«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау. Оқу мақсаты



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі14,13 Kb.
#167779
  1   2
Байланысты:
БЖБ №2


5-сынып №2 БЖБ І тоқсан


«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.
А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын ажыратады;
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды;
• Шағын диалогке қатысу арқылы тақырыпты түсінгендігін көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну. Қолдану.
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері мол дастарқан басына жиналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасайды. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған. Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан.
Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Себебі «Отан отбасынан басталады».
( 2 ұпай)

Ақпараттар

+ Дұрыс

  • Бұрыс

Отбасы мүшелері бір-біріне тосын сыйлар ұйымдастырып, әр мейрам сайын сыйлық жасайды.





Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя бола алмайды.





Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, қонаққа барады.







Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет