Ќостанай облысы јкімдігі білім басќармасыныѕ Ы


- тарау Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы



бет27/33
Дата01.04.2022
өлшемі167,65 Kb.
#137564
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
7 сынып ұбтға дайындық (1)

9- тарау Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы





Тайпалар

Мекендеген жері

1

наймандар

Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде

2

қоңыраттар

Түркістан мен Қаратау аралығында

3

арғындар

Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстанда

4

керейлер

Жетісу, Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Объ және Тобыл өзендері аралығында

5

дулаттар

Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде

6

қаңлылар

Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында

7

үйсіндер

Жетісуда

8

жалайылар

Қаратауда, Сырдария бойында, Жетісуда қоныс тепті




Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары





Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш – қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті








Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465 – 1466 жылдары Қазақ хандығын құрды



Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас – тартыстар толастамады





Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды


Тоғызыншы тарауға арналған тест сұрақтары



1.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді:
A) Түркістан мен Қаратау аралығында B) Іле, Шу, Талас өзендері бойында
C) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде
D) Жетісуда E) Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда

2.XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ... әсер етті.


A) Ұлттық мемлкет болып құрылуына B) Сыртқы саясатының дамуына
C) Күшейуіне D) Әлсіреуіне E) Бірігуінің аяқталуына

3.Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты:


A) Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы B) Ақ Орда мемлекеті C) Ноғай ордасы D) Сібір хандығы
E) Көшім хандығы

4.Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды:


A) XIV ғ. Ортасы B) XV ғ. Басы C) XV ғ. Ортасы D) XV ғ. Аяғы E) XVI ғ. басы

5.Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:


A) Әбілхайыр мен Әбілмәмбет B) Жәнібек пен Жолбарыс C) Керей мен Жәнібек D) Есім мен Тұрсын E)Қасым мен Тұрсын

6.Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған:


A) Есенбұға хан B) Есім хан C) Әбілхайыр хан D) Орыс хан E) Мұстафа хан

7. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»


деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:
A) Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и-Рашиди» B) Оғызнама C) Кодекс куманикус D) Шежірелер жинағы
E) Тарих-и-Абулхаир-хани

8.Қазақ хандығының алғашқы территориясы:


A) Іле өзені B) Жайық өзені C) Шу мен Талас өзендері маңы D) Дешті Қыпшақ жері E) Сарыарқа

9.Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны:


A) 350 мың B)370 мың C) 400 мың D) 200 мың E) 150 мың

10.Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар :


A) Сыр бойындағы B) Жетісу аймағындағы C) Шу өзені бойындағы D) Іле аймағындағы E) Талас өзені бойындағы

11.XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:


A) Көшім B) Шайбани хан C) Жүніс хан D) Әмір Темір E) Уайс хан

12.Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты:


A) Қақтығыстарды B) Тайпалардың қоныс аударуын C) Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды
D) Хандардың озбырлығын E) Билік үшін талас тартысты

13.Қазақ хандығының құрылған уақыты


А) 1458-1460 ж. В) 1465-1466 ж. С) 1466-1467 ж. D) 1468-1469 ж. Е) 1470-1471 ж.

14.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар


А) Созақ, Сығанақ В) Яссы, Үзгент С) Отырар, Аркөк D) Шаш, Ашнас
Е) Суяб, Бозкент

15.Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы


А) Әл-Морвизи В) Ж.Баласағұни С) Әл-Фараби D) Мұхаммед Хайдар Дулати Е) А.Яссауи

16.Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл


А) 1450 ж. В) 1552 ж. С) 1555 ж. D) 1462 ж. Е) 1465 ж.

17.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері


А) Сырдария мен Қаратау өңірі В) Сібір хандығының жерін С) Қазан хандығын D) Астрахан жерін
Е) Моғолстанды

18.XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы:


A) Бұрындық хан B) Қасым хан C) Хақназар хан D) Есім хан E) Тақыр хан

19. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?


А) 20 жыл В) 30 жыл С) 25 жыл Д) 10 жыл Е) 15 жыл

20. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап қаланы Қазақ хандығының қол астына қаратты?


А) 1470 жыл В) 1482 жыл С) 1485 жыл Д) 1466 жыл Е) 1478 жыл







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет