Орталық азия елдерінің Қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері



бет3/3
Дата02.07.2018
өлшемі186 Kb.
#46022
1   2   3

Қорытынды
Қазіргі таңда Орталық Азиядағы жағдай біршама тұрақталған секілді, бірақ ол тұрақтылық аймақтағы елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік үрдістерінің сипаты мен екпініне байланысты.

Менің пікірімше, аймақтық қауіпсіздікке төнетін ең басты қауіп халықаралық лаңкестік және діни экстремизм идеяларының әсерімен келетін сыртқы қауіп емес. Әрине, сыртқы фактордың рөлін де дұрыс бағалау қажет. Бірақ Орталық Азия қауіпсіздігі үшін ең басты мәселе Орталық Азия республикаларында мүмкін болатын ішкісаяси дестабилизацияға байланысты деген ойдамын. Бұл мәселенің негізгі себебі тұрғындардың негізгі массасының материалдық жағдайының нашарлауының өз жалғасын табуы, экономикалық және саяси реформаларының аяқсыз қалуы, биліктің саяси құрылымдарының тұрақсыздығында. Жағдай, сонымен бірге, саяси билікті бір субъектіден екінші субъектіге берудің өркениеттік‑құқықтық механизмінің жоқтығымен өрши түседі. Андижан мен Бішкектегі оқиғалар осыған бір дәлел болды.

Орталық Азиядағы жағдайды бағалау барысында аймақтағы ұлы және аймақтық державалар саясатының белсендеу түсуін есепке алмауға болмайды, бірінші кезекте АҚШ. Орталық Азияда өз белсенділігін, сондай‑ақ Қытай, Үндістан, Иран, Пәкстан, Түркия және Жапония арттыра түсуде.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрақты орын алып отыратын халықаралық қақтығыстарды реттеу мәселесі аталмыш аймақта да көпжақты болып келеді. Оларды экономикалық, саяси, заңды, географиялық және мәдени‑тарихи өлшемде сипаттау керек. Орталық Азия аймағындағы қақтығыстар мен шиеленістер мәселелесі – жеке мемлекеттердің ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдардың ортақ мәселесі. Бүгінде және келешекте халықаралық қақтығыстарды реттеу мен болдырмаудың басты жолы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты және серіктестікті дамытуда жатыр. Осындай жолмен ғана мәселелерді шешу мүмкін болып табылады. Халықаралық қауіпсіздік саласында аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, әлемнің өзара байланыстылығы Орталық Азия аймағындағы жағдайға ықпал ету үшін аймақтық деңгейде бірігіп шешім қабылдауы керек.

Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі қауіпсіздігі көпдеңгейлі және көп тараптық сипатқа ие, оны тиімді қамтамасыз ету жағдайлар мен факторлардың едәуір санының болуын талап етеді. Аймақтық әлеуметтік жүйелерін әдістеудің негізінде келесідей факторлар – ішкі қауіпсіздік қатерлерінің топтарын ескеру жатыр: әлеуметтік экономикалық (дамудың біркелкісіздігі); тарихи – географиялық (этникалық және конфессиялық алуан түрлілік); аймақ тұрғындарының құқытық саяси дамуының өзіндік ерекшелігі.

Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы интеграцияның тереңдету мүмкіндіктерін қарастыра отырып, ішкі қауіпсіздік қатерлерінің алдында күш біріктіру мен үйлестірудің объективті ықтиярсыз қажеттілігінің авторитарлық басқару тәсілінің, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары қолында билік өкілеттіктерінің шорғырлануының көмегімен ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы интеграциясының деңгейі ең алдымен аймақ мемлекеттерінің арасында осы тақырыптың мазмұны мен мәселілігіндегі айтарлықтай айырмасының болуымен шектеледі.

Сонымен бірге, ішкі қауіпсіздікке көзқарастардың концептуалды жақындығына қарамастан, Орталық Азия елдерінің әлеуметтік және экономикалық даму жағдайларындағы айтарлықтай айырмалар ортақ, бүкіл ортаазиялық аймақ үшін әмбебап ішкі қауіпсіздік әдісін құру туралы әңгіме қозғау мүмкіндігін бермейді. Бірақ орасан айырмашылықтарға қарамастан, Еуропалық Одақ ішкі қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудың әдіснамасы ортаазиялық аймақтық барлық елдері үшін пайдалы және қолдануға лайықты келеді.

Орталық Азия елдерінің ішкі қауіпсіздік саласындағы интеграциясының дамуы үшін сөзсіз пайдалы болатын Еуропалық Одақ тәжірибесіне біз, ең алдымен, еуропалық прагматизмді жатқызамыз, ол «екілік стандарттар» саясатынан көрініс табады – еуропалық үкіметтік емес ұйымдардың дамушы елдерде жүргізіп жатқан адам құқықтары үшін күресі Еуропалық Одақ алдыңғы қатардағы елдерінің геосаяси мақсаттармен, экономикалық және саяси мүдделерімен жақсы үйлестірілетіндігі құпия емес.

Орталық Азия елдері үшін ішкі қауіпсіздік пен интеграцияға осылайша прагматикалық тәсілмен келудің мәнісі – Орталық Азия елдері қатарына кіретін мемлекеттердің өмір сүру салты мен әлеуметтендіруінің орталықтандырылған жүйелі нысанын білдіретін және қорғаушы халықаралық ұйымға мемлекеттердің барынша кең шеңберінің бірігу қажеттілігін ұғынуда. Менің ойымша, интеграциялық үрдістер аймақтың алдыңғы қатардағы екі немесе үш мемлекет көшбасшыларының саяси еркі мен келісімдерінің негізінде емес, АӨКӘК секілді кең ұйымдардың тұғырнамасында дамиды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Акимбеков С. М. Афганский узел и проблемы безопастности Центральной Азии.- Алматы, 1998

2. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана.- М., 1998

3. Байзакова К. И., Губайдуллина М. Ш., Тормышева Б. Л. Представительство Комиссии Европейского Союза в Центральной Азии: основные направления её деятельности// Вестник КазГУ.- Серия «Международные отношения и международное право».- 2000.- № 1-2

4. Внешняя политика Казахстана.- Алматы, Москва,- 1995

Ашимбаев М. С. Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и безопастность.- Алматы, 2002

5. Васильев А. М. Постсоветская Центральная Азия. Потери и приобретения.- М., 1998

6. Ашимбаев М. С. Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и безопастность.- Алматы, 2002

7. Динкевич А. И. Центральная Азия: новые тенденции в экономике.- М.,

1998

8. Дитер Г. Региональная интеграция в Центральной Азии. Сб. ст.- Берлин, 1995



9. Европейский союз: факты и коментарии.- М, 1999.- Вып.2

10. Ибрашев Ж. Европейский Союз и Центральная Азия.- Алматы, 2000

11. Ибрашев Ж. Европейский Союз во внешней политике Казахстана. Алматы, 2001

www.temakosan.net

12. Ибрашев Ж. Центральная Азия во внещней политике Европейского Союза. — Алматы, 2004

13. Исингарин Н. Проблемы интеграции в СНГ.- Алматы, 1998

14. Лаумулин М.Т. Казахстан и Европейское Сообщество. Алматы.// Казахстан- Спектр.-№ 1-2. 1997

15. Лаумулин М.Т. Стратегичиские интересы ЕС и ЦА// Казахстан-Спектр. — Алматы, 1999

16. Лаумулин М.Т. ЕС как новая геополитическая сила// Казахстан-Спектр. — Алматы, 2001

17. Макашева К.Н. Соглашение о партнерстве и сотрудничестве ЕС и РК: основные принципы и направления сотрудничества// Европейский диалог. — 2004. - №4

18. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века.- Алматы, 1996.

19. Нурдавлетова С.М. Интересы Европейского Союза в Центральной Азии // Вестник КазГУ.- Серия «Международные отношения и международное право». — 2006. - № 4-6

20. Омаров М.М. Сохранение стабильности региона ЦА как одно из условий безопасности в Европе // Европейский диалог. — 2003. -№1

21. Internet желісі






Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет