Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулу. Алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келіп қорыту, теориялық білімді практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық, қызығушылық қасиеттерін қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізуін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу
Файл - бұл байттардың аты бар тізбегі. Файлдың аты және кеңейтілуі болады.
Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:
} *.doc, docх - мәтіндік файлдар, MS Word редакторының кеңейтілуі ;
Бумалар - бұл қандай да бip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, бумалар — бұл аты аталған файлдар тобы. Буманың файл сияқты, аты және мөлшері бар. Жаңа бума құру үшін- тышқанның оң жақ батырмасын басып, «создать папку» командасы арқылы құрамыз. Буманың ішіне бума құруға болады.
Бумалар екіге бөлінеді: Жүйелік бума. Жұмыс бумасы
Яғни жарлық – программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез тауып алуға арналған.
Сергіту сәті ұсынады
Практикалық жұмыс
Жұмыс үстелінде «бума» құрыңыз.
Оны ашып тағы да бір бума құрыңыз.
Пуск → Все программы → Стандартные → Paint командалары арқылы Қазақстанның Туын салыңыз.
Файл → Сохранить командасы арқылы салған суретімізді ашқан бумамызға сақтаймыз.
Жұмыс үстеліндегі ашқан бумаларыңыздың атын өзгертеміз.
Жұмыс үстеліндегі ашқан бумаларыңыздың жарлығын құрыңыз. Сол буманың үстіне тұрып тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «создать ярлык» арқылы жарлық жасау керек.
Ашқан бумасы тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы жойыңыз.