Основы массопередачи


Материалды пневмотасымалдайтын конвективті кептіргіштер



бет32/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
қосымша

Материалды пневмотасымалдайтын конвективті кептіргіштер.
Пневматикалық кептіргіштер. Түйіршікті және кристалды мтериалдарды кептіру үшін қолданылады. Кептіру ұзындығы 20 м тік түтікте жүзеге асырылады. Материал бөлшектері қыздырылған ауа ағынымен бірге жылжиды, ауа жылдамдығы 10-30 м/с. Мұндай түтік-кептіргіштерде кептіру процесі секунд ішінде жүреді және бұндай қысқа мерзімде материалдан ылғалдың бір бөлігі ғана буландырылады.
XV-28 суретте көрсетілген пневматикалық кептіргіште материал (1) бункерден (2) қоректендіргіш арқылы (3) түтікке беріледі және ол (4) желдеткішпен айдалатын, (5) колориферде қыздырылатын ауа ағынымен жеткізіледі. Ауа кептірілген материалды (6) жинағыш-амортизаторға, сосын (7) циклонға түсіреді. Циклонда ауа материал бөлшектерімен бөлінеді. Кептірілген материал (8) жүк шығаратын құрылғымен алынады. Ал ұсталынған ауа толық тазалануы үшін (9) фильтр арқылы өтіп, атмосфераға шығарылады. Энергиі шығыны бұл құрылғыда жоғары және ол бөлшектердің мөлшері кішірейгенде азаяды, бөлшектер мөлшері 8-10 мм-ден аспауы қажет.


Контактылы кептіргіштер

Вакуум-кептіргіш шкафтар. Қарапайым контактылы периодты әрекет ететін кептіргіштерге вакуум-кептіргіш шкафтары жатады. XV-29 суреттегі вакуум-кептіргіш шкаф цилиндрлі камера (1), оған жарық плиталар (2) орналастырылған, ол ішінен бумен немесе ыстық сумен қыздырылады. Кептірілетін материал плиталарда құрылған латоктарды болады. Жұмыс кезінде камера герметикалық жабық және вакуум тудырушы құрылғымен қосылған (вакуум-насостар, конденсатор). Материалды толтыру және алу қолмен жүргізіледі. Вакуум-кептіргіш шкафтарда жеңіл тотығатын, жарылсқа қауіпті және зиянды немесе бағалы буларды бөлетін заттарды кептіруге болады. Бірақ олардың өнімділігі төмен, нәтижелігі төмен, себебі кептіру қозғалыссыз қабатта өтеді.
Қалақты вакуум-кептіргіштер. Бұл периодты әректет ететін контактылы кептіргіштерде кептіру жылдамдығы көлденең қалақты араластырғышпен материалды араластырғандықтан ұлғаяды және мұнда материалды алу мен салу қолмен істелмейді. Қалақты кептіргіш (XV-30 сурет) цилиндрлі корпустан (1) булы жабыннан (2) және араластырғыштан (3) тұрады. Араластырғыштың қалақшалары валға өзара перпендикулярлы бекітілген; барабан ұзындығындағы бір жартысында араластырғыш қалақшалары бір жаққа иілген, ал кеесі жартысында қарама-қарсы иілген. Сонымен бірге араластырғыш реверсивті кептіргішке ие. Ол әрбір 5-8 мин. оның айналу бағытын автоматты түрде өзгертеді. Сондықтан, араластырғыш жұмыс істегенде материал (4 люк арқылы салынған) периодты түрде шетінен барабанның ортасына жылжиды және кері бағытта.
Араластырғыштың валы жазық бола алады және ол арқылы да кептірілуші материалды қыздыруға болады. Қалақшалар арасындағы жеңілқозғалатын түтіктер (5) түйіршіктердің бұзылуын қамтамасыз етеді және материалды қосымша араластырады. Кептірілген материал (6) люк арқылы шығарылады. Кептіргіштің корпусы беттік немесе барометрлі конденсатормен және вакуум-насоспен қосылған.
Кептіргіштің тиімділігі қыздырумен будың температурасынан, материалдың бастапқы ылғалдылығынан тәуелді. Олар жоғары температураға сезімтал, улы және жарылғыш заттарды кептіргенде тазалығы жоғары кептірілген өнімдерді алуда, материалдан бөлінетін еріткіштер буларын ұстау қажетболғанда қолданылады.
Вальцті кептіргіштер. Бұл кептіргіштерде сұйықтарды немесе аққыш паста тәрізді материалдарды атмосфералық қысымда үздіксіз кептіру жүзеге асырылады. Химиялық өндірісте қолданылатын екі вальцті кептіргіштердің (XV-31) негізгі бөлігі – вальцтар (2 және 3), олар (1) жабында бір-бріне қарама-қарсы баяу айналады. Жоғарыдан вальцтар арасына үздіксіз кептірілетін материал беріледі. Қыздырушы бу әрбір вальц ішіне жарық ...... арқылы түседі, бу конденсатты (4) сифонды түтік арқылы шығарылады. Буды енгізу немесе конденсатты шығару жағынан қарама-қарсы кептіргіш (5) іске асырылады. Вальцтар ыстық сумен немесе жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштарымен де қыздырылады. Материал вальцтар бетін жұқа қабатпен жабады, олардың қалыңдығы вальцтар арасындағы саңылау мөлшерімен анықталады. Әдетте саңылау ені 0,5-1,0 мм және қозғалыссыз орналастырылған басты вальцқа (3) қатысты қозғалысты подшипниктері бар жүргізуші вальцтің (2) жылжу жолымен реттеледі. Материалды кептіру жұқа қабатта вальцтің толық емес бір айналымында жүзеге асады. Кептірілген материал жабыны пышақпен (2) алынады. Материал қабаты неғұрлым жұқа болса, ол жылдам және біркелкі кептіріледі. Бірақ кептіру мерзімінің қысқалығына байланысты материал толық кептіріледі. Бұл үрдіс буымен қыздырылатын (толық кептіргіштер) көлденең латоктарда жүзеге асырылады. Кептіргіште материал вальцтан кейін біртіндеп әуелі жоғары кептіргішке (7), сосын (8) кептіргішке келіп түседі.
Бір вальцті кептіргіште (XV-32) бір ішінен қыхдырылған жазық барабан (вальц) айналып тұрады. Оның үстінде араластырғышы бар қоректендіругі құрылғы (суретте көрсетілмеген) болады. Материал осы құрылғыда араластырылып жұқа қабатпен (қалыңдығы 1-2 мм) вальцке жағылады. Басқа жағынан кептіргіштің жұмысы екі вальцті кептіргішпен бірдей.
Барабанды контактылы кептіргіш. (XV-34) Барабанды кептіргіште жандырғышта (1) алынған жанғыш газ қабырға арқылы беріліп, барабанды (2) сыртынан жылытады, содан кейін ішкі цилиндр (3) арқылы өтеді де, (4) желдеткішпен сорылады. Кептірілетін материал барабан (2) мен цилиндр (3) арасындағы сақиналы кеңістікпен солдан оңға жылжиды. Сыртқы ауа қыздырусыз сақиналы кеңістікке жіберіледі және материалға қарсы қозғалады. Ауаның жылытуы барабанның ішінде өтеді. Мұндай кептіргіштер кептірілетін материалды жанар газбен ластамау керек жағдайда қолданылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет