«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет5/28
Дата14.10.2022
өлшемі0,61 Mb.
#153051
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar (1) (1)
тжт, ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
«Орман мелиорациясы» пәні
7-8 тәжірибелік сабақтар
Отырғызатын ағаш түрлерін таңдауға қойылатын агроорман мелиоративтік талаптар
Қоршаған орман жолақтарына ағаш түрлерін таңдау өте маңызды, өйткені өсірілетін орман алқа ағаштарының беріктігі, оның ұзақ мерзімге төзімділігі және қорғаныштық қасиеттері тұқымдасқа байланысты болып келеді. Тұқымдастарды дұрыс таңдау, оларды бұрыс орналастыруы, тек ондаған жылдардан кейін ғана білінетін қателіктерге әкеліп соқтырады.
Берілген ауданға ағаш тұқымдасын идұрыс іріктеу үшін, оның биологиялық ерекшеліктерін, жылу мен ылғалы, топырақтың тұздылық дәрежесіне қатынасын білу керек.
Барлық ағаш тұқымдастары өздерінің топырақ ылғалдылығына талғамы бойынша 3 топқа бөлінеді.
Гигрофиттер – ылғалы жерде өсетін өсімдіктер (талдар, теректер, жөке ағашы, қотыр қайын, шырғанақ, бирючина)
Мезофиттер – ылғалдылығы орташа жерде өсетін өсімдіктер ( кәдімгі қарағай, жаздық емен, үйенкелері, тұт ағашы, сібір алмасы, скумпия, сары қараған, татар үшқаты)
Ксерофиттер – құрғақ жеоде өсетін өсімдіктер ( жатаған қарағаш, сексеуіл, қармала, ақ қараған, татар үшқаты, шаған қарақат, жыңғыл)
Ағаш тұқымдастары жылуға қатынасы бойынша төмендегідей бөлінеді:

  1. Суыққа толық төзімділер, төменгі қысқы температурада мүлдем зақымданбайды, 45-50°-қа дейінгі аяздарды көтеріледі (сібір майқарағайы, кәдімгі және сібір шыршасы, кәдімгі қарағаш, қотыр қайын, көктерек, қандағаш, шетен)

  2. Суыққа төзімділер, қатал қысқа шыдамды, бірақ өте күшті аяздарда (40°-тан төмен) зақымданады (ұсақ жапырақты жөке ағаш, қарағаш, үшкір жапырақты және татар үйенкісі, қара қандағаш, ақ және қара терек)

  3. Салыстырмалы түрде жылу сүйгіш тұқымдастар, вегетациялық даму кезеңі ұзақ, сондықтан олардың бір жылдық өскіндері толық жетіле алмайды және аязда ішін – ара немесе толық зақымданады ( жаздық емен, кәдімгі шаған, ірі жапырақты жөке ағаш, манчжур жаңғағы, канада терегі)

  4. Жылу сүйгіштер вегетациялық кезеңі жоғарыда аталған топқа қарағанда ұзағырақ жас өскінднрі пісіп үлгермейді және аяздарда зақымданып құриды ( пирамидальды терек, грек жаңғағы, талшын, тұт, ақ қараған, платан.

  5. Өте жылу сүйгіштер, - 10°- 15°- қа дейінгі ұзаққа созылатын аяздарды нашар көтереді немесе мүлдем көтермейді ( кипарштер, эвкалиптер, цитрус тұқымдастары, кейбір аршалар)

Қорғаныш алқа ағаштарын құру кезінде негізінде топырақтардың сортандық дәрежесін есепке алу өте маңызды. Тұзды топырақтар Қазақстанда орман өсірудің жауапты да және ауыр объектісі болып табылады. Сортаңды топырақтарда болатын тұздардың құрамына байланысты сульфатты – содалы, хлоридті – содалы, сульфатты – хлоридті және хлоридті – тұздану түрлері бөлінеді. Тұздардың ішіндегі ең улы сода, өсімдіктер үшін хлоридтер де зиянды болып табылады. Топырақ тұздылығына талғамы бойынша ағаш тұқымдастары 2 топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет