Қосарланған салықты болдырмау туралы Келісім



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі454,53 Kb.
#35004
1   2   3

Өзара келісу рәсімі

 

1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері оған осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар етіп отыр немесе душар етеді деп есептесе, ол, осы Мемлекеттердің ішкі заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің немесе, егер оның жағдайына 25 Баптың 1 тармағы қолданылатын болса, өзі азаматы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органдарының қарауына бере алады. Арыз Келісімнің ережелеріне сәйкес емес салық салуға душар еткен іс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл ішінде берілуге тиіс.



2. Құзырлы орган, егер ол талапты орынды деп есептесе және өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Келісімге сәйкес келмейтін салық салуды болғызбау мақсатында мәселені басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органымен өзара келісе отырып шешуге ұмтылады. Қол жеткен кез-келген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердің ішкі заңдарында бар қандай да болсын уақыт шектеулеріне қарамастан орындалуға тиіс.

3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары Келісімді пайымдау немесе қолдану кезінде туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күдіктерді өзара келісе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ Келісімде ескерілмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшін бір-бірімен ақылдаса алады.

4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары немесе олардың өкілдері осының алдындағы тармақтарды ұғысуда келісімге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен тікелей байланыс жасай алады. Егер келісімге жету үшін ауызша пікір алуды ұйымдастыру дұрыс болса, мұндай пікір алысу Уағдаласушы Мемлекеттер құзырлы органдарының өкілдерінен тұратын комиссия шеңберінде болуы мүмкін.

 

26-Бап



Ақпарат алмасу

 

1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдары осы Келісімнің ережелерін немесе салық салу Келісімге қайшы келмейтіндей дәрежеде Келісім қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттің ішкі заңдарын орындау үшін қажетті ақпарат алысып тұрады. Ақпарат алысу 1 Баппен шектеліп қалмайды. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңдарының шеңберінде алынған ақпарат секілді құпия болып есептеледі және Келісім қолданылатын салықтарды белгілеумен немесе оларды жинаумен, күштеп өндіріп алумен немесе сот арқылы қудалаумен немесе осы салықтарға байланысты шағымдарды қараумен айналысатын адамдарға немесе органдарға ғана (соның ішінде соттар мен әкімшілік органдарына) жария етіледі. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты тек осындай мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжілісі барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде хабарлай алады.



2. 1 тармақтың ережелері ешбір жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттерге міндеттеме жүктейтіндей пайымдалмауы тиіс.

а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын жүргізу;

b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша немесе әдеттегі әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;

с) қандай да болсын сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін, немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келуі мүмкін ақпарат беру.

 

27-бап



Салық кезінде ұсталған салықты қайтару

 

1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінде басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып саналатын тұлға алатын дивидендтерге, проценттерге, роялтиге немесе басқа табыстарға салынатын салықтар салық кезінде ұстау жолымен алынса, онда бірінші айтылған Мемлекеттің, оның ішкі заңдарында қарастырылған салық мөлшері бойынша, салық кезінде салықты ұстау құқығына осы Келісімнің ережелері әсер етпейді. Табыс көзінен ұсталған салық осы салықтың төмендетілген немесе осы Келісімге сәйкес алынбайтын кездегідей салық төлеушінің өтініші бойынша қайтарылып беріледі.



2. Салықты қайтару туралы мәлімдемелер дивидендтерден, проценттерден, роялтиден немесе басқа табыстардан салық ұсталған күнтізбек жылдан кейінгі төртінші жылдың аяғына қарай берілуі керек.

3. Табыстар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзырлы органының өтініш тапсырушысынан оның резиденті туралы куәлік тапсыруды сұрауы мүмкін.

4. Құзырлы органдар өзара келісу жолымен осы Баптың ережелерін іске асыра алады және қажет болған жағдайда, осы Келісімде қаралғандай, салықты жеңілдетудің немесе салықтан босатудың басқа рәсімдерін белгілейді.

 

28-Бап



Келісімді арнаулы жағдайларда қолдану

 

1. Бұл Келісім Уағдаласушы Мемлекетке салық салудан ауытқуды немесе салық салудан құтылуды болдырмау туралы оның ішкі құқықтың ережелерін қолдануға бөгет ретінде түсінбелуі керек.



2. Егер, проценттер төленетін қарыз талабын жасаумен немесе берумен немесе роялти төленетін құқықты жасаумен немесе берумен айналысатын кез-келген тұлғаның негізгі мақсаты кәсіпкерлік қызметті іске асыруға тән экономикалық себепсіз осылай жасау немесе осылай беру жолымен 11 және 12-Баптардың артықшылықтарын алу болса, онда 11-Баптың 2-тармағындағы және 12-баптың 2-тармағындағы ережелерде ескертілген шек қоюлар қолданылмайды.

3. Егер жоғарыда келтірілген ережелер қосарланған салық салуға жетсе, онда 25-Баптың 3-тармағы бойынша қосарланған салықты қалай болдырмау туралы құзырлы органдар бір-бірімен кеңеседі.

 

29-Бап



Дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық

мекемелердің мүшелері

 

1. Осы Келісімде ешнәрсе де дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық бекеттердің мүшелерінің халықаралық құқықтың жалпы нормаларына немесе арнаулы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілген салық артықшылықтарын қозғамайды.



2. Егер халықаралық құқықтың жалпы қағидалары бойынша немесе арнаулы халықаралық келісімдердің ережелері бойынша дипломатиялық агенттерге немесе консулдық қызметкерлерге берілген салық артықшылықтарына байланысты қабылдаушы Мемлекетте табыстар немесе мүліктер салық салуға жатпаса, онда жіберуші Мемлекеттің осындай табыстары немесе мүлкі салық салуға құқығы бар.

3. 4-Баптың ережелеріне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте немесе үшінші мемлекетте орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің, консулдық мекемесінің немесе тұрақты миссиясының мүшесі болып табылатын жеке тұлға осы Келісімнің мақсаттары үшін жіберуші Мемлекеттің резиденті болып есептеледі, егер:

а) Халықаралық құқыққа сәйкес қабылдаушы Мемлекетте осы Мемлекеттен тыс жатқан көздерден алынған табыстарға байланысты оған салық салуға болмаса; және

b) ол жіберуші Мемлекетте осы Мемлекеттің резиденттері сияқты оның жиынтық табысына немесе мүлкіне салық салуға қатысты міндеттемелерге тартылады.

 

30-Бап



Қосымша құжаттар

 

Қосымша хаттама осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады.



 

31-Бап



Күшіне енуі

 

1. Осы Келісім бекітілуге жатады және бекіту грамоталарымен алмасу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылады.



2. Осы Келісім бекіту грамоталары алмасылған күні күшіне енеді және:

a) 1996 жылдың 1 қаңтарында немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін сомаға қатысты, табыс көзінен ұсталынатын салықтар жағдайында;

b) 1996 жылдың 1 қаңтарында немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез-келген салықтарға қатысты кезеңдерге алынатын басқа салықтар жағдайында, Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуіне де қолданылады.

 

32-Бап



Қолданылу күшін тоқтату

 

Осы Келісім белгісіз ұзақ мерзімге күшінде қала береді, бірақ, әрбір Уағдаласушы Мемлекет Келісім күшіне енгеннен кейін 5 жылдық кезең біткеннен кейін кез-келген күнтізбелік жылдың отызыншы маусымына дейін басқа Уағдаласушы Мемлекетке дипломатиялық арналар бойынша оның қолданылу күшін тоқтату туралы жазбаша хабар бере алады және мұндай жағдайда:



а) қолданылу күшін тоқтату туралы хабар берілгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында немесе 1 қаңтарынан кейін төленетін сомаларға қатысты, табыс көзінен ұсталынатын салықтар жағдайында;

b) қолданылу күшін тоқтату туралы хабар берілгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын салық кезеңдеріне алынатын салықтарға қатысты, басқа салықтар жағдайында, осы Келісім қолданылу күшін тоқтатады.

1997 жылдың 26 қарашада Бонн қаласында әрқайсысы екі данада қазақ, неміс, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің де күші бірдей. Қазақша, немісше, және орысша мәтіндер әртүрлі түсінілген жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.

 


Қазақстан Республикасы

үшін

Германия Федеративтік

Республикасы үшін

 

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы

арасындағы 1997 ж. ____ ________________________ 

«Табыс пен мүлік салықтарына қатысты қосарланған салықты

болдырмау туралы Келісімге»

Хаттама

 

Қазақстан Республикасы мен



Германия Федеративтік Республикасы

 

екі Мемлекеттің арасындағы "Табыс пен мүлік салықтарына қатысты қосарланған салықты болдырмау туралы Келісімге" қол қою кезінде Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын мына төмендегі ережелер туралы келісті:



1. 7-Бапқа қатысты:

а) Егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны тауарларды немесе бұйымдарды сатса немесе басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда осы тұрақты мекеменің пайдасы кәсіпорын алған жалпы соманың негізінде емес, осындай сату немесе кәсіпкерлік қызметке қатысты тұрақты мекеменің нақты қызметіне жататын сыйақының негізінде анықталады.

b) Егер кәсіпорынның басқа Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі болса, контрактар жағдайында, сонымен бірге, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми құрал-жабдықтарды немесе жайларды немесе қоғамдық ғимараттарды зерттеуге, жеткізуге, құруға немесе жинақтауға қатысты мұндай тұрақты мекеменің пайдасы контрактының жалпы құнының негізінде емес, контрактының тұрақты мекеме өзі орналасқан Мемлекетте нақты іске асыратын бөлігінің негізінде анықталады. Осы тұрақты мекемеге жіберілген тауарлардан алынған пайдаға немесе кәсіпорнының бас офисі орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте контрактының іске асқан бөлігіне байланысты пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.

с) көрсетілген техникалық қызметтер үшін, ғылыми, геологиялық немесе техникалық сипаттағы зерттеулер мен ізденістерді немесе инжинирингтік контракттарды қоса, оларға байланысты сызбаларды немесе көрсетілген кеңес беру немесе бақылау қызметтері үшін өтемақы ретінде алынған төлемдер осы Келісімнің 7 бабының немесе 14 бабының ережелері қолданылатын төлемдер болып саналады.

2. 12-Бапқа қатысты:

12-Баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, роялтидің нақты иесіне 12-Баптың 3-тармағында айтылған өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми құрал-жабдықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығы үшін осындай роялти төленетін құқық немесе меншік осы Мемлекеттегі тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен нақты байланыста болса, салық салуды таңдап алуына болады. Мұндай жағдайда, 7-Баптың немесе 14-Баптың ережелері, жағдайларға байланысты, осындай құқыққа немесе меншікке жататын түсімдерді және шегерулерді (амортизацияны қоса) анықтауға қолданылады.

3. 26-Бапқа қатысты:

Осы Келісім бойынша және ішкі құқықтық ережелерге сәйкес жеке тұлғаның дербес хабарымен айыртас болған жағдайда, сәйкес Уағдаласушы Мемлекетке ыңғайлы құқылық ережелерді ескере отырып, келесі қосымша ережелер қолданылады:

а) Мұндай хабарды қабылдаушы Мемлекет оны тек келісілген мақсат үшін пайдалана алады және осындай хабарды берген Мемлекеттің шарттарын орындауы керек.

b) Хабарды алушы Мемлекет берілген хабардың қалай пайдаланылғанын және қандай нәтижелер болғанын хабарды беретін Мемлекетке хабарлайды.

с) Дербес хабар тек сәйкес агенттіктерге ғана беріледі. Хабардың басқа агенттікке кез-келген келесі берілуі мұндай хабарды берген Мемлекеттің алдын ала келісуімен ғана іске асады.

d) Хабардың дәл болуын және оның қажеттілігін және оның берілу мақсатына жеткіліктігін хабарды беруші Мемлекет қамтамасыз етуге міндетті. Ішкі заң бойынша хабарды бергізбейтін кез-келген тыйым сақталады. Егер хабардың қате екендігі немесе берілуге жатпайтын хабардың берілгені белгілі болса, онда бұл туралы хабарды алушы Мемлекетке дереу хабарланады. Мұндай хабарды осы Мемлекет не түзеуге, не құртуға міндетті.

е) Өзі туралы берілген хабарды және бұл хабардың қалай пайдаланатыны туралы сұраған жеке хабарды ашпауға деген қоғамдық мүдде мұндай хабарды ашуға мүдделі жеке тұлғаның мүддесінен үстем болса, онда Уағдаласушы Мемлекет оны басқа Уағдаласушы Мемлекетке беруге міндетті емес. Басқа жағдайлардың бәрінде, жеке тұлғаның өзіне қатысты хабардың бар екенін білу құқығы суверенді территориясында хабар алуға арыз берілген Уағдаласушы Мемлекеттің ішкі заңдарымен реттеледі.

f) Осы Келісім бойынша хабар алысуды берудің нәтижесінде заңсыз зиян шеккен кез-келген тұлғаға қатысты хабар алушы Мемлекет, өзінің ішкі заңдарына сәйкес, жауапкершілікте болады. Хабар алушы Мемлекет зиян шеккен тұлғаға қатысты зиянды шектірген хабар беруші Мемлекет деп дәлел қыла алмайды.

g) Егер хабарды беруші Мемлекеттің ішкі заңдарында жеке хабарды беруді жою туралы қаралған болса, онда осы Мемлекет ол туралы хабарды алушы Мемлекетке хабарлайды.

h) Уағдаласушы Мемлекет жеке хабар берудің және алудың ресми тіркеуін жүргізуге міндетті.

i) Хабарды алушы және беруші Мемлекеттер жеке хабарды оған рұқсатсыз жіберуден, оны заңсыз өзгертуден және рұқсат ашудан қорғайтын тиімді шаралар қабылдауға міндетті.

4. 27-Бапқа қатысты:

10-Баптың 2-тармағы, 11-Баптың 2 және 3-тармақтары, 12-Баптың 2-тармағы бойынша дивидендтер, проценттер және роялти төлемдеріне салық шектелген ставкалармен салынатын немесе салық көз болып саналатын Мемлекетте салынбаған жағдайда, төлеушінің салықты салық көзінде төлемей, жоғарыда аталған салық төлемдеріне сәйкес Бапта қарастырылған ставкалармен ғана табыс көзінде жүргізуіне әрбір Уағдаласушы Мемлекет рәсімдер қарастырады.

5. 28-Бапқа қатысты:

Осы Келісім Сыртқы салық туралы Заңның төртінші бөліміне сәйкес Германия Федеративтік Республикасының резидентінің табыс баптарына қосылатын сомадан Германия Федеративтік Республикасының салық алуына бөгет ретінде түсіндірілмеуі керек.

6. 31-Бапқа қатысты:

Егер бекіту грамоталарымен алмасу 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілмесе:

а) Келісім күшіне енген күнтізбелік жылдың 1-қаңтарында немесе 1-қаңтардан кейін төленетін сомаға қатысты, табыс көзінен ұсталатын салықтар жағдайында;



b) Келісім күшіне енген күнтізбелік жылдың 1-қаңтарынан басталатын салық кезеңдеріне алынатын басқа салықтарға қатысты жағдайда, Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де қолданыла бастайды.


Қазақстан Республикасы

үшін

Германия Федеративтік

Республикасы үшін

 
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет