«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата17.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#102105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫ

Біріншіден,

 оқушыларға ұсынылатын мәселе сол жастағы балалар үшін 

қолжетімді және жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. 

Екіншіден

,  мәселе  қолда  бар  білім  мен  дағдылардың  көмегімен  ғана 

шешілмеуге тиіс, яғни жаңа идеяларды да ұсынуға және жаңа білімді іздеуге 

итермелеуге тиіс. 



Үшіншіден

, құрылған жағдайда қайшылық, белгісіздік болуы тиіс. 



Төртіншіден,

  жағдай  білім  алушының  ерекше  қызығушылығын 

тудыруы керек. 



13 

 

2. Проблемалық оқыту әдістері 

 

2.1. Проблемалық оқыту әдістері мен түрлері 

 

Педагогикада проблемалық оқытудың үш негізгі түрі бар: 



1



Проблемалық  баяндау

.  Дәрістің  монологиялық  режимінде  немесе 

семинардың  диалогтық  режимінде  оқу  материалын  проблемалық  баяндау. 

Оқу  материалын  лекцияда  проблемалық  баяндау  мұғалімнің  (оқытушының) 

проблемалық  мәселелерді,  проблемалық  жағ  қоюды  және  оларды  шешуді 

іздестіруді  көздейді;  бұл  ретте  оқушылар  тек  қана  шешім  іздеу  процесіне 

ойша енгізіледі. Мысалы, "өсімдіктер өмірі туралы" дәрісінің басында: "неге 

тамыр  мен  сабақ  қарама-қарсы  жаққа,  яғни  тамыр  төмен,  ал  сабақ  жоғары 

өседі?"  деген  мәселе  қойылады.  Мұнда  мұғалім  дайын  жауап  бермейді, 

ғылыми  ізденістің  мәнін  ашады,  гипотезаларды  және  алынған  нәтижелерді 

тексеру  үшін  жасалған  гипотезалар  мен  тәжірибелер  туралы  хабарлайды. 

Әдістегі  баяндау  формаларына  проблемалық  дәріс,  әңгіме  және  әңгімелесу 

жатқызылады. 

Проблемалық 

баяндау 


немесе 

проблемалық 

мазмұндау 

әдісі 


орындаушылық қызметтен шығармашылық қызметке көшу болып табылады.  

Оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  оқушылар  проблемалық  міндеттерді  өз 

бетінше  шеше  алмайтын  жағдайда  болады,  сондықтан  мұғалім  проблеманы 

басынан  аяғына  дейін  шешілу  жолын  баяндайды.  Оқушылар  мұндай  оқыту 

әдісі  кезінде  қатысушылар  емес,  бақылаушылар  бола  отырып,  олар 

зияткерлік қиындықтарды шешу үшін белгілі бір білімдер алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет