Қосалқы тарихи пәндер және олардың тарих ғылымында алатын орны



бет1/12
Дата07.02.2023
өлшемі41,3 Kb.
#167679
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ктп (копия)


  1. Қосалқы тарихи пәндер және олардың тарих ғылымында алатын орны.

Қосалқы тарихи пәндер белгілі бір тарихи деректерді қолданысқа енгізу үшін арнайы әдістерді қолдана отырып, зерттеуге үйретеді. Қосалқы тарихи пәндер Отандық тарихқа қатысты мәселелерді саралауға бағытталған.
Тарих пәнінің қосалқы салаларына палеография, метрология, нумизматика, хронология, сфрагистика, геральдика және генеология және т.б. ғылым түрлері жатады. Бұл пәндерді әр түрлі қырынан оқып-білу әлемдік тарихтағы тарихи оқиғалардың нақты уақыты мен орнын анықтай білуді үйренуге, тарихты оқып білуде шежіренің, таңбалардың, мемлекеттік белгілердің алатын орнын, зерттеу әдістерін оқытады. Қосымша тарихи пәндер мазмұны белгілі тарихи мәліметтерді байыта түсіп, тарихи оқиғалардың әр алуан деректік көзін саралауға, тарих ғылымын жан-жақты игеруге мүмкіндік береді.

  1. Палеография қосалқы тарихи пән ретінде

Палеография - palaios – «ежелгі» және grajw - “жазамын” деген грек сөздерінен шыққан. Сондықтан бұл ғылым ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды.
Палеография дегеніміз – жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән түрі. Ол ғылыми пән ретінде ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болған.

  1. Хронология пәні мен міндеттері

Бұл сөз грек тілінен шыққан (хронология), «уақыт» дегенді білдіретін χρόνος (хронос) түбірлерінен тұрады және «зерттеу» немесе «ғылым» деп аударатын λόγος (логос).
«Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардық жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет