Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі381,96 Kb.
#29439
1   2

М2: Атом ядросының құрылысы, ядролық күштер, атом ядросының байланыс энергиясына есептер шығара білу.

Д2: 1. Ядродан протон атылып шыққанда элементтің массалық саны және нөмірі қалай өзгереді? Нейтрон атылып шыққанда ше? Позитрон атылып шыққанда ше?

2. Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып, фтор, аргон, цезий, және алтын атомдары ядроларындағы протондар мен нейтрондар санын анықтаңдар.

3. Ауыр сутегі – дейтрон ядросының байланыс энергиясы неге тең? Дейтронның салыстырмалы атомдық массасы – 2,01355, протондікі -1,00728, нейтрондікі – 1,00866, көміртегі атомының массасы – 1,995*10-26кг.

3. Азот ядросын протондарға және нейтрондарға ыдыратуға қажет ең аз энергия қандай?


Менделеев кестесін қолдана білуі



М3: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсерін ұғыну, ядролық, термоядролық реакцияларға есептер шығара білу.

Д3: 1. Бор ядросын протонмен атқылағанда берелий шығады. Осы реакция кезінде тағы да қандай ядро пайда болады?

2. Эйнштейнийді -бөлшектермен сәулелендіргенде нейтрон бөлініп шығумен бірге, менделевий элементі алынған болатын. Реакцияны жазыңдар.

3. Мынадай ядролық реакция кезінде қандай энергия бөлініп шығады:

4. Нейтронды қармап алып ядросының ыдырау нәтижесінде және ядролар және үш еркін нейтрон пайда болған. Барий ядросының меншікті байланыс энергиясы 8,38 МэВ/нуклон, криптондікі 8,55 МэВ/нуклон және урандікі 7,59 МэВ/нуклон. Уранның бір ядросы бөлінгенде шығатын энергия неге тең?

Ядролық және термоядролық реакция энергияларын есептеуде сақталу заңдарын білуі



Үй тапсырмасының мөлшері




«қанағаттанарлық»

«жақсы»

«үздік»

ҮТ1

1164, 1165, 1166

1167, 1169, 1170

1171

ҮТ2

1173, 1174

1172

1176

ҮТ3

1178, 1179, 1180, 1182

1183, 1184, 1185, 1186

1187, 1188, 1191, 1198

Технологияның келесі компоненті – сабақтың ақпараттық картасы (САК), яғни сабақ жоспары. Сабақтың ақпараттық картасы – тарау ішіндегі жекелеген тақырыптарға жасалады және тақырыпты оқытудың жобасы болып табылады. Ол өзіне:

  • оқу-педагогикалық іс-әрекет мазмұны (мұғалім оқулықтағы текстті тіркейді). Мұнда нені оқыту керек екендігі анықталады;

  • әдістемелік құралдар (оқытушының тапсырмаларға түсініктемесі). Мұнда оқыту мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігі анықталады;

  • рефлексия – «қарым-қатынас нәтижесі». Оған бірнеше функциялар кіреді: бағалау (өткен сабақ талдамасы) және берілген тараудағы сабақ санына түзету енгізу мүмкіндігі.

Технологияның келесі бөлімі болып табылатын – оқушы дамуының ақпараттық картасына тоқталайық:

Оқушы дамуының ақпараттық картасы

«Атом ядросының физикасы»

Са-бақ


Даму мазмұны



Оқытушының әдістемелік құралдары

Бағдар-

лама


Даму бағдары



1

Элементар бөлшектерді тіркеу және бақылау әдістері.

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару


О й қ о р ы т у

Логикалық ойлай білуі

2

Зарядталған бөлшектердің тректерін зерттеу.

Фронтальды сұрау

Лабораториялық жұмыс

Тест жұмысы


Есте сақтау қабілеті, жұмыс жасай білуі

3

Радиоактивті түрленулер және радиоактивті ыдырау заңы, изотоптар.

Жаңа материалды түсіндіру

Есептер шығару

Диагностика


Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

4

Ядроның құрылысы мен байланыс энергиясы.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Есептер шығару


Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

5

Ядролық реакциялар.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

Диагностика


Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

6

Термоядролық реакциялар.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару



Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

7

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

Диагностика


Логикалық ойлай білуі

Бұл тарауға оқытушылар шығармашылығына қарай тірек конспектісі мен тест жаттығуларын қосып, топтама жасауына болады.

Технологиялық картадағы негізгі компоненттердің нақтылығы мақсат қою, игерілетін материалдар, түзету және т.б. бөліктердің болуы оқу тапсырмаларының түсініктілігі мен оларды орындауға қызығушылық деңгейлерін жоғарылатады. Оқушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындау нәтижесінен алатын қанағаттанушылық сезімі, осы сезімді бастан қайта кешіруге құмарлық, олардың тапсырманы өз бетінше орындай алу сенімін күшейтіп, оқу іс-әрекеттерін орындау мүддесі мен белсенділігін қалыптастырады.



Орта арнаулы білім беретін оқу орындарында осындай инновациялық технологияларды қолданып оқу процесін жүргізу, оқушыларды жаңа білімді тез игеруге, мамандыққа бағыттауға және еңбек ету барысында бәсекеге қабілетті болуға үйретеді.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет