8 Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3
тәулікте ауыстырып тұру керек. Зонд өңешке немесе асқазанға түссе пациенттің хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдырыңыз.
Процедураны аяқтау
- пациентке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасадым.
Ситуацилық есеп 1:
Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 9 жасар ұл бала келіп түсті.
Шағымдары: дене температурасының40,0°С-қа дейін жоғарылауы, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, әлсіздік, мазасыздық.
Науқастың өмір анамнезінен:ұл бала 1-ші жүктіліктен, 1-ші босанудан.Жүктілік ерекшеліксіз өткен. Босану уақытында, физиологиялық жолмен. Туылған кездегі салмағы – 3300 гр., бойы – 55 см. Аллергоанамнез қалыпты.
Тұқымқуалаушылық: қалыпты.
Ауру анамнезінен:жедел ауырған, дене температурасы 40,0°С-қа дейін жоғарылаған. Жақында қармен ойнап, жаурап қалған. Баланың жалпы жағдайы бірден нашарлаған, аз көлемді шыны тәрізді қою қақырықты ауырсынулы жөтел, қатты қалтырау пайда болды. Бала оң жағындағы ауырсынуға шағымдана бастады. Түнде мазасыз болып, температурасы жоғары сандарда болды.