«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»


Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар



бет69/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар : 1. суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады. 2. өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 3. тамырда кейбір органикалық заттар синтезделеді.. 4. тамырда қор заттары жиналады. 5. топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар, бактериялармен үйлесіп селбеседі. 6. вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.
Минералды заттарды ксилемаға тасымалдау.
Жас өркен мен жапырақта түзілген органикалық заттар
мен тамыр арқылы сорылған су мен минералды заттарды
өсімдік бойымен тасымалдау қызметін атқаратын ұлпа
өткізгіш ұлпа деп аталады.
Өсімдіктерде өткізгіш жүйесінің 2 бөлігі болады. Олар:
ксилема(сүрек) және флоэма( тін) немесе жоғарғы және
төменгі ағыс жолы.
Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан
сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың
ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері
мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын
жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше
тәрізді, оны трахеида деп те атайды.
Трахеидтер- созылыңқы, өлі, цитоплазмасы жоқ,
сүректенген қабықшасында саңылаулары бар
жасушалар түрі. Саңылаулы мембрана арқылы
ерітінділер фильтрацияланады. Трахеидтер
арқылы заттар баяу қозғалады. Ксилеманың
трахеидтер түрі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде:
қырықбуындарда, плаундар, папоротниктер мен
ашық тұқымдыларда кездеседі.
Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің
нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан
басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне
таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар
сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі
түтіктері арқылы қозғалады.Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның
серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша
қабықшасының жан-жағына орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет