Ортаңғы «Балдырған» тобы Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары Күні: Білім беру саласы



бет1/5
Дата09.01.2022
өлшемі328,79 Kb.
#110583
  1   2   3   4   5
Байланысты:
дәрумендер сабақ
Методика об к физ культуре Сатаркул А Тапсырма 8

Ортаңғы «Балдырған» тобы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары

Күні:

Білім беру саласы:Денсаулық,қатынас

Оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту,

Тақырыбы: «Денсаулық-дәрумендер кепілі»

Мақсаты:Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа пайдасы туралы

Түсінік беру,ой-өрісін,тілін дамыту,сөздік қорын молайту.Жемістер

мен көкөністердің пайдасын білуге,табиғатты сүюге,аялауға,

Қорғауға тәрбиелеу



Міндеттері:Ұқыптылыққа,тазалыққа баулу

Көрнекі құралдар:жұмбақ,тістің суреті бар атрибутика, қыстырғыш, дәрумендер картотекасы.

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,түсіндіру,жұмбақтар шешу

Өтілу барысы:

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

-Балалар осы жақсы көңіл- күйімізбен бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастайық

-Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Көктемнің кай айы?

-Наурыз айы

-Көктемде қандай ауа райында өзерістер болады?

-Қар еріп, күн жылып, құстар ұшып келеді

Қыстан кейін біздің ағзамызға дәрумендер өте қажет. Ондай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде дәрумендердің денсаулыққа пайдасы жөнінде болады.

Дәрумен дегеніміз не?

Дәрумен дегеніміз балалар адам ағзасына қажетті заттар. Орысша айтканда витаминдер деп аталады. Олар қайда болады?

Біздің күнделікті пайдаланатын ас мәзірімізде болады. Біздің деніміз сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек?

-Иа дұрыс айтасыңдар, 4 мезгіл. Таңертең, түсте, тестен соң және кешке.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет