«Қош келдің, Наурыз»атты зияткерлік сайыстың сценарийі Мақсаты



Дата08.11.2022
өлшемі21,6 Kb.
#156979
түріСценарий
Байланысты:
наурыз
Көркем еңбек 1-тоқсан 3-сынып, Задания МОДО

«Қош келдің, Наурыз »атты зияткерлік сайыстың сценарийі
Мақсаты: Алған білімдерін саралай отырып, оқушылардың наурыз мейрамына қызығушылықтарын арттыру.
Өткізілген орны: 215 кабинет
/ тақтада мерекенің тақырыбы жазылады, безендірілуі наурыз туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар ілінеді. Шараны 2 оқушы жүргізеді, мереке басталмас бұрын күй ойнап тұрады.Оқушылар жайғасқан соң ортаға жүргізушілер шығады /
Тұлпар:Қайырлы күн құрметті қонақтар, бүгін біздің мектепте мереке! Наурыз мерекесі апталығы!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Дана: Наурыз – жыл басы. Наурыз айының 22-сінде күн мен түн теңеледі. Наурыз парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Бұл күнді ата-бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас – наурыз көже әзірлеген.
Тұлпар: Наурыз мерекесін шығыстың көптеген халықтары тойлайды. Наурызда адамдар ән айтып, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.
Дана: Бүгінгі біздің наурыз апталығы зияткерлік сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 6 - сынып оқушылары қатысады.Сайыс мынандай бөлімдерден тұрады.
1-кезең.Таныстырылым (топқа бөлу, топ атауы: алтыбақан, ою-өрнек, киіз үй және наурыз топтары)
Тұлпар:
2-кезең. «Ана тілі-дана тіл...»мақал-мәтелдердің жалғасын айту сайысы
Дана:_3-кезең'>Дана:
3-кезең.« Ертегілер әлемінде...»(Қазақ фольклорындағы кейіпкерлердің есімін табу)
Тұлпар:
4-кезең. «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан» (6 д класс тақпақ айтады)
Дана:
5-кезең. «Арқан тартыс» сайысы. Бұл сайыста ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сұрақтарға жауап берулеріңіз керек
----------------------------------------------------------------------------------------------------Дана: Ал ендеше сайысымызды бастамас бұрын Тұлпар мен Абылайды ортаға шақырамыз. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра демекші Балбырауын күйін қабыл алыңыздар

2-кезең. 2-кезең. «Ана тілі-дана тіл...»мақал-мәтелдердің жалғасын айту сайысы
1)100 теңгең болғанша, 100 досың болсын
2)Білекті бірді жығар Білімді мыңды жығар
3)Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер
4)Жол мұраты — жету.
5)Досы көпті жау алмайды.
6)Ас тұрған жерде дерт тұрмас.
7) Денсаулық – зор байлық.
8) Сөз қадірін білмеген, Өз қадірін білмейді.
9) Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
10) Мектеп – кеме, Білім – теңіз.
11) Кітап – алтын қазына
12) Күш – білімде, Білім - кітапта
13)Оқу инемен құдық қазғандай.
14) Күлме досыңа – келер басыңа


3-кезең.« Ертегілер әлемінде...» (Қазақ фольклорындағы кейіпкерлердің есімін табу)
1) Қобыланды батыр жырындағы басты кейіпкер Қобыланды жарының есімі? (Құртқа)
2) Ер төстік ертегісіндегі тау қопаратын күші бар алып күш қуат иесі? (Таусоғар)
3)Шықбермес Шығайбайды алдаған кім? (Алдар көсе)
4)Ертегілерде жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер? (Мыстан кемпір)
5)Жиренше шешеннің жарының есімі? (Қарашаш сұлу)
6) Ер төстіктің әкесінің есімі? (Ерназар)
7) Мақта қыз не үшін ашуланады? (Мысық қатықты төгіп тастайды)
4-кезең
«Наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, 6 д класының дайындап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар.


5-кезең сұрақтарға жауап беру.
1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (жаңа жыл)
2. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.(домбыра, жетіген, қобыз ...)
3. Наурызшешек қандай өсімдік?( «Қызыл кітапқа» енген өсімдік)
4. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?(тұсау кесу, бесікке салу, сырға салу, ....)
5. Наурыз тілек деген не? (бата беру, тілек айту)
6. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.(соқыр теке, бәйге, асық)
7. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата (құрт, қаймақ, ірімшік)
8. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата(сәукеле, тақия, бөрік ...)
9.Наурыз мейрамы қай мезгілде тойланады? (көктемде)
10) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің?
(Наурыз төлі)
11) Наурыз көже қалай жасалады?
(7 немесе 9 тағам түрі)
12) Наурызша деген қандай мағына береді?
(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар)
13) Сүттен жасалатын тағамды ата?
(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)
14) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)
15) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)

Би кабыл алыныздар


Дана Осымен Наурыз мерекесі өз мәресіне жетті
Наурыздан наурызға жете берейік

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет