«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы



бет68/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.
Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан камбий сақинасы түзіледі. Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай ,ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді..Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.
Сонымен,анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді:
1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы
2.Перициклден феллогеннің пайда болуы
3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі
4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынанколлатералдыққа ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет