Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қол еңбегі



бет22/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қол еңбегі.

Тақырыбы: Ағаштар.

Мақсаты: балаларға шаршы қағаздарды қиғаш және тең екі бөлікке бүктеуді үйрету. Олардың қолданылуы ту­ралы түсінік беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, ағаштар туралы білімдерін толықтыру, ағаштарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз түрлері, түсті қағаз, желім, қайшы, бұйымның үлгісі, ағаштар суреттері.

Сөздік жұмыс: қарағай, қайың, терек, қағаз фабрикасы, ұсақ жаңқалар.



Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойын. Балалар, бізге орманнан кірпі қонаққа келді. Ол бізге әртүрлі қағаз бөлшектерін әкеліпті. Кірпі сендерге осы қағаздардан не жасауға болатынын, оны қалай жа­сау керектігін айтқысы келіп түр. Кірпінің әңгімесі:

- Мен тұратын жерде әртүрлі ағаштың түрлері өседі: қарағай, қайың, терек, шырша, үйеңкі,

жеміс ағаштары т.б. Сендер қағазды ағаштан жасайтынын білесіңдер ме? Бұрын адамдар қайыңның қабығына, саздан жасалған

тақтайшаларға жазу жазған. Ал қағаз ерте заманда болмаған. Оның есесіне қазір қағаздың түрлері өте көп. Ал қағазды қалай жасайды? Оны ағаштан жасайды. Алдымен

ағашты орманнан кесіп алады, сосын бір бұтағын екіншісіне байлайды, осындай үлкен байланған ағаштарды өзенге жібереді де,

қағаз фабрикасына дейін апаратын болған. Ол жерде оны судан шығарып, арнайы машиналармен кеседі, одан ұсақ жаңқалар

шығады. Осы жаңқаларды үлкен ыдысқа салып, желіммен суға араластырып, қою ақ масса болғанға дейін ұзақ қайнатады. Осы массаны ыдысқа құйып суытады. Келесі станоктарда тегістейді, кеседі, буып түйеді. Оны баспаларға жібереді. Міне, қағаз біздің қолымызға жеткенше осындай ұзақ жолдардан өтеді.

Балалар кірпімен амандасады.

Барлығы кірпінің

әңгімесін қызыға

тыңдайды.

Жазғы дала,

жазғы таң, Жасыл

шалғын, жасыл маң.

Ақ бұлаққа мөп-мөлдір

Күн күлімдеп төкті

нұр.

Қолымызды көтереміз,

тербетеміз - бұл

ормандағы ағаштар.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға қағазды ұстап көруді, умаждауды, жыртуды, сытырлатуды ұсыну. Қандай қағаз қатты сытырлайтынын, қайсысы тез жыртылып қалатынын ажыратқызу.

-Балалар, кірпі қайда мекендейді білесіңдер ме?

-Ал, орман туралы сендер не білесіңдер?

-Олай болса алдымыздағы қағаздарды алып, кірпі мен оның достарына өз қолымызбен орман

жасап берейік.

  • Орманды жасау үшін бізге түрлі түсті қағаз бен қайшы, желім керек болады, егер бөріңнің алдыңда жұмысқа керек заттар болса - онда жұмысқа кірісейік.

Ағаштардың жасалу ретін түсіндіру.

Қос бүктеу тәсілімен ағаштарды жасыл түсті қағаздан және діңдерін қоңыр түсті қағаздан бүктеу арқылы жасау жолдарын көрсету.

  • Үлкен жасыл шаршыны қиғаштап бүктейміз.

Бұрыштарын ішке қарай бүктейміз. Бұл - ағаштың жоғарғы бөлігі. Кішкентай қоңыр шаршыны төртке бүктеп екі шетін желімдейміз.

Бұл - ағаштың бұтағы. Ағаштың жоғарғы бөлігі мен бұтағын бір-біріне желімдейміз. Жеміс ағаштарын, шырша және теректі бүктеп жасаймыз.

- Орманда

- Орманда көптеген

ағаштар болады,

сол ағаштардың

арасында көптеген

жан-жануарлар

мекендейді.

- Балалар қол соғып келіседі. Қағазды қос бүктеу, шеттерін бүктеу т.б.

Балалар тапсырманы педагогтің көрсетуімен орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жұмысына жұмбақ шешу арқылы қорытынды жасау. Балалардың жасаған

жұмыстарынан кірпіге орман жасалынады.

Балалар жасаған

ағаштарынан орман

құрастырады,

оның ішіне аңдар,

құстарды орналастырып мазмұн береді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: қағазды қиғашынан бүктей білуді үйренеді, бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапсыруды;

игереді: қағаздың қалай жасалатыны және адам өміріне керек қажеттіліктер туралы түсініктерді;

меңгереді: бүктеу әдіс-тәсілдері арқылы ағаштың жасалу ретін және оны қағаздан жасауды.

27 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: Желкенді қайық.

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуге үйрету және оны кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту, бастаған ісін соңына дейін аяқтап, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: суда жүзетін, аспанда ұшатын, жерде жүретін.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалардан әуеде ұшатын,

жерде жүретін және суда жүзетін көлік

түрлері туралы сұрайды. Балаларға

қайықтың суретін көрсете отырып,

оның құрылымына талдау жасалады.

Балалар көлік түрлерін атайды, қайықты

жасаудың жолдарын ойланады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог алдымен қайықтың суда жүзетін бөлігін қандай құрылыс материалдарынан жасайтынын түсіндіреді:

(Көгілдір түсті қағаздар таратып,

құрылысты осының үстіне орналастыруды ұсынады).

- Екі жалпаң кірпіш және оған бір

үшбұрышты түйістіріп орналастырамыз;

- Осы кірпіштердің үстіне екі жағына

екі кірпіш, артқы бөлігіне бір кірпіш

қоямыз;

- Қайықтың алдыңғы бөлігі сүйір,

үшкір болып келетіндіктен оған

үшбұрышты пайдаланамыз;

- Енді екі жағына екі жіңішке

текшелерді (брусоктар) қою арқылы оның ескегін жасаймыз.

Қайыққа кімді отырғызғысы келетінін балалардың өздеріне ойлануға ұсыныс жасау.

Балалардың құрылысты қалай құрастырғанына басшылың жасалады.

Балалар құрылыс матери­алдарын үлгіге

және педагогтің

көрсетуіне

қарай отырып

құрастырады.

Қайық дайын

болғанда алдарындағы ұсақ ойыншықтардан

таңдап алып, оны суда қайықпен жүзгізеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың құрастырған қайықтарын қарап шығып, олардың сапасына талдау жасалады.

Балалар өздерінің

қайықтарын қалай

жасағанын айтып береді.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет