Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет14/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үйдің құрылысын білу;

Игереді: сурет бойынша әңгімелеуді;

Меңгереді: үйді құрастырма ойыншықтардан үй құрастыра біледі

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Серуенде ... (Өз тәжірибелерінен әңгімелеу)

Мақсаты: а) Еңбек туралы білімдерін кеңейту.

ә) Тазалыққа тәрбиелеу.

б) Өз тәжірибесін әңгімелей білу қабілеттерін дамыту (Сурет мазмұнын зерттеу бойынша), баланың зейінін дамыту.

Сөздік жұмыс: серуен.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалардан шеңбер болып тұрып, таза, жұпар ауамен тыныс алғандай кейіп танытып, өздерін серуенде жүргендей сезіндіру.



Шеңбер болып таза ауамен тыныс алғандай тыныстайды



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларды орнына отырғызып серуен туралы әңгіме өрбіту. Серуеннің қажеттілігі мен пайдасы туралы өз ойларымен бөлісуге шақыру. Демонстрациялық құралмен жұмыс

(Балалардың балабақшада ойнап жүрген және еңбек етіп жатқан суреті)

Суретке қарап, екі суретті салыстырып және балабақшадағы серуен кезіндегі іс- тәжірибелерімен бөлісіп әңгімелеулерін сұрау.

Серуен мен енбектің, сонымен катар дене жаттығуларының да балалар денсаулығына ықпалы зор екенін, сергіту жаттығуының да дұрыс жасалуы өз денсаулығы үшін екені түсіндіріледі.



Сергіту жаттығуы:

Терезені ашайық

Таза ауа кірсін деп

Жаттығуды жасайық

Денем мықты болсын деп

(Педагог жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталату.)



Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?» Ойын шарты: Дәптердегі «Суреттерге мұқият қарап, жетпей тұрған затты тап және жабыстыр» тапсырмасын орындату. Өлең оқылады:

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксен, зерлеп,

Мұның аты - еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев)

Өлеңді оқып, қимыл-қозғалыс арқылы жаттату


Серуеннің денсаулыққа пайдасы туралы, серуеннің ұнайтынын, отбасындағы және балабақшадағы серуен жайлы өз ойларын айтады.
Суретке қарап ойнап жүрген балалар мен еңбек етіп жүрген балалардың іс-әрекеттері туралы әңгімелейді. Өздерінің балабақшадағы серуен кезіндегі ойындары мен еңбектері туралы, серуендегі есте қалған қызықты сәттері туралы әңгімелеуге атсалысады.
Сергіту жаттығуын қимылын келтіріп жасайды
Керекті затты өз орнына желімдейді

Өлеңді тыңдап, жаттап алуға талпынады.



Рефлексиялық - түзетушілік

Еңбек ету мен жаттығудан еш уақытта қашпай, жалқаулыққа бой алдырмай, жарқын болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен енбек екенін айтып «Бақыт кілті - еңбекте» деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылау.

Жалқаулықтың жаман әдет екенін ұғынып, әр жақсылықтың еңбекпен келетінін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: серуен мен еңбектің адам өміріндегі маңызын білу;

Игереді: суретке қарап әңгімелеп, өз іс тәжірибесімен байланыстыруды;

Меңгереді: таза ауа, сергіту, дене жаттығуларын пайдалы екенін біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық» (ертегі)

Мақсаты: а) Ертегіні тыңдай білуге, оны мазмұндауды үйретуді жалғастыру.

ә) Бір-біріне деген бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін ояту, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

б) Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой - түйсігің, мән-мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамытуды жалғастыру.

Сөздік жұмыс: арыстан.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға бүгін ертегі тыңдайтынын, ертегі аң патшасы арыстанның күшігі мен өздері жақсы білетін мысық туралы екенін айтып, арыстан күшігі мен мысықтың қандай жануарлар екендігі жайлы әңгімелесу.

Ертегі тыңдайтындарына қуанып, арыстанның жабайы жануар, ал мысық үй жануары екенін өз сөздерімен жеткізіп атсалысады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Демонстрациялық құрал:

(Арыстан және оның күшігінің суреті)


Мысық пен арыстан туралы қандай ертегілер білетінін және қандай мультфильмдер көргенін сұрау.
- Ал енді, балалар, мен сендерге қызықты ертегі оқып беремін, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.
Ертегі оқылады: «Арыстан күшігін асыраған мысық» Бір Мысық қаңғырып жүріп, анасы өліп қалған Арыстанның күшігіне кез болады. Мысық күшікті бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағашқа шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:

- О, менің ақ сүтін емізген асыраушым. Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бүкіл қылықтарды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді.

- Қысылғанда керек болар дегенім еді, - депті сонда Мысық.

(Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қоя отырып, байланыстыра баяндауға бағыттау)

Дамытушы сұрақтар:

- Мысық ненің күшігін кездестірді?

- Арыстан күшігінің анасы жоқ болғандықтан, Мысық оған қандай көмек көрсетеді?

- Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс-әрекетін, мінезін көрсетеді.

- Оны біліп қойған Мысық не істейді?

- Сол кезде Арыстан Мысыққа не дейді?

- Сонда Мысық не деп жауап береді?

Жақсылықты жақсылықпен қайтару керектігін балалар санасына құю.

- Арыстанның жасаған іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Сендер арыстан күшігінің орнына болғанда не істеуші едіңдер?

Арыстан мен мысықтың қандай дауыс шығаратынын сұрай отырып, мысық туралы сергіту жаттығуын жасату.

Сергіту жаттығу «Мысығым»

Құйрығын қуып ойнайды,

Қума десем қоймайды.

Шыр көбелек айналсам,

Жетемін деп ойлайды.

Піш-піш десем келе ғой,

Айтқаныма көне ғой,

Шақырғанда «піш-піш» деп,

«Мияу» деп дыбыс бере ғой.

(А. Меңжанова)

(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындатады.)

Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін қорша» тапсырмасын орындау.

Суретте нені көріп отырғандарын айтып өтеді. Балалар өздері білетін ертегілерді айтады: «Макта қыз бен мысық», «Жалқау мысық», «Том мен Джерри» т.б.


Балалар мұқият тыңдап отырады.




- Мысық келе жатып арыстанның күшігін кездестіреді. Мысық арыстан күшігін үйіне апарып анасы секілді тамақтандырып, жуындырып, оны асырайды.

Қарны ашып кеткен арыстан күшігі өзін бағып өсірген анасы сияқты болған мысықты жемекші болады. Мысық дереу ағашқа шығып кетеді.



О, мені асыраған, ақ сүтін беріп өсірген асыраушым мен сені анам сияқты жақсы көремін. Сен неге маған барлық нәрсені үйретіп, ағашқа шығып өрмелеуді неге үйретпедің?- дейді Қажет кезде керек болар деп едім - деп жауап береді. Жоқ, өзін асыраған анасына олай қиындық жасауға болмайды.

Өз ойларын жеткізуге тырысады.


Арыстанның ақыратынын, мысықтың мияулайтынын айтады.

Рефлексиялық - түзетушілік

балалардан қандай ертегі тыңдағандарын, ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнағанын, несімен ұнағанын және жағымсыз кейіпкердің қай қылығы ұнамағанын сұрап, «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» мақал-мәтелді нақыл сөзбен қорытындылау.

Қимылын келтіріп жасауға талпынады.

Ұнаған кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін өз ойымен баяндайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі желісін бұзбай баяндауды;

Игереді: өз ойын ашып жеткізуді;

Меңгереді: жақсы нәрсені үйреніп, жамандыққа жақындамау керектігін біледі.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қоянның туған күні (ойдан ертегі тудыру)

Мақсаты: а) Берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға, онда бірнеше кейіпкердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру, тілек айтуға үйрету.

ә) Бір-бірін сыйлауға, сыйластыққа үйрету. б) Өз тәжірибесінен әңгімелей білу қабілеттерін дамыту.



Сөздік жұмыс: қоян.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптер, сәбіз. Б.Бейсенованың «Туған күн» әнін пайдалану.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жұмбак жасырылады:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Оқу іс әрекетті жұмбақ жасырудан бастап, жауабы табылғаннан кейін қоян туралы әңгімелеу. Балаларды қоян секілді секіртіп, көңілдендіріп сергітіп алу.

Жұмбақты шешуге атсалысады. Қоян туралы өз білгенін ортаға салуға талпынады, Қоянның қимылын салып, сергиді,

Сергіту жаттығуы:

«Қолғабысы күшіктің»

Тақиясын ұшырып

Жел інімді жылатты Сергіту жаттығуы:

«Қолғабысы күшіктің»

Тақиясын ұшырып

Жел інімді жылатты Ұ йымдастырушылық – ізденістік

Бірақ оны к

Әкеп беріп жұбатты.

(А.Сәрсеков)

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).

Бірақ оны күшігі

Әкеп беріп жұбатты.

(А.Сәрсеков)

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).


Демонстрациялық құралмен жұмыс
Жабайы жануарлардың қоянның туған күнінде отырған сәті) Балалардың назарын суретке аударып, жануарлар қандай мерекені тойлап отырғанын сұрау.

Балалардан өздерінін туған күндері жылдың қай мезгілде болатынын, туған күн мерекесі ұнайды ма, ұнаса не себепті ұнайтынын сұрау.


Сергіту жаттығуы «Сұр қоян»

«Ұзын құлақ сұр қоян,



Естіп қалып сыбырды,

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып - ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.»

(Т. Бердияров)



(Тәрбиеші жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату.)

Ойдан ертегі құрастыру:

Сурет бойынша «Қоянның туған күні» тақырыбына ойдан ертегі құрастыруын талап ету.

Ертегідегі туған күндегі көңіл күй, қоянды кұттықтап келген достары, олар қоянға қандай тілек тілегенін кейіпкердің қимыл-қозғалысын, рөлін көркемдеп, сипаттауға бағыттау.
Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі «Құйрығын жоғалтып алған қоянға өз құйрығын табуға көмектес» тапсырмасын орындату.


Суретке қарай отырып қоянның туған күні екенін баяндайды.

Өз туған күндері туралы әңгімелеп, қандай сыйлықтар алғандығын айтады.

Туған күн иесі қоянға қызығушылықпен қарайды.


Қимылын қозғалысын келтіріп отырып жасайды.

Суретке қарап ертегі құрастыруға атсалысады.

«Қоянның туған күні» тақырыбы бойынша суретке қарап, ойдан ертегі тудыруға әрекеттенеді.

Дәптермен жұмыс жасайды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Қоянды туған күнімен балалардың да қолтықтап, жылы лебіздері мен тілектерін білдірулерін өтіну және қоянның сүйікті тағамы сәбізден дәм татқызу.

Оқу іс әрекетті Б.Бейсенованың «Туған күн» әнімен немесе Чебурашка Генаның «Туған күн» әнінің қазақша нұсқасын пайдаланып аяқтау.




Қоянға тілек айтып құттықтайды.
Сәбізден дәм татады.

Әнге бәрі билейді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: берілген тақырыпқа ертегі ойлап табуды;

Игереді: жылы лебіздер тілектер айтуды;

Меңгереді: кейіпкерлер рөлін көркемдеп сипаттауды біледі.
Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қалдың материалдардан құрастыру.

Тақырыбы: Теледидар.

Мақсаты: Тұрмыстың заттарды қайталай отырып, теле­дидар жайлы білімдерін толықтыру, сіріңке қораптарын

қолданып, теледидарға керекті пішіндерді дұрыс таңдап алуға үйрету.



Қажетті құрал-жабдықтар: сіріңке қораптары, түрлі түсті қағаз, желім, қылқалам, сүлгі, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қалдың материалдар, сіріңке қорабы.

Оқу іс- әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Педагог балаларға үлгі суреттерді көрсетіп әңгімелейді, талдау жасайды. Теледидарды сіріңке қорабынан қалай жасалатынын көрсетіп,

түсіндіреді.



Балалар үлгіні қарап,

көреді, сіріңке қораптарын қалай пайдалануға

бола­тынын ойланады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Теледидар туралы педагогтің

шығармашылық әңгімесі: пайдасы

және зияны.

- сіріңке қораптарын алып, оның сыртын түрлі түсті қағазбен жапсыру;

- бетіне әртүрлі суреттерді қиып

жапсыруға болатынын көрсету;

- сым темір мен ермексаздан антеннасын жасауға болады;

- оның ішіне қиылған бейнелерді

орналастырамыз.

Педагог сіріңке қораптарымен жұмыс жасауда балаларға көмек көрсетеді, қағазды қиюда, желімдеуде бағыт береді.

Сіріңке қораптарын түрлі

түсті қағаздың

түстерін таңдай

отырып оны

қорапқа жапсырады. Бетіне түрлі қиылған

суреттерді жапсырады. Антеннасын сым темірлерден ермексазды пайдалана оты­рып жасап, оны теледидардың

үстіңгі бөлігіне орналастырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дайын болған барлық теледидарларды педагог қарап көріп, дұрыс емес жерлерін түзетуге балаларға көмектеседі, еңбек нәтижелеріне тал­

дау жасалады.


Балалардың жасаған теледидарларын қарап

көріп, бірінің

жұмыстарын бірі

бағалайды.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет