Основы массопередачи


ҚАТТЫ ДЕНЕ-СҰЙЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКСТРАКЦИЯ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЕРУ



бет24/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
қосымша

ҚАТТЫ ДЕНЕ-СҰЙЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКСТРАКЦИЯ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЕРУ
5. Жалпы мәлімет


Кеуекті құрылымды күрделі қатты заттардан бір немесе бірнеше компоненттің бөлінуі - қатты - сұйық жүйелердегі экстракция болып табылады. Бөлінетін компонент қатты заттың саңылауларында қатты немесе ерітілген күйде болады (ХІІІ-26 сурет). Бірінше жағдайда қатты фазаның бөлінуі жүреді, яғни бөлінетін компонент ақырындап сүйықтықта ерітіледі, ол бастапқы күрделі қатты заттардың саңылауларына өтеді жэне сұйықтықтың алдымен сыртқы бетіне содан кейін негізгі массасына диффузияланады. Екінші жағдайда ерітілген заттың бөлінуі орындалады, яғни ол қатты заттың саңылауларынан негізгі сұйық массасына диффузияланадыды.
Бөлінетін компоненттің қай күйде болмасын саңылауда қатты заттың қаңқасы өзгеріссіз қалады да экстрагирлену процесінде инертті тасымалдағыш рөлін атқарады.
Химиялық технологияда сұйықтықта қатты заттардың еру процесі кең қолданылады. Ерітілу - ерітілетін заттан тұратын қатты заттың бетінен ерітіндіге өтуі. Сонымен, экстракциямен айрмашылығы, мүнда ерітілетін қатты заттың инертті қаңқасы болмайды.
Жоғарыда көрсетілген механизмдерден, экстрагирлеу процесі бөлінетін заттың ішкі жэне сыртқы диффузионды кедергіден өтуі керек. Біріншісі - қатты заттың саңылау ішінен сыртқы бетке диффузиялануы, екіншісі - сыртқы бетінен сүйықтықтың негізгі массасына диффузиялануы. Ерітілу кезінде тек сыртқы диффузионды кедергіден өту жүргізіледі. Сондықтан ерітілу процестері жылдам жүреді.
Химиялық технологияда қатты заттан экстракциялауда таңдамалы еріткіш ретінде су немесе анорганикалық қышқылдардың сулы ерітіндісін алады; осы кезде бөлу процесс сілтілену деп аталады.
Сілтілеу минералды шикізаттың химиялық өңдеудің бірінші кезеңі болып табылады, бүл кезде бағалы компонентті бөліну процесі жүреді. Бастапқы қатты материал мен алынатын еріткіштің әрекеттесуінен әдетте гетерогенді ағынды жүйе - пульпа пайда болады.
Ерітілу әртүрлі химиялық процестерде жүргізіледі, өйткені жеткілікті дәрежеде ерітілген кезде диссоцирленген күйде жылдамдығы және ерітілген заттың молекулаларының химиялық белсенділігі жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет