Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі402,11 Kb.
#119889
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация2 (1)
Сценарий асылым анашым., Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), SazanovaEV rev ScherbakovAA, SazanovaEV rev ScherbakovAA, osh sor geometrija emn 10-klass kaz, 030005, Дәріс 8. Өмір мен өлім Өмірдің мәні
Білім және ғылым



Өсіп келе жатқан қалаларға және король өкіметіне сауатты адамдар керек болды. Саудадан түсетін пайданы
есептеу, қалалық советтерде іс жүргізуді қажет етті. Корольдарға дайындығы бар чиновниктер мен соттар керек 
болды. Қалаларда шіркеулік емес мектептер пайда бола бастады. Олар жеке меншікті немесе қала советі
қаржысымен қызмет ететін мектептер болатын. Шіркеу мектептеріне қарағанда, бұл мектептер жазу мен 
арифметиканы тәуір оқытты , табиғаттану жөнінде кейбір мағлұматтар бар.

Еуропада XII ғасырда тұңғыш жоғары мектептер – университеттер пайда болды. Олар даңқты мұғалімдері бар 
қалаларда ашылды. Бұларда оқу латын тілдерінде жүргізілді, сондықтан түрлі елдердің жастары оқи алатын болды.

Университеттерде дін оқуын, заңдарды, медицинаны оқыды. Студенттер оқытушылардың лекциясын тыңдап, 
жазып алып отырды, ұғымсыз жерлерін сұрап біліп отырды.

Лекцияларды диспуттар толықтырып отырды. Бұл алдын ала берілген сұрақтар бойынша сөз таласы- білім сынау
жарысы болды. Диспуттар кейде қызу өтіп, оған қатысушылардың төбелесімен аяқталатын.

Еуропада XV ғасырда 65 университет болды. Бұлардың ішінен
Париж
, Болонье (
Италияда

,
Оксфорд
(
Англияда
),
Прага
, Краков (
Польшада
) университеттері жұртқа белгілі болған.

Қалалардың өсуіне байланысты шіркеудің мектепке беделі жүрмей қалды. Сауаттылық біртіндеп феодалдар мен 
қала тұрғындары арасына тарай бастады.
Білімнің дамуы



Шіркеу дүниедегінің барлығы құдайдың дегенімен болатындықтан, адам табиғат сырына жете алмайды деп
түсіндірді. Дінбасылардың ғылымға деген көзқарасын атақты дінбасы айқын көрсетті.

Шаруашылықтың дамуы шіркеу іліміне байланысы жоқ нағыз ғылыми білімнің пайда болуына жәрдемдесті. 
Шаруалар егістік жерді өңдеуді жақсартты, оның ерекшелігін білді, ауа райына, жануарлар мен өсімдіктерге
бақылау жасады. Қолөнершілер металдар мен тастардың қасиетін зерттеді, түрлі тәжірбиелер жүргізді, бояу мен 
шыны жасады.

Орта ғасырларды
астрология
және
алхимия
сияқты ерекше ғылымдар дамыды. Астрология жұлдыздарға қарап
болашақты болжауға болады-мыс дегенді айтты. Королбдап, қолбасшылар мен саяхатшылар қандай болмасын іске
кірісер алдында астрологтармен ақылдасты. Алхимиктер кез келген металды алтынға айналдыра алатын «сиқырлы
тасты» іздеумен шұғылданды. Алхимиктер бояуды, металл қорытпаларын, дәрі-дәрмектік заттарды алудың тәсілін
ашып, жетілдірді, көптеген химиялық аспаптар жасап шығарды.

Қалаларда ғалымдар пайда болатын, олардың көзқарастары шіркеумен қайшы келді. XIII ғасырда Англияда атақты
ғалым Роджер Бекон өмір сүрді. Ол бақылаудың және тәжірбиенің арқасында ғана білім алуға болады екенін
дәлелдеді. Ол сол үшін түрмеде папаның бұйрығымен көп жылдар отырды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет