Орта Азия мемлекеттері



бет7/7
Дата05.09.2022
өлшемі1,68 Mb.
#148747
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ad4999da-52ed-4eec-9f13-0aed07190527
Мотивация Уали Аманжол

Түрікменстан


Түрікменстан — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет.
Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.
Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.
Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.
Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.
Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.
Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.

Қазақстан Республикасы


 Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділді төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.

Жылы

Жалпы ішкі өнім

АҚШ долларының айырбас бағамы

Инфляция индексі (2000=100)

Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚШ деңгейінің % үлесі)

1995

78,014,200

61.11 тенге

64

3.81

2000

102,599,902

142.26 тенге

100

3.53

2005

147,453,000

132.88 тенге

140

9.01


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет