«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата17.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#102105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ

 

 

 


 

1.2 Проблемалық оқыту әдістемесінің ерекшелігі 

 

Проблемалық оқытудың негізін американдық психолог, философ және 



педагог Дж. Дьюи (1859-1952) құрды, ол 1894 жылы Чикагоның практикалық  

мектебінде оқыту негізін оқу жоспарымен емес, ойындар мен еңбек қызметін 

құру арқылы жүзеге асырды. Осы мектепте қолданылған оқытудың әдістері, 

тәсілдері,  жаңа  принциптері  теориялық  тұрғыдан  негізделмеген  және 

тұжырымдама  түрінде  тұжырымдалмаған  болса  да  ХХ  ғасырдың  20-30 

жылдары кеңінен тарады.  

КСРО-да  да  проблемалық  оқыту  қолданыла  бастады,  олар  тіпті 

революциялық  ретінде  қаралған,  бірақ  1932  жылы  аталған  әдісті  егжей-

тегжей  білетін  педагогтардың  болмауына  байланысты  қолданыстан  алынып 

тасталды  .  Проблемалық оқыту  тұжырымдамасының  қағидаттық ережелерін 

әзірлеуге Т. В. Кудрявцев, В. Т. Кудрявцев, И. Я. Лернер, А. М. Матюшкин, 

М. И. Махмутов, В. Оконь, М. Н. Скаткин және басқалар белсене қатысты.  

Проблемалы  оқыту  схемасы  келесі  процедуралардың  реттілігі  ретінде 

ұсынылады:  оқытушының  оқу-проблемалық  міндет  қоюы,  оқушылар  үшін 

проблемалық  жағдай  туындату;  туындаған  проблеманы  түбегейлі  түсіну, 

қабылдау және шешу, оның барысында олар жаңа білім алудың жалпыланған 

тәсілдерін меңгереді; нақты тапсырмалар жүйесін шешу үшін осы тәсілдерді 

қолданады. 

Теория  оқушының  шығармашылық  қызметін  ынталандыру  және 

зерттеу  іс-әрекеті  процесінде  оған  көмек  көрсету  қажеттілігі  туралы  тезис 

жариялайды және оқу материалын арнайы түрде қалыптастыру және баяндау 

арқылы  жүзеге  асыру  тәсілдерін  анықтайды.  Теорияның  негізін  білім 

алушылардың  шығармашылық  қызметін  проблемалық  тұжырымдалған 

тапсырмаларды  қою  және  белсендендіру  арқылы,  соның  есебінен  олардың 

танымдық қызығушылығын және де барлық танымдық іс-әрекетін пайдалану 

идеясы құрайды. 

Проблемалық  оқыту  деп  әдетте  оқу  мақсатында  дәйекті  түрде 

құрылатын проблемалық жағдайларды шешу түрінде өтетін оқыту түсініледі. 

Психологиялық  тұрғыдан  алғанда  проблемалық  жағдай  туындаған  немесе 

ұсынылған 

міндетті 

шешу 


үшін 

қажетті 


білімдердің 

арасында 

сәйкессіздіктен,  келіспеуден  туындайтын  анық  ұғынылған  қиындық  болып 

табылады.  Проблемалық  оқытудың  психологиялық  негізі  ретінде  С.  Л. 

Рубинштейн 

«ойлау 


проблемалық 

жағдайдан 

басталады» 

деген 


тұжырымдама берген.  

Қиындықтардың  сипатын,  бар  білімнің  жеткіліксіздігін  ұғыну  жаңа 

білімді, іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін іздеуде тұрған оны жеңу жолдарын, ал 

іздеу-шығармашылық  ойлау  процесінің  компонентін  ашады.  Мұндай 

белгісіздік  және  іздеу  қажеттілігі  туындамаса,  демек,  шығармашылық ойлау 

да жоқ. Осылайша, қиын жағдай туындамайды, яғни ойлаудың да қажеттілігі 




10 

 

болмайды.  Проблемалық оқыту  бар  білімнің  жеткіліксіздігінен  пайда  болуы 



тиіс  және  бұл  жетіспеушілікті  оқушылар  түсінуі  тиіс.  Алайда,  кез  келген 

проблемалық  жағдай  ойлау  процесін  туғызбайды.  Атап  айтқанда, 

проблемалық  жағдайды  шешу  жолдарын  іздеу  білім  алушылар  үшін  қол 

жетімсіз  болса  немесе  олардың  шамасы  келмейтін  болғанда  ойлау  пайда 

болмайды.  Сондықтан  проблемалық  оқытуды  ұйымдастыруда  берілетін 

тапсырма  білім  алушының  шамасына  қарай  берілуі қажет  екенін  ескеру  өте 

маңызды. 

Мұғалім  проблемалық  жағдай  жасайды,  оқушыларды  оны  шешуге 

бағыттайды  және  шешімін  іздеуді  ұйымдастырады.  Осылайша,  бала  өзінің 

оқыту  позициясына  айналады  және  оның  нәтижесі  ретінде  жаңа  білім 

қалыптасады,  ол  іс-әрекеттің  жаңа  тәсілдерін  меңгереді.  Проблемалық 

оқытуды  басқарудың  қиындығы  проблемалық  жағдайдың  туындауы  -  жеке 

акт  болып  табылады,  сондықтан  мұғалімнен  дифференциалды  және  жеке 

тәсілді қолдану талап етіледі. 

Проблемалық  жағдаятты  мұғалім  ерекше  әдістемелік  тәсілдерді 

қолдану арқылы арнайы жасайды: 

-  мұғалім  оқушыларды  қарама-қайшылыққа  итермелейді  және  оларға 

оны шешу жолын табуды ұсынады; 

- бір сұраққа түрлі көзқарас туындатады; 

- класқа құбылыстың әртүрлі жақтарынан қарауды ұсынады; 

-  білім  алушыларды  салыстырма,  қорыту  жасауға,  жағдаяттағы  

фактілерді талдауға ынталандырады;



 

-  нақты  сұрақтар  қояды  (жалпылауға,  негіздеуге,  нақтылауға,  ойлау 

логикасына); 

проблемалық  теориялық  және  практикалық  тапсырмаларды 



анықтайды; 

-  проблемалық  міндеттерді  қояды  (жеткіліксіз  немесе  артық  деректері 

бар;  мәселені  қоюдағы  белгісіздікпен;  қарама-қайшы  деректермен; 

жіберілген қателіктері бар деректермен; шешу уақыты шектеулі; психикалық 

инерцияны жеңуге және т.б.). 

Проблемалық технологияны жүзеге асыру үшін: 

- ең өзекті, маңызды міндеттерді іріктеу; 

-  оқу  жұмысының  алуан  түрлеріндегі  проблемалық  оқытудың 

ерекшеліктерін анықтау; 

-  проблемалық  оқытудың  оңтайлы  жүйесін  құру,  оқу  және  әдістемелік 

құралдар мен басшылықтарды құру; 

-  баланың  белсенді  танымдық  қызметін  тудыруға  қабілетті  мұғалімнің 

жеке көзқарасы мен шеберлігі. 

Проблемалық  оқыту  кез  келген  жағдайда  бірдей  тиімді  бола  алмайды. 

Тәжірибе  көрсеткендей,  проблемалық  оқыту  процесі  оқушылардың 

зияткерлік  қиындықтарының,  сондай-ақ  жаңа  білімді  меңгеру  немесе  жаңа 




11 

 

жағдайда бұрынғы мәндерді қолдану кезінде олардың танымдық белсенділігі 



мен дербестігінің әр түрлі деңгейлерін туындатады. 

Мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  іс-әрекет  сипатына  қарай 

проблемалық оқытудың төрт деңгейін бөліп қарастыруға болады: 

- тәуелді (жалтақ) белсенділік деңгейі - оқушының мұғалімнің түсінігін 

қабылдауы,  проблемалық  жағдай  жайында  ақыл-ой  әрекетінің  үлгісін 

меңгеруі,  оқушының  өз  бетінше  жұмыс  жасауы,  ойын  сипатындағы 

жаттығулар, ауызша қайталау; 

-  жартылай  өзіндік  белсенділік  деңгейі  -  жаңа  жағдайда  бұрынғы 

білімдерді  қолдануымен  сипатталады  және  оқушылардың  мұғалім  қойған 

мәселені шешу тәсілін іздестіруге қатысуы; 

-  өзіндік  белсенділік  деңгейі  (репродуктивті)  -  іздеу  түріндегі 

жұмыстарды  орындау,  оқушы  оқулықтың  мәтіні  бойынша  өзі  шешеді,  жаңа 

жағдайда  бұрынғы  білімін  қолданады,  құрастырады,  күрделілігі  орташа 

деңгейдегі  есептерді  шешеді,  мұғалімнің  елеусіз  көмегімен  гипотезаны 

дәлелдейді және т. б.; 

-  шығармашылық  белсенділік  деңгейі  -  шығармашылық  қиялды, 

логикалық  талдау  мен  болжауды,  оқу  проблемасын  шешудің  жаңа  тәсілін 

ашуды, өзіндік дәлелдеуді талап ететін дербес жұмыстарды орындау, өзіндік 

тұжырымдар мен қорытындыларды, өнертабыстарды, көркем шығармаларды 

жазу. 


Бұл  көрсеткіштер  оқушылардың  зияткерлік  даму  деңгейін  сипаттайды 

және  мұғалім  оқушының  білімі  жағынан  дамуында  алға  жылжуының 

көрінетін  көрсеткіштері  ретінде,  кері  ақпараттың  негізгі  мазмұны  ретінде 

қолдана 


алады. 

Проблемалық 

оқыту 

шығармашылық 



іс-әрекетке 

қабілеттілікті  қалыптастыру  мен  дамытуға  бағытталған,  яғни  ол 

оқушылардың  шығармашылық  ойлауын  дамытуға  әсер  етеді.  Бірақ 

проблемалық оқытудың бұл қызметі ең жоғары деңгейде іске асырылуы үшін 

оқыту  процесіне  проблемалардың  кездейсоқ  жиынтығын  енгізу  жеткіліксіз. 

Проблемалар жүйесі осы білім саласына тән проблемалардың негізгі түрлерін 

қамтуы тиіс, бірақ олармен шектелмеуі мүмкін. 

Осылайша,  оқыту  процесін  зерттеу  процесіне  жақындататын  оқу 

проблемаларының кем дегенде үш негізгі түрін көрсетуге болады. 

Бұл,  біріншіден,  пәннен  тыс  (білімнің,  техниканың,  өндірістің  әртүрлі 

салаларында) немесе пән ішінде туындайтын проблема. 

Проблемалардың  екінші  негізгі  түрі  бірінші  типтегі  проблемаларды 

шешу нәтижесін зерттеуден тұрады. 

Проблемалардың  үшінші  негізгі  түрі  екінші  типтегі  проблемаларды 

шешу  нәтижесінде  алынған  жаңа  теориялық  білімдерді  қолданумен 

байланысты. 

Осылайша,  проблемалардың  үш  негізгі  түрі  әртүрлі  қызметтерді 

орындайды:  бірінші  типтегі  проблемаларды  шешу  жаңа  білім  береді; екінші 




12 

 

түрдегі  проблемаларды  шешу  осы  білімді  жүйеге  келтіреді;  үшінші  түрдегі 



проблемаларды  шешу  осы  білім  жүйесін  қолданудың  жаңа  мүмкіндіктерін 

ашады. 


Проблемалық  оқытудың  басқа  оқыту  әдістерінен  ерекшелігі  сол,  ол  оқу  

мақсаттарының  бірнешеуіне  бірден  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді,  атап 

айтсақ:  

 



білім алушылардың қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; 

 



шығармашылық ойлауды дамыту; 

 



өз бетінше  жұмыс істеу дағдыларын дамыту; 

 



өзін-өзі оқытуды дамыту; 

 



зерттеу белсенділігін қалыптастыру. 

Әдістің  айтарлықтай  тиімді  жақтарының  болуына  қарамастан,  келесідей 

кемшіліктерді  атап кетуге болады: 

 



проблемалық 

зерттеу 


стратегиясын 

практикалық 

дағдыларды 

қалыптастыру үшін пайдалану қиыншылығы; 

 

жаңа  материалды  меңгеру  үшін  көп  уақыт  қажет  (басқа  оқыту 



әдістерімен салыстырғанда); 

 



проблемалық  оқыту  әдістемесі  бойынша  сабақтар  тек  бір  мағыналы 

емес шешімдер мен пікірлерге жол беретін материал негізінде ғана мүмкін; 

 

проблемалық оқыту әдісі балаларда белгілі бір білім қоры бар болғанда 



жағдайда жүзеге асады. 

       Сонымен,  проблемалық  оқыту  әдісін  қашан  қолдануға  болады? 

Проблемалық  оқыту  әдісінің  мәні  проблемалық  жағдайларды  құру  және 

оларды шешу тәсілдерін табудың ерекшелігінде. Бұл әдістегі ең қиын нәрсе – 

ол  дұрыс  проблемалық  жағдайды  құру.  Сол  проблемалық  жағдайды  өз 

мәнінде құру үшін мына төмендегілер ескерілуі тиіс:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет