Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999)



Дата19.05.2023
өлшемі390,38 Kb.
#177156
түріҚұрамы
Байланысты:
6. Р.Қошқарбаев
1 мамыр (pdf.io)










Қошқарбаев Рақымжан (1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999).
1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.
1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.
1944 ж. қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.
Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,
1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.









Ерлік – қаһармандықтың сын са­ғатта найзағайдай жарқ еткен көрінісі, ал оның негізінде асыл тек пен қайсар рух жатады.






Жеңіс! Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды,

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды.

Ақбоз атты балалар сүйіншілеп,

Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.

Қыран құсым көк аспанға самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыратып туған жердің таңбасын.
 
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.

Жарақат алғандардың күшіменен,

Өркендеттік өмір менен өнерді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет