Оѕтїстік америка


Ірі аралдары (ауданы 300 км.кв ірі)



бет2/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11

Ірі аралдары (ауданы 300 км.кв ірі)





Аттары

Ауданы (км.кв)

1.Отты жер

48 000

2.Фолклендские (Мальвинские)

507 451

3.Чилоэ

8 400

4.Галапагос

7 430

5.Тринидад

4 828

6.Кюрасао

462

7.Тобаго

300



Шыңдары



Аттары

Тау жүйесі, елі

Теңіз дең. ең биіктігі
(м)

1.Аконкагуа

Аргентина

6959

2. Охос-дель-Саладо

Аргентина

6880

3.Уаскаран

Перу

6768

4.Ильямпу

Боливия

6362

5.Чимборасо

Эквадор

6310

6.Кристобаль-Колон

Колумбия

5800

7.Боливар

Венесуэла

5007

8.Сан-Валентин

Чили

4058

9.Бандейра

Бразилия

2890

10.Рорайма

Гвиан тау.үстірті

2810

Вулканды шыңдары





Аттары

елі

Теңіз дең. ең
биіктігі (м)

1.Льюльяйлько

Чили-Аргентина

6723

2. Сан-Педро

Чили

5974

3.Котопахи

Эквадор

5897

4.Руис

Колумбия

5400

5.Осорно

Чили

2660

ТАБИҒАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Оңтүстік Американың көп бөлігі Оңтүстік Америка платформасы Гондвананың құрамына кірген және оның калған бөлігімен бірге протерозойдың аяғында кембрийдің басында қалыптасқаң Ол мұнан кейінгі бүкіл тарихында көбінесе көтерілу қозғалысына ұшырап, оның негізгі бөлігі құрлық күйінде қалған.


Протерозойдың аяғынан бастап платформаның негізгі құрылымдық элементтері айқындалған: Парананың төменгі жағынан солтүстікке таман Гвиана-Бразилия мегақалқаны оқшауланған, онда кембрийге дейінгі фундамент үлкен кеңістікте жер бетіне шығып жатады.
Оңтүстік бөлігінде түгелге жуық шөгінді жыныс жамылған Пампа-Патагония плитасы айқын көрінеді. Мегақалқан алабында Гвиана, Шығыс Бразилия және Батыс Бразилия дөңдері бөлінген, олардың аралықтарында палеозойдың басында синеклизалар қалыптаса бастаған, синеклизаларды мезгіл-мезгіл теңіз басып отырған.
Осы кезде байкал құрылымдарында платформаның батыс шекарасын айқындайтын Анд геосинклиналь аймағы түзілген.
Палеозойдың бүкіл бірінші жартысында геосинклинальда орогендік процестер өткен, ал платформаның синеклизалар алып жатқан жерлері трансгрессияларға ұшыраған. Палеозойдың екінші жартысында, Анд геосинклиналында тектоникалық қозғалыстар барынша шарықтаған кезде, платформа көтеріліп, түгелдей дерлік құрлыққа айналған. Көтерілуге байланысты климат салқындап, мұз басқан. Ол Африкадағы сияқты платформаның орталық бөлігіндегі орасан зор кеңістікті қамтыған.
Пермнің аяғында тау түзілісі Анд геосинклиналын түгелдей қамтыған, ал платформа көтеріле берген. Соның нәтижесінде континенттік жағдай тек қалқандарда ғана емес, сонымен бірге көлдік-аллювийлі қабаттар жиналып жатқан синеклизаларда да орнаған. Платформадағы мұндай жағдай мезозойдың бүкіл бірінші жартысында сақталған.
Мезозойдың бірінші жартысында тегістел-ген кеңістік платформаның қазіргі жер бедерінде үлкен; роль атқарады.Юрада Анд геосинклиналында және Патагонияда жанар тау әрекеті болған. Юра мен бордың аралығында күшейе түскен жанар тау әрекеті ойыстар шетін, әсіресе Парана ойысын қамтыды. Мұнда жарықтардан базальт ағып, ол 2 млн. км2 жуық ауданды орта есеппен алғанда 600 м-дей қалыңдықта жауып кетті.
Мезозойдың екінші жартысында Атлант мүхиты аймағында жердің төмен түсуі

болған, осыдан барып Оңтүстік Америка Африкадан бөлінген. Сонымен бірге кей жерлерде платформа Атлант мұхиты жағынан трансгрессияға ұшыраған, ал калқандардың кейбір алаптары компенсациялық жолмен көтерілген. Онымен бір кезде Амазонка және Парана синеклизаларында қайтадан жанар тау әрекеті орын алған. Платформаның құрлық күйінде қалған алаптарында жаңа тегіс беттері түзілген, сондай-ақ жер бедері қазіргі кезге дейін сақталып калган.


Мезозойдын аяғында Анд геосинклиналында суға бату басым болып, ол платформаның шеткі бөліктерін қамтыған.Бор дәуірінін аяғына қарай Оңтүстік Америкада қазіргі кездегіге шамалас климат жағдайы қалыптасқан. Органикалык. дүние құрамында бірте-бірте жоғалып бара жатқан мезозой фаунасы мен флорасы орнына қазіргіге ұксас түрлер шыға бастаған. Жануарлар дүниесінің құрамында балықтар, құстар, сондай-ақ қалталы және плацентарлық, (насеком қоректі) сүт қоректілер болды. Флора үшін жабық тұқымды өсімдіктердің қаулап дамуы тән болды. Онтүстік Америка мен Африка бөлінгенге дейін олар үшін ортақ түр құралу орталығы казіргі Оңтүстік Атлантиканың орнында жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет