Өрт қауіпсіздігі негіздері


Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар



бет4/9
Дата01.06.2020
өлшемі28,17 Kb.
#71926
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
аяя срооо охрана
02.04.20 Ғани Гүлназ, 02.04.20 Ғани Гүлназ, СалиГулжайна, Алиия нормалау
Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар

Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Және дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық және оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда журедіОзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °C аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілерде жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, және тасмалдаушы өндірістер жатады.

Жарылу пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В.ГД). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В категориялары. А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына - көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.

Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын жанатын және жанғыш.

Жанбайтын деп температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.

Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет