Орта ғасыр Қыңырақ қаласы


Қыңырақ қалашығының шығу тарихы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#87965
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта ғасыр Қыңырақ қаласы
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1)
Қыңырақ қалашығының шығу тарихы
Қыңырақ – Жаскешу ауылының оңтүстік-батысына
орналасқан үлкен төбенің аты. Бұл ортағасырлық
тұрақты енді түсінікті болу үшін бұдан былай шартты
түрде Қыңырақ деп атауды ұйғардық. Қыңырақты қала
немесе қалашық деп басында атаған себебіміз, егер
қазіргі 
Отырар 
қаласынаң 
археологиялық
жазбаларына үңілер болсақ, оны бес бұрышты төбе
тәрізді деп сипаттаған. Отырар - бес бұрыш тәріздес
төбе. Өлшемдері: оңтүстік жағы-380 м, оңтүстік-
батысы–145 м, батысы– 400 м, солтүстік-шығысы–380м
және шығысы–350м. Төбенің ең биік жері іргесінен
18м. Қала дуалмен қоршалған. Оның солтүстік-шығыс
және шығыс жақтан құрылыстары жақсы сақталған.
Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар.
Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік
жағына орналасқан.
4-қабатқа ( қалыңдығы 1,5 м, 11-13 ғасырдың басы)
қайта жоспарланып салынған құрылыстар тән,
сонымен бірге бұл қабаттан семсердің сынығы, қола
сақина, шыны ыдыстардың сынақтары, әр түсті
шыныдан жасалған алқалар, т.б. заттар алынды; 5
қабаттан (қалындығы-1,5 - 1,6м, 13-14 ғасырлар )
қабырғасы күйдірілген кірпішпен (24х 24х 4см)
қаланған құрылыстардың орны,іргесінен тандырдың,
шаруашылыққа 
арналған 
шұңқырдың, 
зат
қоймасының (одан темір пышақ,ер тұрман әбзелінің
қалдықтары, темір ине, қола алқалар , т.б. заттар
табылады) 
қалдықтары 
ашылды; 
6-қабаттан
(қалыңдығы 1,5м, 15-16 ғасырлар) қырлы темір пышақ,
зергердің сүйектен жасалған балғасы, ат түсіні, т.б.
заттар іркітеліп алынды; 7-қабатының қалыңдығы 0,7-
0,8м 
(17-18 
ғасырлар.) 
Бұл 
қабат 
қаланың
құлдырап төмендей бастаған кезеңіне жатады.
Біз 
сөз 
етіп 
отырған 
Қыңырақ 
қаласына
арнаулы архелогиялық қазбалар жүргізілмеген.
Оның Отырар қаласы сияқты мәдени қабаттары
анықталмаған. Бұл жерде бір кездерде адамдар тұрағы
болғанын Келес өзінің келесі бір аунағанында (Келес
өзені көктем мезгілінің жауынды болуына байланысты
өзінің ағу арнасын үнемі өзгертіп отырады. Бұны сол
маңның тұрғындары Келес аунады деп атайды)
Жаскешу ауылының оңтүстік жағындағы үлкен
жарқабақ құлай бастаған кезде байқалып қалды. Сол
жарқабақтың төменгі жағындағы өзен жағалауларына
күйдірілген 
балшықтан 
жасалған 
әр 
түрлі
бұйымдардың сынықтары көптеп шығып қалатынан
жергілікті тұрғындар көп жылдан бері күә болып келеді.
Сол жарқабақты Келес суы 100 метрден де көп жерін
суға кетірді. Тіпті кейбір ауыл тұрғындары жардың
құлауы жақындай бастағанда баспаналарын тастап
кетуге мәжбүр болғандары да бар. Қазір Келес өзенінің
арнасын ауыстыруына байланысты жарқабақ құлауын
тоқтатып тұр.(Бұл жолы арнаны жасанды түрде
ауыстырды. Оны жасаған табиғи газбен айналысқан
мекеме. 
Археологиялық қазба жұмысы қала орнындағы мәдени
қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын,
құрылысы орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға
мүмкіндік береді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7
мәдени қаббаттан тұрады. 1-қабаттан (б.з. 1-6
ғасырлары) зат (қолдан жасалған құмыра сынықтары )
аз табылды;2-қабаттың (7-8 ғасырлар ) қалыңдығы 3
метрге жуық; 3-қабаттан ( қалыңдығы 1 метрдей, 9-10
ғасырлар ) қабырғалар шикі кірпіштен (42 х 22
х10см) қаланған тұрғын үйлердің орны, қола білезіктер
мен алқалардың жұрнақтары, темір бұйымдардың
сынақтары, шарап құятын ыдыстар табылды ;


Сол 
мекеме 
Келес 
суының 
жер 
астындағы
газ құбырын ашып тастауынан қорқып, өзеннің
арнасын басқа жаққа ауыстырып жіберді.) Кейін сол
жарқабақ маңынан тұрғын үй салуға беріліп, құрылыс
жұмыстарын жүргізе бастағанда жер астынан бүтінді-
сынықты әр түрлі қыш ыдыстар табыла бастады. Сол
табылған ыдыстардың, құрылыс қыштарының орны
мен сөз етіп отырған жарқабақ ара қашықтығы
бағамдасқа, жоғарыда айтылған. Отырар қаласының
көлемінен үлкен болмаса, кіші болмасы анық. 
Бұл жердің бір кездері адамдар тұрағы болды деген
тұжырымымыздың және бір айғағы ретінде сол маңдағы
бізге мәлім болмаған белгісіз зираттың анықталуын
айтуға болады.
Қызылжар ауылынан Дербісек бағытындағыс тас жол
ауылдың шыға берісінде неге екені белгісіз кілт оңға
(шығысқа) бұрылып кетеді де бір кездері қамал болған
деген сол жақтағы зиратқа айналып барады. Жол оқыс
оңға бұрылып қана қоймай, оның үстіне өрге қарай
жүреді. Қыс ауасында жол тайғақ кезде жаңағы бұрылыс
көлік қатынасына көп қолайсыздық тудырады. Соны
ескерген 
болса 
керек, 
өткен 
ғасырдың 
70-
80 жылдарында әлгі жолды зиратқа қарай төтелеп
салмақшы болады. Жер тегістеуге кіріскенде сол маңнан
адам қаңқасының сүйектері көптеп шығады. Сол себепті
жол салу жұмыстары тоқтатылады. Қазір сол салмақ
болған жолдың нобайы әлі тұр.
Бұл жайтты айтудағы ойымыз мынау: егер біз сөз етіп
отырған аймақта адамдар мекендесе, сол маңнан
қашық емес жерде сөзсіз түрде зират болуы тиіс.
Қыңырақ қаласының қайтыс болған тұрғындарын
жерлейтін зират мүмкін осы шығар. Адамдардың қаңқа
сүйегінің табылуы осы жердің сөзсіз түрде зират
болғанына сенімді дәлел бола алмаса да, ол ойды
жоққа шығара алмайды.
Бұл ойымызға және қосарымыз бар. Біз сөз етіп
отырған жарқабақтан Келес жағасы бойлап өзен
ағысымен жүре берсеңіз келесі жарқабақтың үстінде
тұрған өте жақсы сақталған орта ғасырлық кесенеге
жолығасыз. Біз сөз етіп отырған жарқабақтан онша
алыс емес, арасы 1,5-2 км шамасында. Ел арасында
кімнің атасының басына тұрғызылған кесене екені
талай айтылып жүр. Бірақ ол сөзді толық мақұлдаған
болмаса оны теріске шығарып жүргенде ешкім
жоқ. Кесене шығыстың классикалық үлгісімен
күмбезделіп салынған. Күмбездің ұшар басында бір
кездері күмістен жасалған жарты ай бейнесі болған
деседі. Қазір жоқ. Сол кесене мына Қызылжар
ауылының екінші зираты. Мүмкін сол кесененің де
Қыңырақ қаласына қатысы бар шығар. Бұл
тұжырымдарды зерттеп, анықтау археологтардың
еншісінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет