3.Шалғын–жайылым немесе қалың шөп
4.Жоны–арқасы
5.Ыңқылдап–тойынғанның белгісі

Шығармашылық тапсырма.

1-топ Жаз туралы эссе.

2-топ Тақырыпқа байланысты сурет салу.

3-топ Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі туралы жазу.




Абай Құнанбаевтың суреті

оқулық


дәптер



Соңы


Қорытынды. Осы көрсетелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты сұрақтар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Берілген тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді.

1.Абай Құнанбаевтың шын есімі кім?

2.Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген?

3.Қандай өлеңдері бар?



4.Жаз өлеңінде күркіреп деген сөз қандай мағына береді?

Үйге тапсырма: Келесі оқуға арналған тапсырмалар. Оқулықтың 283-284 бетіндегі Жаз өлеңді жаттау. Жаз мезгілінің суретін салу.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет