Осөж тексерген: Исибаева Е. И орындаған: Оразғалиева А. Мемлекет және құқық



Дата18.10.2023
өлшемі24,34 Kb.
#186595
Байланысты:
ОСӨЖ сыбайлас (1)
4 вариант , Grey minimalist business project presentation 20231020 134821 0000, 13 Дәріс Жаһандану Қазақстан мәдениеті, Логикалық есептер сайысы ашық сабақ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ

Тексерген:Исибаева Е.И


Орындаған:Оразғалиева А.

Мемлекет және құқық
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің белгілері

  1. мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер,полиция жатады;

  2. мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

  3. мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

  4. мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

  5. мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Германия, Малайзия, т.б. жатады.
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет