Орта ғасыр Қыңырақ қаласы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#87965
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орта ғасыр Қыңырақ қаласы
Нұсқаулық КБ Негізгі және орта мектеп (1)
1.
2.
3. Күйдірілген қыш құмыра. Өлшемдері: биіктігі (сынған
жеріне дейін) 21 см, сынған аузы 5 см, түбі 10 см, бел
ортасының диаметрі 18 см, қалыңдығы 6мм.Мойны
сынған. Бұл да сұйықтыққа арналған ыдыс болса керек.
3.
4.Күйдірілген 
құрылыс 
қышы. 
Тіпті 
бұл
құрылысқыштары да болмауы мүмкін. Өйткені ол
қыштың қатты қалыппен құйылмағанын жай көзбен-ақ
байқауға болады. Өлшемі: 32 х 17 х 05 см. Шамамен
жер бетінен 60-80 см тереңдікте қаланған қыш
қабырғаның негізгі бөлігі әле жер астында жатыр.
Кейбір мамандардың сөзіне сенсек, бұл қыш
ыдыстарды күйдіретін пештің қышы болса керек.


5. Күйдірілген құрылыс қышы. Өлшемі 21,5 х 13,5 х 04
см. Қатты қалыппен құйылғаны көрініп тұр. Өте берік.
Шамамен жер бетінен 1,5 м тереңдіктен табылған.
6. Қыштан жасалған бізге аты мәлім емес кішкене
ыдыстар. Ыдыстар деп отырғаным осындай ыдыстар
басында өте көп мөлшерде табылған. Өлшемдері:
биіктігі 9 см, диаметрі 8 см, аузының ішкі диаметрі 8
мм, ал сыртқы диаметрі 25 мм. Бұл ыдыстарды неге
пайдаланғаны қазір дәл айту қиын болып отыр.
Ыдыстың сұйықтық құюға арналғаны біздіңше күмән
тудырмаса керек, бірақ ыдыстың тұратын аяғы не түбі
жоқ. Мүмкін өте көп өндірілгеніне қарағанда, ішіне тез
оталатын сұйық зат құйып, мойнынан жіпке байлап
алысқа 
лақтыратын 
жарылғыш 
қару 
ретінде
пайдаланған да болуы мүмкін. Кезінде осы ыдыстың
барлық кейпін бейнеленген түрі де бар болған.
6. Әр түрлі қыштан жасалған ыдыстардың сынықтары.
Олар бір бүтінге біріктіру мүмкін емес. Ішінде шектен
тыс үлкен диаметрлі құмыраның бір құлағы да бар.
Біз мақаланы «Орта ғасырдағы Қыңырақ қаласы» деп
бекер атаған жоқпыз.Соған орай Қыңырақ қаласы орта
ғасырларда өмір сүрген демекпіз .Бірақ орта ғасыр
категориясы –созылмалы категория. «Орта ғасыр –бүкіл
дүние жүзі тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих
арасындағы кезең. Орта ғасыр деген ұғымды 15-16
ғасырларда қайта өрлеу дәуірінің итальян гуманистері
енгізген. «Орта ғасыр» термині Еуропа ғылымында тек
Галле университетінің профессоры Х.Келлер өзінің үш
кітаптық оқулығының бірін «Орта ғасыр тарихы» деп
атағаннан кейін ғана бекітті. 18 ғасырда тарих
ғылымында Орта ғасыр тарихын зерттейтін арнаулы
сала пайда болды.
Орта ғасыр тарихы негізінен үш кезеңнен тұрады:
ертедегі орта ғасыр – генезис пен ертедегі феодализм
(5-ғ.соңы-10 –ғ.), классикалық орта ғасыр-дамыған
феодализм (11-15ғ.), кейінгі орта ғасыр – феодализмнің
ыдырау кезеңі(16-17ғ. ортасы)
Біздің ойымызша, Қыңырақ қаласының өркендеген
кезі– ертедегі орта ғасыр кезеңі. Егер Отырар қаласы
классикалық орта ғасыр кезеңінде өмір сүрсе, Қыңырақ
қаласы одан ілгерірек кезеңде тіршілік еткен сыңайлы.
Өйткені табылған қыш бұйымдарды салыстыра
қарасақ, Отырардан шыны ыдыстар мен боялған
ыдыстар көптеп табылған. Ал Қыңырақ қаласынан
табылған ыдыстар боялмаған әрі шыны ыдыстар да
кездеспейді. Соған қарап, Қыңырақ қаласы 5-10 ғ. өмір
сүрген деп қорытындылаймыз.


Енді біз осы маңға белді археологтардың назарын
аударып,мынау ыдыстар мен құрылыс заттарының
жасын анықтау арқылы өзіміз Қыңырақ деп ат қойып,
айдар таққан қаланың төл тарихымыздың қай
кезеңінде өмір сүргенін дәл нақтылау болып отыр. 
Азаттық пен татулықтың көк туын желбіретіп, тәуелсіз
мемлекет атанғанымызға да 30 жыл толып отыр.
Ширек ғасырда Қазақстан өз тәуелсіздігін баянды
етуден бастап, мемлекетіміздің тұғырын берік
нығайтты. Біздің еліміз аз ғана уақыт ішінде әлемдік
қауымдастықта өзін толыққанды мемлекет ретінде
таныта білді. Бейбітшілікті ту еткен Қазақстан ішкі және
сыртқы саясатымен де көптеген елдерге үлгі болуда.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихымызда біз
экономикалық және саяси реформаларды тиімді жүзеге
асыра білдік. Ал рухани тұрғыдан өрлеу, үдерістерге
сай жаңғыру өзектілігін жойған емес.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Егемен Қазақстан»
республикалық газетінде «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласын жариялаған болатын.
Рухани 
өміршеңдігімізбен 
бірге 
ұлттық
құндылықтарымыз, 
елдік 
жолындағы
ұстанымдарымызды айқындап берген бұл мақала
болашақтағы 
біздің 
бағдармызды 
айқындап
берді.Өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен
бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихына сыр шерту қажет. Өз
елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас
мемлекет пен аудандарын әрбір адам баласы білуі
қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза
суы, ата-бабасы мекен еткен жері.
Қорыта келе айтарымыз, Қыңырақ қаласының өзіндік
ерекшеліктерін, тарихын, халқы мен шаруашылығын
жан – жақты сипаттайтын факторларды зерттеп, оны
жас 
ұрпаққа 
тәрбиелеуде 
пайдалану 
өзінің
маңыздылығын жоймақ емес. Өлкетану жұмыстары
жеке 
тұлғаның 
дүниеге 
дұрыс 
көзқарасының
қалыптасуына қоршаған шындықты түсінуге, сенімін
қалыптастырудың негізі болып табылады. Қыңырақ
қаласын зерттеп, тұжырымдарды болжап, анықтау
археологтардың еншісінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет