Өсімдіктердің классификациясы


Фитоценоздардың физиономиялық классификациясы



бет2/2
Дата09.11.2022
өлшемі23,44 Kb.
#157348
1   2
Байланысты:
7-лекция
1 рубежный контроль
Фитоценоздардың физиономиялық классификациясы
Бұл классификацияда фитоценоздардың физиономиялық белгілері классификация критериясы ретінде алынады. Майда масштабты геоботаникалық карталарды құрастырғанда физиономиялық белгілерді пайдалану өте ыңғайлы мыс : ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен жасалып жатқан жер шарының геоботаникалық картасының легендасы физиономиялық белгілері негізінде жасалған. Қазіргі кезде аэрофотосъемканың және космостан түсірудің мәліметтерін кең пайдалануға байланысты фитоценоздардың физиономиялық классификациясының мүмкіншіліктері бұрынғыдан да артып отыр, өйткені ол мәліметтерді дешифровка жасау үшін өсімдіктердің физиономиялық белгілері пайдаланылады. Ассоциацияны физиономиялық тұрғыдан түсіру геоботаникаға В.Н.Сукачевтің (1928 -1934) ормантану туралы жұмыстарына келіп шығып өсімдіктер жабындарының бас типтеріне тарады. Бірақ физиономиялық түсінік шалғындық өсімдіктердің доминанттар негізге алып классификациялау олардың доминанттарының ауысып отыруына байланысты жақсы нәтиже бермеді.
Фитоценоздардың флоралық классификациясы
Бұл бағыттың негізін салған Браун – Бланке, мұнда негізгі диагностикалық белгілер (критериялар) флоралық белгілер алынады. Қазіргі кезде фитоценоздардың барлық классификациясы дүние жүзінде көп тараған 1981ж Уфа қаласында фитоценоздарды флоралық классификациялаудың әдістеріне арналған өсімдік жабындарын классификациялаудың бүкіл одақтың VI кеңесі болып өтті. Кеңесте өсімдіктер жабынының таксономиялық бірліктерінің негізгі критерий ретінде флоралық құрамы қабылданады. Браун – Бланке (1964) бойынша флоралық құрамы негізінде фитоценоздарды географиялық, тарихи –географиялық және экологиялық тұрғыдан сипаттауға болады. Сондықтан әртүрлі аймақтарда өсімдіктер жабындарын жазғанда олардың флорасының жақсы толық зерттелуі, өсімдіктер түрінің тізімін жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Браун – Бланке характерлі түрлер табу әдістерін жете зерттеді. Браун – Бланке “сенімді түрлер” деген түсінік енгізді. Сенімді түрлер – түрлердің көп жағдайда бір синтаксонда кездесетін қасиеті Браун – Бланке түрлердің сенімділігінің шкаласын ұсынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет