Өткізген сабақтарыма әдіскер қатысып, талдап өз бағасын берді. Болған кемшіліктерді болдырмауға кеңес беріп, жақсы жақтарымды мадақтады



Дата12.04.2022
өлшемі15,16 Kb.
#138987
түріДиплом
Байланысты:
АМАНЖОЛОВА ЭЛЕОНОРА
Биостатистика Қасен Жанат ҚДС 01-29

2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің
IV курс білім алушысы Аманжолова Элеонораның «Дипломалды практика» кәсіптік практикасы бойынша жазбаша есебі
VIII семестр 2022 оқу жылы

Мен, Аманжолова Элеонора №13 мектеп-гимназиясында 02.02.2022-15.03.2022 жж. аралығында «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша «Дипломалды практика» кәсіптік практикасынан өттім. Сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен, жекелеген мұғалімдердің жұмыстарымен таныстым. Бастауыш мектептің оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын талдаумен қатар, бастауыш сынып мұғалімдерінің білім алушылармен оқу жұмысын жоспарлау жүйесін зерттедім. Мұғалімнің бастауыш сынып білім алушыларының оқу-танымдық жұмысын ұйымдастырудың түрлі кезеңдерінде оқыту әдістерін қолдануын бақылап, үзілісте ойындарды даярлап, өткіздім. Электрондық оқулықтар, АКТ пайдаланып сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді. Байқау сабақтарына таратпа материалдар, көрнекі құралдар, дидактикалық ойындар пайдаланылды.


Өткізген сабақтарыма әдіскер қатысып, талдап өз бағасын берді. Болған кемшіліктерді болдырмауға кеңес беріп, жақсы жақтарымды мадақтады. Іс-тәжірибе барысында өзіме міндеттелген сағаттарды толығымен өтіп, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орната білдім. Маған міндеттелген сағаттар: 2-сынып

  1. Тәрбие сағаты – 6 + 1

  2. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу – 42 + 2

  3. Математика – 24 + 1

  4. Дүниетану – 6 + 1

  5. Жаратылыстану – 6 + 1

  6. Көркем еңбек – 6 + 1

  7. Музыка – 6 + 1

  8. Дене шынықтыру – 12 + 1

  9. Өзін-өзі тану – 6 + 1

VIII семестрде өткен «Дипломалды практика» кәсіптік практикасында өзімді «Жас маман», мұғалім ретінде тани алдым.

15.03.2022 ж


____________ Машықкер Аманжолова Элеонора

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет