Оспанова М. Қ. Аухадиева Қ. С


§ 85.  ГАЛОГЕНАЛКАНДАРДЫҢ  ЭЛИМИНДЕНУ  РЕАКЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата09.10.2019
өлшемі15,47 Mb.
#49518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ospanova Himia 10 EM kz II chast

§ 85.  ГАЛОГЕНАЛКАНДАРДЫҢ  ЭЛИМИНДЕНУ  РЕАКЦИЯСЫ
Галогеналкандарға элиминдену (бөліну) ре-
акциялары тән. Реакция нәтижесінде субстрат 
молекуласынан сутек және галоген атомдары 
бөлініп кетеді. Мұндай реакциялар 
дегидрога-
логендену деп аталады. Реакция өнімі алкендер 
болып табылады.
Элиминдену (Е) және нуклеофильді орынбасу 
(S
N
) реакциялары бір-бірімен бәсекелесе жүреді, 
белгілі  бір  жағдайда  олардың  біреуі  басым 
түрде жүреді. Негізділігі жоғары нуклеофильді 
реагенттер  (сілтілік  металдардың  спирттегі 
ерітінділері  немесе  сілтілік  металдардың 
алкоголяттары)  қатысқанда  галгеналканнан 
галогенсутектің бөлініп шығуы негізгі процесс 
болып  табылады.  Мысалы,  йодэтан  сілтінің 
судағы  ерітіндісімен  әрекеттескенде  реакция 
нуклеофильді  орынбасу  бағытына  ығысады 
да  өнім  ретінде  этил  спирті  түзіледі.  Сілтінің  спирттегі  ерітіндісін 
қолданғанда элиминдену реакциясы басыңқы процесс болады да реак-
ция өнімі ретінде этилен түзіледі. 
Дегидрогалогендену реакциясының негізгі өнімін болжағанда Зайцев 
ережесіне (1875 ж.) сүйенеді:
Бүгінгі сабақта:

Дегидрогалогендену 
(элиминдену) 
реакциясының 
механизмімен 
танысамыз

Дегидрогалогендену

Элиминдену

Субстрат

Мономолекулалық 
элиминдену

Бимолекулалық  
элиминдену
Тірек ұғымдар

159
Сутек атомы көптеген дегидрогалогендену реакцияларында аз сутек 
атоммен байланысқан көрші көміртек атомынан бөлінеді. 
Галогеналкандардың  элиминдену  реакциялары  мономолекулалық 
(Е1) және бимолекулалық (Е2) механизмдермен жүзеге асады. 
E1 механизмі (мономолекулалық элиминдену).
Үшіншілік  галогеналкандарда  бұл  процесс  оңай  жүзеге  асады. 
Реакцияға негіз реагент ретінде қажет емес, бірақ иондаушы реагент 
қажет. Реакция екі сатыда жүзеге асады:
Реакцияның  жылдамдығын  карбкатионның  түзілуі  анықтайды. 
Екінші сатыда протон бөлініп кетіп, карбкатион тұрақты күйге көшеді.
І сатыда карбкатион түзілу мысалы:
Ары  қарай  ІІ  сатыда  протон  бөлініп  кетіп,  элиминдену  өнімі 
түзіледі:  
 
Егер галогеналкан молекуласынан бірнеше галогенсутек бөлінетіндей 
баламалы жағдай болса, онда галогенмен бірге сутек атомы аз гидро-
ген делген көрші көміртек атомынан бөлініп шығады:

160
E2 механизмі (бимолекулалық элиминдену).
Е2 механизмі бойынша бөліну біріншілік галогеналкандарда оңай 
жүзеге асады.
Бимолекулалық механиммен бөліну реакциясы негіздің қатысуымен 
бір сатыда жүреді. Екі реагент аралық өнім түзеді, сондықтан реакция 
жылдамдығы екі реагенттің концентрацияларына байланысты. Аралық 
өнімнен үзілу және түзілу процестері бір мезгілде жүзеге асады. 
S
N
2 механизмінен айырмашылығы Е2 механизмінде теріс зарядты 
бөлінбеген электрон жұбы бар бөлшек нуклеофил рөлінде емес, негіз 
рөлін атқарады да 
β-көміртек атомындағы сутекке шабуыл жасайды.
S
N
2 реакциясына ортақ механизммен жүрмейді. Әдетте төмендегі 
сызба бойынша трансэлиминдеу жүзеге асады:
Әртүрлі  алкилтоптары  бар  алкилгалоген  дегидрогалогенденгенде 
екі түрлі алкен түзіледі:

161
Е2  типті  бөліну  реакцияларының  көпшілігінде  ІІ  типті  алкен 
түзіледі. 
 
Галогеналкандарға нуклеофилді орынбасудан басқа 
элиминдену (сутек және галоген атомдарының бөлініп 
шығуы) реакциясы тән. Реакция Зайцев ережесі бой-
ынша  жүзеге  асады.  Реакция  нәтижесінде  алкендер 
түзіледі.
  1.  Элиминдену реакциясы деген не?
 
2.  Бәсекелестік реакцияларының  қайсысында элиминдену (Е) реакциясы басым 
болады? 
 
3.  Зайцев ережесін тұжырымдаңдар. Мысал келтіріңдер.
 
4.  Мономолекулалық  элиминденудің  бимолекулалық  элиминденуден  қандай 
айырмашылығы бар?
 
5.  Элиминдену реакциясының жылдамдығы қандай факторларға байланысты?

ХV тарау
СПИРТТЕР

XV
тарау
164
СПИРТТЕР
§ 86.  СПИРТТЕРДІҢ  ЖІКТЕЛУІ  ЖӘНЕ 
ХИМИЯЛЫҚ  ҚАСИЕТТЕРІ
Бұған  дейін  біз  құрамы  екі  элементтен  – 
көміртек пен сутектен тұратын органикалық 
қосылыстармен,  яғни  көмірсутектермен 
т а н ы с т ы қ .   М о л е к у л а   қ ұ р а м ы н а   б ұ л 
элементтермен  қатар  оттек  кіретін  көптеген 
оттекті  органикалық  заттар  белгілі.  Оттек 
атомдары оттекті органикалық қосылыстардың 
функционалдық тобының құрамында болады. 
Функционалдық  топ  деп  қосылыстардың 
берілген  класының  химиялық  қасиеттерін 
анықтайтын  атомдар  тобын  айтады. 
Г и д р о к с и л   т о б ы   ( – O H )   с п и р т т е р   м е н 
фенолдардың функционалдық тобы болып та-
былады. Оттекті органикалық қосылыстармен 
танысуды спирттерден бастаймыз. 
Спирттер  деп  құрамындағы  бір  немесе 
бірнеше  сутек  атомдары  гидроксил  тобына 
алмасқан көмірсутектердің туындысын айтады. Спирттер құрамындағы 
гидроксил тобының санына байланысты 
біратомды және көпатомды 
болып  жіктеледі.  Көмірсутек  радикалының  табиғатына  байланысты 
спирттер қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді.
Жалпы  формуласы  C
n
H
2
n+1
OH  немесе  ROH  болатын  қосылыстар 
қаныққан біратомды спирттер деп аталады. Мұндағы R — көмірсутек 
радикалы.  Спирттер  гомологтық  қатар  түзеді.  Қатардың  көрші 
мүшелерінің айырмасы СН
2

 атомдар тобына тең. Спирт молекуласында 
көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы (–ОН) бар екенін 
көрсету үшін, мысалы этил спиртінің молекулалық формуласын былай 
жазады: СH
3
—CH
2
—OH немесе C
2
H
5
OH . 
Спирттердің  гомологтық  қатары.  Этил  спирті  —  гомологтық 
қатардың бір мүшесі. Қалған спирттердің химиялық қасиеттері және 
электрондық құрылысы оған ұқсас. Қатардың бірінші мүшесі — метил 
спирті:
Бүгінгі сабақта:

спирттердің жіктелуі 
мен қасиеттерін оқып-
үйренеміз 

Cпирт

Функционалдық топ

Спирттердің жіктелуі:
біратомды;
  көпатомды;
  біріншілік;
  екіншілік;
  үшіншілік 
Тірек ұғымдар

165
H—C—O—H
H
H
Этил спиртінің келесі жақын гомологы пропил спирті:
H—C—С—С—O—H
H H H
H H H
Спирттердің гомологтық қатары туралы мәлімет 65-кестеде берілген.
65
-кесте 
Маңызды қаныққан біратомды спирттер
Химиялық 
форму ласы 
Қысқартылған құрылымдық 
формуласы
Атауы 
СH
3
OH
CH
3
—OH
Метанол немесе метил спирті
C
2
H
5
OH
C
2
H
5
—OH
Этанол немесе этил спирті 
C
3
H
7
OH
C
3
H
7
—OH
Пропанол-1  немесе  пропил 
спирті
C
3
H
7
OH
H
3
C—CH—CH
3
OH
1
2
3
пропанол-2 немесе изопропил 
спирті
C
4
H
9
OH
CH
3
—CH
2
—CH
2
—CH
2
—OH
1
2
3
4
Бутанол-1 немесе бірін шілік 
бутил спирті
C
4
H
9
OH
OH
CH
3
—CH
2
—CH—CH
3
1
2
3
4
Бутанол-2  немесе  екіншілік 
бутил спирті
C
4
H
9
OH
CH
3
CH
3
—CH—CH
2
—OH
1
2
3
2-метилпропанол-1  немесе 
изобутил спирті
C
4
H
9
OH
OH
CH
3
CH
3
—C—CH
3
3
2
1
2-метилпропанол-2  немесе 
үшіншілік бутил спирті
C
5
H
11
OH
CH
3
—CH
2
—CH
2
—CH
2
—CH
2
—OH
1
2
3
4
5
Пентанол-1 немесе біріншілік 
амил спирті 
Спирттердің  гомологтық  қатарына  көмірсутек  қаңқасының  және 
гидроксил тобының орнына байланысты изомерлену тән.

166
Изомерленудің түрін бутил спиртін мысалға алып қарастырайық. 
Көмірсутек қаңқасына байланысты екі спирт изомер болады. Оларды 
бутан мен изобутан туындысы деп қарастыруға болады:
CH
3
—CH
2
—CH
2
—CH
2
—OH
1
2
3
4
CH
3
—CH—CH
2
—OH
CH
3
бутанол-1 немесе н-бутил спирті
2-метилпропанол-1  немесе  изобутил 
спирті
Гидроксил тобының көмірсутек радикалымен байланысу тәртібіне 
қарай екі изомер құрастыруға болады: 
OH
CH
3
—CH—CH
2
—CH
3
4
3
2
1
OH
CH
3
CH
3
—C—CH
3
3
2
1
бутанол-2
2 метилпропанол-2
Гидроксил тобының спирт молекуласындағы қай көміртек атомымен 
байланысуына қарай біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер 
болады.
Физикалық қасиеттері. Молекуласындағы көміртек атомының саны 
15-ке дейін болатын спирттер сұйық, көміртек атомдарының саны 15-
тен артық спирттер қатты заттар болады.
Спирттердің барлығы судан жеңіл. Пропил спиртіне C
3
H
7
OH дейінгі 
спирттер сумен кез келген қатынаста араласады. Молекулалық масса-
лары өскен сайын спирттердің судағы ерігіштігі азаяды. Алкандармен 
немесе галогеналкандармен салыстырғанда спирттердің қайнау темпера-
туралары жоғары болады. Себебі спирт молекулалары арасында сутектік 
байланыс түзіліп, нәтижесінде олар ассоциацияланады (14-сызбанұсқа).
Сутектік байланыс спирт молекулалары (а) және спирт пен су мо-
лекулалары арасында да түзіледі (ә).
14
-сызбанұсқа
Спирт молекулалары арасындағы сутектік байланыс (а), спирт пен  
су молекулалары арасындағы сутектік байланыс түзілуі (ә)
...О—H...O—H...
R—O—H
O—H
R
R
а)
ә)
H
Метанол, этанол және пропанолдың өздеріне тән алкоголь иістері 
болады. Келесі гомологтардың иісі өткір немесе жағымсыз, ал жоғары 
спирттер иіссіз болады.
Метанол  (метил  спирті)  СH
3
OH өте уытты! Оның азғана мөлшері 
адамды соқыр етуі немесе өлімге душар етуі мүмкін.

167
Химиялық қасиеттері
1. Спирттердің қышқылдық қасиеті әлсіз болғандықтан, олардың 
сулы ерітінділері индикатор түсін өзгертпейді.
2. Спирттердің гидроксил тобындағы сутек атомдары қозғалғыш бо-
лып келетіндіктен орынбасу реакциясына қатысады. Спирттер сілтілік 
металдармен әрекеттесіп алкоголяттар мен сутек түзеді:
                  






2
H
5
OH + 2Na → 2C
2
H
5
ONa + H
2

натрий этилаты
Спирттердің  гидроксил  тобындағы  сутек  атомы  молекуладағы 
көмірсутек  радикалымен  оттек  атомы  арқылы  байланысқан.  Сутек 
атомының қозғалғыш болуының себебі неде? Қосылыстың электрондық 
формуласын қарастырайық:
H : C : C : O : H
H
H H
H
Спирт  молекуласындағы  С—С,  С—Н  және 
О—Н байланыстары бізге таныс — 
σ-коваленттік 
байланыстар. Бірақ О—Н байланысы ковалент-
тік полюсті. Электрон тығыздығы электртерістігі 
жоғары оттек ато мына ығысқандықтан сутек 
атомы  молекуламен  әлсіз  байланысады.  Сон-
дық тан натрий оны қосылыс құрамынан оңай 
ығыстырады (137-сурет).
H—C—C—O←H
H
H H
H
δ

δ
+
3. Концентрлі күкірт қышқылының қатысында спирттер галогенсу-
тек қышқылдармен әрекеттесіп, көмірсутектердің галогентуындылары 
түзіледі:
H
3
C—CH
2
OH + HCl 
H
2
SO
4
(конц.)
 C
2
H
5
Cl + H
2
O
хлорэтан
                  





4. Жоғары температурада және ылғал тартқыш заттардың қатысында 
спирттер дегидратация (судың бөлінуі) реакциясына түседі, нәтижесінде 
сәйкес алкен түзіледі:
CH
3
—CH
2
—OH 
t° > 140°C, H
2
SO
4
(конц.)
 H
2
C = CH
2
↑ + H
2
O
                  





этилен
137-сурет. Этанол 
молекуласының моделі

168
Спирттердің артық мөлшері мен 140°С-тан төмен температурада жай 
эфирлер түзіледі:
CH
3
—CH
2
—OH + OH—CH
2
—CH
3
 
t° < 140°C, H
2
SO
4
(конц.)
                  





 CH
3
—CH
2
—O—CH
2
—CH
3
 + H
2
O
диэтил эфирі
5. Спирттер басқа органикалық қосылыстар сияқты тотығу реакция-
сына да түседі. Біріншілік спирттер тотыққанда альдегидтер түзіледі. 
Мысалы,  этанолға  қыздырылған  мыс  сымын  батырса,  ол  жарқырап 
шығады және ацетальдегидтің жағымсыз иісі пайда болады:
С
2
H
5
OH + CuO 
t°
 CH
3
—C
O
H
 + Cu + H
2
O
ацетальдегид
СH
3
—СH
2
—OH + CuO 
→ CH
3
—C
O
H
 + H
2
O + Cu
6.  Басқа  көптеген  органикалық  қосылыстар  сияқты  спирттер  де 
оттектің үлкен мөлшерінде жылу бөле жанады. Спирттердің молеку-
лалық массасы өскен сайын жануы нашарлайды. Спирттер жанғанда 
көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Этанолдың жануын былай көрсетуге 
болады:
С
2
Н
5
ОH + 3O
2
 → 2CO
2
 + 3H
2
O
7. Спирттер карбон қышқылдарымен әрекеттескенде күрделі эфир-
лер түзіледі:
СH
3
—C
O
OH
 + H—O—CH
2
—CH
3
 
t°, H
2
SO
4
 CH
3
—C
O
O—CH
2
—CH
3
 + H
2
O
сірке қышқылының 
этил эфирі
Бұл реакция эфирлену (этерификация) реакциясы деп аталады.
8. Спирттер дегидрлену (сутектің бөлінуі) және дегидратациялану 
реакцияларына түседі:
2H
3
C—CH
2
—OH 
425°C, Al
2
O
3
, ZnO
 H
2
C = CH—CH = CH
2
 + 2H
2
O + H
2

бутадиен-1,3
Этил спирті улы, наркотикалық зат! Спирттік ішімдіктер жүйке және асқорыту 
жүйесінің, жүрек, қан тамырларының ауруларын туғызады. 
Этанолдың 90% бауырда жиналып, ферменттердің әсерінен организмге зиянды 
улы сірке альдегидіне тотығады.
Сен білесің бе?

169
 
Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше су-
тек  атомдары  гидроксотоптармен  алмасқан  көмір-
сутектердің туындысын айтады. 
OH  гидроксил  тобы  спирттердің  функционалдық 
тобы  болып  табылады.  Спирттер  құрамындағы  гид-
роксил тобының санына байланысты біратомды және 
көпатомды болып бөлінеді. Гидроксил тобының спирт молекуласындағы 
қай  көміртек  атомымен  байланысуына  қарай  біріншілік,  екіншілік 
және үшіншілік спирттер болады. Спирттердің гомологтық қатарына 
көмірсутек қаңқасының және гидроксил тобының орнына байланысты 
изомерлену тән.
  1.  С
5
Н
11
OH формуласына сәйкес спирттердің барлық изомерлерінің формуласын 
жазыңдар және оларды атаңдар.
 
2.  а) 2-метилбутанол-1, ә) 3,3-диметилпентанол-2 спирттерінің құрылымдық фор-
мулаларын жазыңдар.
 
3.  С
6
Н
13
OH формуласына сәйкес спирттің 3 изомерін жазыңдар.
 
4.  Біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттер деген не?
 
5.  Қаныққан  біратомды  спирттердегі  бір  сутек  атомы  қозғалғыш  болып  келеді. 
Себебін түсіндіріңдер.
 
6.  Спирттердің белсенді металдармен (Na, Mg, Al) және қышқылдармен (HBr, H
2
SO
4

HCOOH) әрекеттесуін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
7.  а) 3-метилбутанол-1, ә) 3-метилгексанол-3 спирттерінің бромсутек қышқылымен 
әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
8.  Заттар  айналымын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  реакция  теңдеулерін 
жазыңдар:
 
  а) CH
4
 → С
2
H
6
 → C
2
H
5
Br → C
2
H
5
OH → C
2
H
4
 → C
2
H
6
 
 
ә) C
2
H
5
OH → СH
2
 = CH – CH = СH
2
 → C
4
H
8
 → C
4
H
10
 

1.  Этил спиртінің бензолдағы 23 г ерітіндісіне 2,5 г натрийді салғанда бөлінетін 
сутектің көлемін (қ.ж.) есептеңдер. 
Жауабы: 1,2 л
 

2.  Көлемі 16 мл спирт (ρ=0,8 г/мл) натриймен әрекеттескенде түзілген сутектің көлемі 
4,48 л (қ.ж.) этиленді гидрлеуге жетеді. Бастапқыда алынған спиртті анықтаңдар. 



Жауабы: СН
3
ОН

3.  Массасы 4,6 г органикалық зат жанғанда 0,2 моль көміртек (ІV) оксиді және 0,3 
моль су түзілді. Заттың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 1,59. Оның химиялық 
формуласын анықтаңдар. 1) С
6
Н
6
О;  2) С
3
Н
8
;  3) С
3
Н
7
О;  4) С
2
Н
6
 

4.  Қаныққан біратомды спиртті дегидратациялағанда массасы 8,4 г симметриялы, 
тармақталмаған құрылысты алкен түзіледі. Түзілген алкен массасы 24 г броммен 
әрекеттесе алады. Бастапқы алынған спирттің құрылымдық формуласын табыңдар.



Жауабы: бутанол-2  
§ 87.  ЭТИЛ  СПИРТІН  ӨНЕРКӘСІПТІК  ӨНДІРУ
Өндірісте этил спиртін (этанол) әртүрлі әдістермен алады. Олардың 
ішінде ертеден келе жатқаны қантты заттардың ашуынан түзілген ша-
рапты айдау арқылы алу. Кейінірек құрамында крахмалы бар заттарды 
ашыту — спиртті өндірісте алу процесіне негіз болды. Бұл әдіс бойынша 
крахмалды немесе дәнді дақылдардың дәндерінен алдымен мальтоза 

170
алады, содан ашытқымен ашытып спирт ала-
ды.  Ашытқыш  саңырауқұлақтар  ферменттер 
түзеді, ал сол ферменттер ашу процесінің био 
өршіткілер болып табылады: 
C
6
H
12
O
6
 
фермент
 2C
2
H
5
OH + 2CO
2

Мұндай жолмен алынған спирт таза бола-
ды, ол тамақ өнеркәсібінде және медицинада 
қолданылады. Бірақ этил спиртін бұл әдіспен 
алу  тағамдық  өнімдердің  көп  мөлшерін 
жұмсауды  қажет  етеді.Сондықтан  өндірісте 
спиртті целлюлозаны гидролиздеп алады: 
(C
6
H
10
O
5
)
n
 + 
nH
2
O = 
nC
2
H
5
OH
Осы әдіспен алынған спирт гидролиз спирті 
деп аталады. 
Спиртті алудың синтездік жолы мейлінше 
жетілдірілген әдіс болып саналады.Ол этиленді өршіткі қатысында су 
буымен гидратациялау реакциясы: 
H
2
C = CH
2
 + HOH 
280—300°C
7—8 MПа, H
3
PO
4
 CH
3
—CH
2
OH + 46кДж
 
этилен 
этанол
Біз бұл реакцияның қайтымды екенін білеміз. Этилен мен су буының 
әрекеттесуі тура бағытта молекула саны азаю бағытында жүреді. Олай 
болса,тепе-теңдіктің спирт түзілу жағына ығысуы үшін қысымды арт-
тыру керек. Ал реакция жеткілікті жылдамдықпен жүруі үшін өршіткі 
және температура керек. Байқағанымыздай реакция экзотермиялық, 
процесс өте жоғары температурада жүретін болса, спирт ыдырап, тепе-
теңдік бастапқы заттар жағына ығысуы мүмкін. Сондықтан процесс 
үшін  қатты  қыздыру  тиімсіз.  Этиленді  гидратациялаудың  оңтайлы 
жағдайлары: температура — 280-300°C және қысым 7-8МПа, өршіткі 
қолдану болып табылады. Өршіткі ретінде силикагель,белсендірілген 
көмір немесе асбест бетіне сіңірілген фосфор қышқылы алынады. 
Этил  спиртін  синтездеуге  арналған  жанасу  апппарты  (138-сурет) 
биік тігі шамамен 10м болатын болат колонна. Оны жемірілуден сақ-
тау мақсатында ішкі жағынан мыс қаңылтырмен қаптайды, бетінде 
өршіткі қабаты орналасқан. Этилен жылу алмастырғышта тиісті тем пе-
ра тураға дейін қыздырылып,сумен араластырылады.Содан кейін қоспа 
аппараттың жоғары бөлігіне түседі. Реакция өнімі аппараттың тө менгі 
бөлігінен шығарылады. Өнімнің құрамында этил спиртінің буы, реакцияға 
қатыспаған реагенттер және қосалқы өнім ретінде диэтил эфирі түзіледі. 
Спиртпен қатар диэтил эфирінің түзілуі процесті қиындатады.
Келесі әрекеттердің барлығы таза этил спиртін бөліп алуға арнала-
ды. Қоспадағы фосфор қышқылын бейтараптау мақсатында алдымен 
өнімнің барлығы сілті ерітіндісімен өңделеді. Содан кейін олар жылу 
Бүгінгі сабақта:

этил спиртін өндірісте 
алу әдістерімен 
танысамыз спирттердің 
адам организміне уытты 
әсері туралы білетін 
боламыз

Этил спирті

Алынуы

Адам организміне 
уытты әсері

Қолданылуы
Тірек ұғымдар

171
алмастырғышқа түседі және сол жерде салқындатылып, бөлінген жылу 
этиленнің гидратациясына жұмсалады. 
Қолданылуы.  Спирттер  еріткіштер  ретінде,  органикалық  синтез-
де,  қышқылдар  мен  басқа  да  органикалық  заттарды  алуда  кеңінен 
қолданылады.
Метил  спирті  формальдегид  алуда,  полимер  материалдар  алуда, 
этил спирті синтетикалық көксағыз, сірке қышқылын, диэтил эфирін 
алуға қолданылады.
Этил спирті тамақ өнеркәсібінде алкогольді ішімдіктер әзірлеуде, 
медицинада залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылады.
Пентил  спирті  парфюмерияда  қажетті  күрделі  эфирлерді  алуға 
қолданылса, изоамил спирті сүт өнімдерінің майлылығын анықтауға 
қолданылады.
Этил спирті адам организміне есірткілік әсер етеді.Ол миға әсер етіп, 
жүйке жасушаларын уландырады. Нәтижесінде адамның ақыл ойы, 
ойлау қабілеттері, зердесі нашарлайды, қимыл үйлесімділігі бұзылады. 
Мінез құлқында әдепсіздік пен дөрекілік пайда болуы мүмкін. Спирттік 
ішімдіктерді жиі ішкен адамдар маскүнемдікке душар болады.Ондай 
адамдар рухани жағынан азғындайды.
 
Өндірісте спиртті целлюлозаны гидролиздеп алады. 
Спиртті алудың синтездік жолы мейлінше жетілдірілген 
әдіс болып саналады.Ол этиленді өршіткі қатысында 
су  буымен  гидратациялауды  қамтиды.  Спирттер 
еріткіштер ретінде, органикалық синтезде, қышқылдар 
138-сурет. Этиленнен этил спиртін өндіру

172
мен басқа да органикалық заттарды алуда кеңінен қолданылады. Этил 
спирті адам организміне есірткілік әсер етеді. Спирттік ішімдіктерді 
жиі  ішкен  адамдар  маскүнемдікке  душар  болады  және  олар  рухани 
жағынан азғындайды.
  1.  a) метаннан метанол; ә) бутаннан бутанол-1 алу реакцияларының теңдеулерін 
құрастырыңдар.
 
2.  Этеннен этанол алудың екі әдісін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
 
3.  Этиленді гидратациялаудың өндірістік процесінің оңтайлы жағдайларын атап, 
оны түсіндіріңдер.
 
4.  Этиленді  гидратациялап  этанол  алуда  кездесетін  химиялық  өндірістің  жалпы 
ғылыми принциптерін атаңдар.
 
5.  Спирттердің қолданылу аясын атаңдар.
 
  Этанолды этиленді гидратациялап және глюкозаның спирттік ашуы арқылы алуға 
болады. Этанолды алудың осы екі әдісін салыстырып, нәтижесін кестеге жазыңдар:
Параметрлері
этиленді  
гидратациялау
глюкозаның спирттік 
ашуы
1. Реакция теңдеуі
2. Реакцияның жүру жағдайы:
А) t°C
B) өршіткі
жүру уақыты
3. Жылу эффектісі
4. Қайтымдылығы
5. 1 кг спирт алуға 
жұмсалатын шикізат мөлшері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет