«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет33/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar
!1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі., 64537
Орман жолақтарын күтіп-баптау

Дала аймақтарында нәтижелі орман өсірудің маңызды шарты топырақты қопсыту және жас екпелерде арам шөптерді құрту болып табылады. Егер тыңғылықты күтім жұмыстары жүргізілмесе, онда топырақ нығыздалып, арам шөптер тез өсіп, қаулап кетеді. Олар топырақтан ылғалды сорып алады, нәтижесінде жас өсімдіктер қурап қалады. Әсіресе екпелері алғашқы отырғызылған жылдарында арам шөптермен күресу маңызды, себебі отырғызылғын көшеттер өздерінің микроклиматында болып, арам шөптермен бәсекелесе алмайды.

Орман жолақтарына жүргізілетін агротехникалық күтім жұмыстары катар аралықтарын механикаландырылған өңдеуді, қатарлар мен оның шеттерінде арам шөптерді отауды қарастырады. Қатар аралықтарын өндеу үшін КРН-2,8, КОН-2,8, КПН-2, КПНА-3, КЛ-2,6 культиваторлары, КП-2-250, КПГ-250, КП-2,2 тегістеушілері қолданылады. Жиектері ПН-4-35, ПН-3-356 соқаларымен жыртылады.

Ағаш тұқымдастары отырғызылған қатарларда механикаландырылған күтім жұмыстарын жүргізу көпке дейін шешілмеген мәселе болып келді және орман жолақтарын өсіруде көп еңбек шығынының қажеттігі оның ең үлкен кемшілігі болып табылады. Қазіргі кезде екпе қатарларында күтім жүргізу үшін бірқатар жабдықтар мен арнайы культиваторлар жасалып шығарылды. Қатар ішін өңдеу үшін қолданылатын ротациялық органдар КЛТ-4,5 Б, КОН - 2,8, КРН - 4,2, КПН - 4 және т.б. культиваторларға ілінеді. Ротациялық органдармен қатарлар ішінде топырақты өндеу қатар аралығын өңдеумен бір мезгілде жүргізіледі. Орман жолақтары қатарында механикаландырылған күтім жұмыстарын жүргізу үшін МТЗ немесе Т-40 тракторларына ілінетін КРЛ -1, КБЛ -I арнайы ротациялық культиваторлар да қолданылады.

Өндеу мерзімі мен саны топырақ жағдайына, арам шөптердің өсу қарқындылығына байланысты анықталады. Бірінші жылы қатар аралықтары 4-5 рет, екінші жылы - 3-4 рет, үшінші және төртінші жылдары - 2-3 рет өңделеді. Келесі жылдары жыл сайын қатар аралықтары кемінде 1-2 рет өңделеді. Топырақ өңдеу тереңдігі - 8-10 см. Соңғы өңдеуді 2-15 см тереңдікте жүргізеді. Жаз бен күзде жылына 2 рет жолақ айналасы 18-22 см тереңдікте жыртылады. Ағаш өсімдіктері дер кезінде әрі дұрыс жүргізілген күтімдер әсерінен тез өсіп, өзінің желектерімен тығыз тұтасады. Калыптасқан орман жолақтарын жыртылған жерлер категориясынан шығарып, орманды аумаққа ауыстырады. Егіс қорғайтын орман жолақтарын сусымалы және селдір-сусымалы күйге келтіру үшін, оларда арнайы күтім шараларын - төменгі бұтақтарын алу, алқа ағаштарды сирету, қураған, ауру, жетілуі нашар және зақымданған ағаштарды да алып тастауды жүргізеді.

Олардың төменгі бұтақтарын кесуді отырғызғыннын кейін 3-4 жылдан кейін бастап, 2-3 жыл сайын қайталанады. Алғашында бұтақтарын 1 метрге дейін алып, содан кейін желекті 2 метрге дейін көтереді. Бұтақтар өткір секатор және қайшымен алынады. Кесулерді жаз кезінде құрғақ ауа-райында жүргізіп, алынған бұтақтар бірден әкетілуі тиіс. Ағаштардың сиретілуі 5-6 жасар кезінде басталып, болашақта қажеттілігі бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстарды күзде жүргізген дұрыс. Алқа ағаштардың толымдылығына байланысты бірінші рет ағаштардың 25-50 % -і алынады. Барлық жағдайларда ағаштар берілген аумақта біркелкі алынады. Дамуы нашар, қураған, ауру және зақымдалған ағаштар жыл сайын көктем мен күзде алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет