«Қош, сүйікті Әліппем!» Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. Мақсаты


Инара:Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ? Мирас|



бет4/8
Дата12.01.2023
өлшемі51,48 Kb.
#165376
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
әліппе қош сценарий

Инара:Қуыршақ: Қайдан келдің бауырсақ?
Мирас|:Бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан.
Инара Қ: Дүкенге келдің қай жақтан?
Мирас Б: Наубайдан келдім нан жапқан
Инара Қ: Наубайға келдің қай жақтан?
Мирас Б: Диірменнен келдім ұн тартқан.
Инара Қ: Диірменге келдің қай жақтан?
Мирас Б: Даладан келдім кең жатқан?
Жер анам,менің көсілген,
Диқандар мені өсірген,
Арғы тегім ақ бидай
Тәттімін жеп көр.
Жесең өзің байқарсың?
Рақметіңді айтарсың
Айырылмас дос болайық,
Адамға достық лайық!
Менің атым-бауырсақ,
Сенің атың- қуыршақ. 


Мейірім: «Әліппе» даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.
Аян: Оқитын, әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.


Нұрсезім: Қыркүйекте келдім де, 
Сыныпқа кірдім қуанып. 
Қарсы алды ұстаз мейірмен 
Қадамымды құп алып. 
Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 

Таныстырар әріппен,


Мынау кітап әліппең,
Әліппе деген аты оның
Басталған ә әрпінен.
Іңкәр:Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.


Мансұр: Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.


Әліппе:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!
Ән: «Рахмет саған, Әліппе!»
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Мен қойған сұрақтарға тек оң қолыңызды көтеріп жауап бересіздер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет