Қош келдің, Наурыз!



Дата08.06.2018
өлшемі13,73 Kb.
#41464
Қош келдің , Наурыз!

Үш ай қысты артқа тастап , міне, сағындырған көктеміміз де келді. Самарқау дала өміріне бірден әрі көтеріңкі, әрі шапшаң қимыл пайда болды. Сай –салада сірескен қарлар гүрілдеген су тасқынына айналады, дала шуға толады. Табиғат та мезгілдің өзгергенін сездіргендей . Күннің шуағы да басқашалау. Көңіл күйіңді көтеріп, жаныңды жадыратады. Шіркін, көктемнің құдіреті ! Наурыз айындағы мерекелердің бастауы іспетті. Жуырда ғана Алғыс айту күнін , Аналардың мейрамын атап өткенбіз. Одан соң жыл басы Наурыз мерекесі...



Ия, Наурыз қуаныш пен шаттықтың мерекесі. Шаруа мен еңбектің , татулық пен бірліктің мерекесі. Наурыз– өте ертеден келе жатқан мейрам. Бұл мереке күні күн мен түн теңеліп, жан– жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін жер бетіне шаттық орнаған күн . Қазақ елі осы күндері Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. Наурыз күні көрісуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып, төс қағыстырады . Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! деген ақ тілектер айтылады. Наурыз мейрамы қашаннан бері тойланып келеді. Сол дәстүрді № 1 орта мектебінің ұжымы да жалғастыруда. Мектептің тәрбие жұмысының орынбасары Букенов С.Қ бастауымен «Наурыз » мерекесін атап өтуге іс –шаралар белгіленді. Мектепте қалыс қалған ешкім жоқ. Наурыздың он төртінші жұлдызынан мерекелік іс шаралар басталып та кетті. Сынып бөлмелері, дәліздер ұлттық нақышпен безендірілді . Мұғалімдер мен оқушылардың ұлттық үлгідегі киімдер киюлері көз тартады . Салтанат залында қазақтың киіз үйі құрылып, қазақ халқының ұлттық мұраларынан жинақталған көрмені ерекше атап айтуға тұрарлық. Әр сыныпта «Наурыз» мерекесіне сынып сағаттары өткізілуде. Дене тәрбиесінің мұғалімдері 5-11 сыныптар арасында ұлттық ойындар, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, арқан тартудан спорттық жарыстар, 16.03.17 күні жалпы мектептік «Қара жорға», «Қамажай» биімен флешмоб,17.03.17 күні 6-11 сыныптар арасында «Бауырсақ» фестивалі, 14.03.17 күні «Көктемнің кереметі» атты фото көрмесі, «Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз!» атты кітап көрмесі, «Қыз – елдің көркі» атты (қыздардың шаш үлгісі , шаштың өрілуі, ұлттық киім үлгісі, өнері) сайысы, қазақ тілі және тарих пәндерінің ұйымдастырумен «Наурыз нұры» атты тарихи-әдеби кеш, «Көкейімдегі көктемнің көркі...» атты аудандық үздік шығарма байқауы, «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік концерт, «Ұлы Даланың салт-дәстүрлері» атты сайыс өткізіліп, соңында осы өткізілген мерекелік іс –шаралардан бейне фильмдер жинақталады. Осы іс-шаралдардың дұрыс өткізілуіне бағыт-бағдар, жағдай жасай білген директордың оқу ісі бойынша орынбасары Ықыласова С.Т, мектептің ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Мүсабекова Ж.А мен тәрбие ісі бойынша орынбасары Букенов С.Қ, Хумар Алиманның еңбеқтерін ерекше айтуға болады. Бұл тұста барлық ұстаздар мен сынып жетекшілерінің еңбектері зор .Ата–бабаларымыздан жеткен құндылықтарымыз , бар жақсылық өміріміздің қуаныштарына жалғаса бергей деп тілейік. Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын !

Ы.Алтынсарин медалінің иегері ұлағатты ұстаз Шәріпова К.М.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет