Өсімдіктерде ауру қоздыратын


Денсаулық – жер бетіндегі әрбір адам үшін басты құндылық



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#189561
1   2   3
Байланысты:
дезинфекция
Тамыз секция 2022 дәптер, Анафилактический шок, тест пед, Суретті таңдап өзіңізді таныңыз (психологиялық тест), Грант иегерлерінің тізімі 2023 2, асқазан -ішек жолдары, Холинергиялы заттарды жіктелуі. М ж не н – холиномиметиктер не, рп-Фельдшер-каз
Денсаулық – жер бетіндегі әрбір адам үшін басты құндылық, ал тазалық, оның кепілі ретінде, кішкентай кезінен бастап белгілі, үйді тазарту – микроорганизмдермен күрестегі басты шаралардың бірі, ал бактериялар мен вирустармен сапалы күресу үшін дезинфекция қажет.
Залалсыздандырудың тәсілдері[]

  1. Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.

  2. Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгінрадиациялықлазерлік сәулелерменультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.

  3. Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілерформалинхлорхлорлы әкнатрий хлоридіхлораминфенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.[1]


Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді; өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру: 1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде; 2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.

Дезинфекцияны жүргізу тәртібі


5. Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар ауруларының таралу ошағы пайда болған жағдайда мәжбүрлі дезинфекция жүргізіледі. Мәжбүрлі дезинфекция кезінде ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
6. Профилактикалық дезинфекция жануарлар аурулары қоздырғыштарының енуі мен таралу қатерін болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде жүргізіледі.
7. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізеді.
8. Жануарларды жайылым алаңдарында жыл бойы ұстау кезінде, мал шаруашылығы үй-жайларын пайдалану процесінде жануарларды ұстауға арналған жеке үй-жайларды профилактикалық дезинфекциялау тиісті технологиялық циклдар аяқталғаннан және жануарлардан босатқаннан кейін жүргізіледі.
9. Ұйымдасқан өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жануарлардың өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі.
10. Дезинфекциялық жұмыстардың жоспарында негізгі өндіріс объектілерді дезинфекциялаудан өткізудің мерзімі, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялық және жуатын құралдарға, дезинфекциялық және жуатын техникаға деген қажеттілік, дезинфекцияның сапасын бақылау әдісі көзделеді.
11. Дезинфекция жүргізу алдында дезинфекциялауға жататын бетті мұқият механикалық тазартуды жүргізеді.
12. Құстарды торда және жайылымсыз ұстау кезінде үй-жайды дезинфекциялауды әрбір ретте құстардың жаңа топтамасын қояр алдында жүзеге асырады:
жайып бағатын құс қораларында – жылына екі рет;
терең төселген төсемде ұстау кезінде – жылына бір рет оны ауыстырған кезде;
инкубаторийларды жұмыртқаларды инкубациялау алдында және аяқтағаннан кейін дезинфекциялайды.
13. Қояндар мен мамық жүнді аңдарды ұстауға арналған үй-жайларды технологиялық цикл кезеңінде босатылуына қарай дезинфекциялайды.
14. Кезеңділікпен қолданылатын мал шаруашылығы көрмелерінің орындарында дезинфекция жануарларды әкелу алдында және оларды алып кеткеннен кейін жүргізіледі.
15. Карантинге қою кезінде жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды (алаңдарды) жануарлардың кезекті топтамасының карантинге қою мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір рет дезинфекциялайды.
16. Азық цехтарының үй-жайларын айына бір реттен жиі емес, жемшөп өткізгіш бункер-араластырғышты, жемшөп дайындауға және үлестіруге арналған жабдықтарды және азықтандыратын орындарды (жеке үй-жайда азықтандыру кезінде) – аптасына бір рет дезинфекциялайды, ал әрбір жемшөп дайындаудан (таратудан) немесе азықтандырудан кейін сумен жуады.
17. Сою пунктерінің (сою алаңының) үй-жайларын дезинфекциялаудың кезеңділігі оларды пайдалану ерекшелігін ескере отырып белгіленеді.
18. Ұшаны бөлу кезінде инфекциялық ауруларға күдік туындаған сою пунктінде (сою алаңында) дезинфекцияны күнделікті ауысымның соңында және әрбір рет жануарларды сойып болғаннан кейін жүргізеді.
19. Сою пунктінің (сою алаңының) барлық жабдықтарын бір уақытта дезинфекциялайды.
20. Аяқ киімді дезинфекциялау үшін өндіріс ғимаратының кіре берісінің барлық енін дезинфекциялық ерітіндімен толтырылған зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін ваннамен жабдықтайды. Ғимараттың ішінде әрбір оңашаланған секцияның кіре берісіне поролонмен, үгіндімен немесе басқа эластикалық материалмен толтырылған, үй-жайларды дезинфекциялауға пайдаланылатын дезинфекциялық ерітіндіні жақсы сіңірген дезинфекциялық кілемше орнатылады.
21. Мал шаруашылығы үй-жайларын немесе өндіріс объектілерінің өндірістік аймағы аумағындағы басқа да объектілерді салу, күрделі жөндеу, қайта жаңарту аяқталғаннан кейін пайдалануға беру алдында тікелей оларды іске қосу алдындағы тазалаудан немесе дезинфекциядан өткізеді.
22. Мәжбүрлі дезинфекцияны (ағымдағы және қорытынды) инфекцияның бастапқы ошағын оқшаулау, патогенді микроорганизмдердің сыртқы ортада жиналуын және олардың шаруашылық ішінде және одан тыс жерлерде таралуын болдырмау мақсатында жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыз өндіріс объектілерінде жүзеге асырады.
23. Ағымдағы дезинфекцияны сыртқы орта объектілерінің патогенді микроорганизмдермен контоминациясын төмендету және өндіріс объектісінің ішінде жануарлардың қайта жұқтыру және одан тыс жерлерге аурулардың таралу қаупін азайту мақсатында өндіріс объектілерін сауықтырудың барлық уақыты ішінде кезең-кезеңімен жүргізеді.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Ағымды дезинфекциялауды жүргізудің кезеңділігін және зарарсыздандыруға жататын объектілірдің тізбесін аурудың сипатын, осы ауру бойынша эпизоотиялық ахуалды, өндіріс технологиясының ерекшелігін, табиғат-климаттық жағдайларды және қолайсыз пункттің немесе оның орналасу аймағының басқа да ерекшелігін есепке ала отырып анықтайда.
25. Қорытынды дезинфекцияны өндіріс объектілерінде ауру жануарлардың бөлінуі тоқтағаннан кейін және инфекциялық аурулар қоздырғышының көзін жоюға кепілдік беретін іс-шаралар орындалғаннан кейін жүргізеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Ластанудың сипатына, дәрежесіне, түріне және дезинфекциялау
26. Дезинфекция жүргізу кезінде өндіріс объектісінің сипаты, дезинфекциялауға жататын патогендік микробтардың сыртқы ортадағы тұрақтылығы, сондай-ақ дезинфекциялық заттардың қасиеті және әртүрлі ортада әртүрлі температуралық жағдайларда патогендерді зарарсыздандыру қабілеттілігі ескеріледі.
27. Тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын бастар алдында үй-жайларды жануарлардан босатады, судың және дезинфекциялық ерітіндісінің әсерінен бұзылатын жабдықтарды одан шығарады немесе полиэтилен пленкамен жабады, беттерді дезинфекция ерітіндісімен ылғалдайды, содан кейін қырғыштың және су ағынының көмегімен көңнің, жемшөп қалдықтарының және басқа да ластанулардың негізгі көлемін тазартады.
28. Өндіріс объектілерін дезинфекциялау алдында зарарсыздандыруға жататын барлық беттерді механикалық тазартудан өткізеді.
29. Ластанудың сипатына, дәрежесіне, түріне және дезинфекциялау мақсатына байланысты механикалық тазартуды ластанған учаскелердің бетін жуатын және дезинфекциялайтын заттардың ерітінділерімен (құрғақ тазарту) немесе одан кейін (сулы тазарту) алдын ала ылғалдаусыз жүргізеді.
30. Дезинфекциялауға дайындау кезінде аз ластанған беттер және ылғалдауға жатпайтын объектілер (электр қондырғылары, жарықтандырғыш аспаптар, жабдықтардың кейбір түрлері) құрғақ тазартуға ұшырайды.
31. Негізделген жағдайларда тазартылытын беттерді сумен немесе дезинфекциялық заттар ерітіндісімен ылғалданған шүберекпен сүртеді.
32. Үй-жайды, жабдықтарды, мүкәммалды және өзге де объектілерді химиялық дезинфекциялық заттар ерітіндісімен біркелкі суару жолымен өндейді.
33. Тазартуды аяқтағаннан кейін қажет болған жағдайда үй-жайды және ондағы жабдықтарды жөндейді. Бұл ретте қабырғалардағы, едендердегі және аралық қабырғалардағы ойықтарды, жарықтарды және басқа да бұзылуларды тиісті материалдармен бітейді. Жарамсыз ағаш еденді жаңа еденге ауыстырады.
34. Үй-жайды және технологиялық жабдықтарды механикалық тазартуды, жөндеуді аяқтағаннан соң еденді сумен қайта жуады, жем салатын ақырларды, астауларды, қи шығаратын каналдарды судан босатады, ғимаратты (үй-жайды) беттерден артық ылғалды жою үшін желдетеді және кептіреді.
35. Жиынтық ауданды айқындау үшін дезинфекциялық ерітіндімен ылғалдауға жататын мал шаруашылығы үй-жайлары мен басқа объектілер едендерінің, қабырғаларының, төбелерінің, аралықтарының, жабдықтардың барлық элементтерінің сыртқы және ішкі беткейлерінің ауданы есепке алынады.
36. Үй-жайдың беттерін дезинфекциялық ерітінділермен келесі тәртіппен суарады: алдымен, бөлменің соңынан бастап станок тұрған еденді, станоктар арасындағы қоршауларды, жабдықтарды, қабырғаларды, содан кейін төбені және өту едендерін біркелкі ылғалдайды.
37. Дезинфекциялық ерітінділерді енгізгеннен кейін объектіні үш сағатқа жауып қояды, экспозиция мүмкіндігіне қарай алты-он екі сағатқа дейін ұлғайтады.
38. Дезинфекция аяқталғаннан кейін объектіні препарат иісі толық кеткенше желдетеді.
39. Дезинфекцияның сапасын айқындау мақсатында ветеринариялық зертханаларда зерттеулер жүргізіледі. Осындай зертханалық зерттеулердің нәтижесі қосымша дезинфекция жүргізу үшін негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет