«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе


Орман жолақтарының булануға әсері



бет17/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
Орман жолақтарының булануға әсері. Климаттың құрғақтығын сипаттайтын әрі анықтайтын маңызды факторға-булану жатады. Ылғал балансы, ылғал транспирациясы және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі буланумен тікелей байланысты. Сол себепті егіс қорғайтын орман жолақтарының булану процесіне әсерін білу өте маңызды.

Егіс қорғайтын орман жолақтар жүйесінде жер бетіндегі ауа қабатының температурасының шамалы жоғарылауы булану мөлшеріне әсер етеді. Орман жолақтарының әсер ету аймағында жел жылдамдығының төмендеуі және ауа ылғалдылығының артуы негізінде, ашық даламен салыстырғанда, булану әрқашан аз болады. Аңызақты күндері жолақтың ық жағындағы булану 3-5 Н қашықтықта 2-3 есе, ал 25 Н қашықтықта орта мөлшермен 30%-ға азаяды.

В.А. Бодровтың (1961) мәліметтері бойынша орман жолақтарынан әр түрлі қашықтықтағы булану қарқындылығының бір тәуліктегі мөлшері (% есебімен), ашық даламен салыстырғандағы келесідей көрсеткіштері бар: 3 Н қашықтықта - 35%; 5 Н - 50%; 10 Н - 69%; 15 Н - 76%; 20 Н - 80% және 25 Н - 86%, яғни орман жолақтарынан алыстаған сайын булану мөлшері артады. Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ҒЗИ-ның зерттеулері (1987) анықтағандай, ересек орман жолақтарының жүйесіндегі су айдынындағы булану орман жолағымен қорғалмаған егістермен салыстырғанда 20-50%-ға азаяды.

Г.Н. Высоцкий (1962) бойынша, дымқылдану коэффициенті жауын-шашынның жылдық мөлшерінің осы мерзімдегі булану көрсеткішіне қатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, орман жолақтарымен қорғалған учаскелерде булану мөлшерін төмендете отырып, біз өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарын жақсы ылғалмен қамтамасыз ететін дымқылдану коэффициентін жасанды түрде ұлғайтамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет