Основы массопередачи


Гидродинамикалық режимдер



бет7/36
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
қосымша

Гидродинамикалық режимдер. Саптамал абсорберлер әр түрлі гидродинамикалық режимдерде жұмыс істеуі мүмкін. Бұл режимдер суланатын саптаманың гидравликалық кедергісінің газдың бағанадағы жылдамдығынан тәуелділігін көрсететін графикте (XI-13 суреті) айқын көрінеді.
Бірінші режим–қабықшалы–суландырудың төмен тығыздығы мен газдың төмен жылдамдығында байқалады. Бұл режимде саптамадан қалатын сұйықтық мөлшірі газ жылдамдығынан тәуелді емес. Қабықшалы режим ілінбелі нүктесі деп аталатын бірінші ауыспалы нүктеде өтеді (А нүктесі XI -13 сурет).
Екінші режим – іліну режимі. Фазалардың қарсы ағыны негізінде газ сұйықтық арқылы үйкеліс күшінің өсуі салдарынан фазалар түйісу бетінде сұйықтың газ ағыны әсерінен тоқтауы пайда болады. Осының нәтижесінде сұйықтың ағу жылдамдығы төмендеп, оның қабықшасының қалыңдағы және саптамада қалатын сұйықтық мөлшері артады. Асылу режимінде наз жылдамдығымен сапаманың суланған беті ұлғайып, сәкесінше масса тасмалдау процесінің интенсивтілігі артады.Бұл режим екінші ауысу нүктесінде бітеді (В нүктесі XI -13 суреті), ілінбелі режимінде қабықшаның тыныш ағуы бұзылады: құйындар пайда болады, яғни барботажға өту шарттары пайда болады. Осының бәрі масса алмасудың қарқындылығын арттырады.
Үшінші режим – эмульгациялау режимі- қондырманың бос көлемінде сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде пайда болады. Сұйықтықтың жиналуы төмен ағып жатқан сұйықтықпен бағана бойымен көтерілетін газ арасындағы үйкеліс күші саптамадағы сұйықтықтың ауырлық күшімен теңеспегенше жүреді. Осы кезде фазалардың айналуы немесе инверсиясы (сұйықтық тұтас ваза , ал газ дисперсті фаза болады) пайда болады. Сыртқы көрінісі бар блтажды қабатқа немесе газ сұйықтың дисперсті жүйесі түзіледі. Эмульгациялау режимі толтыру тығыздығы бағаннан қыймасы бойынша бір келкі болмайтын саптамманың тар ұшында басталады. Газ беруінің тиянақты қадағалау арқылы эмульгациялау режимі саптаманың бүкіл биіктігі бойынша орын алу мүмкін. Осы кеде бағананың гидрабликалық кедергісі күрт өседі (XI -13 суретте бұл режим вертикальді кесінді ВС сипатталған)
Эмульгациялау режимі қондырмалы бағаналардың максималды эффективтілігіне сәйкес келеді, бұл негізінде осы жағдайда тек қондырманың геометриялық бетімен ғана емес, қондырманың бүкіл бос көлемін толтыратын сұйықтағы газдың ағындары мен көпіршіктерінің бетімен анықталатын фазалар беттесу бетінің өсуі есебінен болады. Алайда, бағана мұндай режимде жұмыс істегенде оның гидравликеалық кедергісі салыстырмалы үлкен болады.
Егер гидравликалық кедергінің өсуі аса маңызды болмаса, іліну және эмульгациялау режимдерінде жұмыс істеу мақсатты. Атмосфералық қысымда жұмыс істейтін абсорберлер үшін гидравликалық кедергі өте үлкен болуы мүмкін, бұл қабықшалы режимде жұмыс істеу қажеттілігін туғызады. Сондықтан әрбір дербес жағдайда эффективті гидродинамиканың режимді тек техникалық экономикалық есептеу жолымен ғана орнатуға болады.
Кәдімгі қондырмалы бағаналарда эмульгациялау режимін сақтау өте қиын. Эмульгациялық деп аталатын батырылған қондырмасы бар қондырмалы бағаналардың арнайы құрылғысы болады (ХІ-14-сурет). Қабықшалы режимдерде жұмыс істейтін саптамалы абсорберлердің жүктелу шегі эмульгациялау немесе инверсия нүктесі болып табылады. Кәдімгі қондырмалы бағаналарда эмульгациялау режимі тұрақсыз болады және бірден алқынып кетеді. Сондықтан осы нүктені қондырмалы бағаналардың алқыну нүктесі деп атайды. Жүктелу шегіне сәйкес келетін W3 газ жылдамдығы келесі теңдікпен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет