ОҚу -әдістемелік кешені 5В0070400



бет5/39
Дата08.06.2018
өлшемі0,84 Mb.
#41429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

While Not EOF(Fileln) do


Begin

{санауыштын мәнiн бiрге арттыру}



inc(Sanau);

{массивтен элементтердi оқу}



read(Fileln,San[i]);

end;

{файлды жабу}

close(Fileln);

end.

Sanau-айнымалысы файлдағы жазбалардың санын анықтауға қызмет атқарады. Бұл айнымалыны ауқымды айнымалылар бөлімінде сипаттаған тиімді. Сол сияқты San[] массиві де ауқымды айнымалылар бөлімінде сипатталады:

Var


San: arry[1…100] of integer;

Sanau: byte;

Жазбалар саны белгісіз файлдан мәліметтерді оқу жұмысының дұрыстығын тексеру үшін, оқылған мәліметтер массивін экранға баған түрінде шығарамыз:
procedure exi;

var


i: byte;

begin


for i:=1 to Sanau do

begin


writeln(San[i]);

end;


end;

Егер сіз программа мәтінінің қалған бөлігін дұрыс құрастырыңыз, онда жазбалар саны 100-ден аспайтын мәтіндік файлдан мәліметтерді және жазбалар санын оқитын программа аласыз. Сонымен қатар бұл программа файлдағы барлық жазбалар санын анықтап, оны экранда жазады.

Енді екі өлшемді массив мәліметтерін файлдан қалай оқуға болатындығын қарастырыралық. Жоғарыда айтылғандай мәліметтерді файлдан оқу, оның файл соңын анықтайтын белгісіне байланысты екен. Бірақ екі өлшемді массивтерді жазғанда оның элементтері жол бойынша және баған бойынша жазылады. Сондықтан файлдан мәліметтерді оқығанда, алдымен алғашқы жол бойынша файл соңы белгісі анықталады. Жолдағы мәліметтер толығымен оқылып болған соң келесі жолды оқуды бастау керек. Мәтіндік файлдар қасиеттерін қарастырғанда айтылғандай, онда әрбір жол, жол соңы белгісімен кодымен аяақталады. Осы белгіні анықтау үшін стандартты EOLn(Name Var) процедурасын қолданады. EOLn(), ағылшын тілінде End of length жол соңы сөзінің қысқартылған түрі. Жақшаның ішіне assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOLn(Name Var)-процедурасының мәні, False(жалған)-болады, егер жолдың соңына жетпеген болса, Ture(ақиқат)-болады егер жолдың соңы анықталған болса. Олай болса мәліметтерді оқу жалғаса береді егер Not EOF(Fileln) шарты ақиқат болса, яғни жол соңы анықталғанша. Бұл жағдайда мәліметтерді оқу процедурасының түрі келесідей болады:

procedure lnit;

var

i: byte;


{айнымалы атауын мәтiндiк файл түрiнде сипаттау}

Fileln:text;

Begin

{айнымалыны нақтылы файл атымен байланыстыру}



assing(fileln,`mayFile5.in`);

{файлды оқуға әзiрлеу}

reset(Fileln);

{жолда санауыштың бастапқы мәнi}


Sanau Jol:=0;

{массив элементтерiн жол бойынша оқу}



while Not EOF (Fileln)do

begin

{санауыштың мәнiн бiрге арттыру}



inc(Sanau Jol);

{бағанда санауыштың бастапқы мәнi}



SanauBagan:=0;

{массив элементтерiн жол бойынша оқу}



while Not EOF (Fileln)do

begin

{санауыштың мәнiн бiрге арттыру}



inc(Sanau Bagan);
{массив элементтерiн оқу}

read(Fileln, San[i,j]);

end;

{курсорды жаңа жолдың басына қою}



read(Fileln, San[i,j]);

end;

{файлды жабу}

close(Fileln);

end;


10 Типті файл. Типті файлдарға мәліметті жазу
Келесі есепті қарастырып көрелік:

Мәтіндік файлға төрт таңбалы 50 сан жазу керек. Әрбір сан жеке жолдарға жазылатын болсын. Нәтижесіндегі файлдың өлшемі қандай болады?

Оны жуықтап бағалап көрелік. Әрбір таңба 1 байт орын алады. Ондай таңбалардың саны 50×4=200. Мәтіндік файлдарға берген анықтама бойынша әрбір жолдың соңында файл соңы белгісі болғандықтан, файл өлшемі 250 байттан асып кетеді.

Бұл мәліметтерді кіші өлшемдегі файлдарда сақтауға бола ма?

Біздің программамыз мәліметтерді өңдей алуы үшін, біз оған алдын ала оперативті жадыдан белгілі бір орын бөлуіміз керек. Жадыдан бөлінетін орынның өлшемі мәліметтердің типіне байланысты болғандықтан, бір элементті сақтау үшін, integer типті элементтерге 2 байт, byte типті бір элементке 1 байт орын бөлінеді.

Мұндай амалдарды мәліметтерді файлда сақтау кезінде қолдануға бола ма? Болады екен. Типті файл деп аталатын арнайы файлдық типтер бар.



Типті файл – барлық элементтері бір типті мәліметтер болып келетін файл түрі. Типті файл элементтері файлдық типетен басқа кез-келген тип бола алады.

Әр элементті файлға жазу үшін, мәліметтердің типіне байланысты, міндетті белгіленген мөлшерде орын бөледі. Типті файлдарды смпаттау бөлімінде ашу үшін, мәтіндік файлды смпаттағандай, файл мәліметтерді смпаттайтын тип жазылады.



<файл атауы>:file of<мәліметтер типі>

Біздің жағдайымызда:



FileOut:File of interger

Бұл жазу, берілген файлдағы мәліметтер – 32768-ден 32767 аралығында жататын бүтін сандар екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, типті файлдармен жұмыс істегенде де, assign( ) - процедурассының көмегімен нақтылы файл аты мен байланыстыратын атауды көрсетеміз.

Assign(<файл атауы>,<файлдың нақты атауы>)


Біздің жағдайымызда:

Assign(FileOut ,’may.dat’)

Типті файлдармен жұмыс жасағанда мәтіндік файлдардағы секілді оларды жазуға және оқуға ашуға болады. Ол үшін стандартты функциялар қолданады:



Rewrite(<файл атауы>) – процедурасын файлды жазуға ашады және курсорды файлдың басына орналастырады.

Типті файлдарға мәліметтерді жазу write() процедурасы арқылы жүзеге асырылады. Ол мәтіндік файлдардағы write() процедурасына ұқсас. Алайда write() процедурасын типті файлдарда қолдануында біршама өзгешелік бар. Әрекетті орындау кезінде көрсеткіш келесі жазу блогына көшеді. Типті файлдарда writeln() процедурасын қолдану қателік көрсетеді.

Типті файлдарға writeln() процедурасын қолдануға болмайды.

Типті файлдармен жұмыс аяқталған соң Close<файл атауы>) – процедурасы көмегімен файл жабылады.

Енді тақырып басында берілген есепті шешуді жалғастырайық. 2.8.2 тақырыбындағы Мisal_F1 мәліметтерді шығару программасына келесідегідей өзгертулер енгіземіз:

Procedure Exi;

Var

FileOut :File of integer;



I :integer;

Begin


Assign (FileOut, ‘mayFile.in’);

Rewrite(FileOut);

For i:=1 to Sanau do

Write (FileOut, San[i]);

Close(f);

End;


Программаны толықтырып жазып Мisal_F8 атымен сақтаңыз. Программа орындалғаннан кейін "mayFile.in" файлын ашып көріңіз. Не көрдіңіз?
10.1 Типті файлдан мәліметтерді оқу
Титі файлдар тікелей қатынау файлдарына жатады, ол оның қатал ұйымдастырылғанына байланысты. Бұрында айтып өткеніміздей, типті файлдың компоненттері біркелкі, қатаң тәртіптегі көлемде орын алады. Сонымен тұтас блок бар делік және оған қатынауды ұйымдастырғанда, оған олардың орналасуы жайлы қосымша ақпараттарды сақтау қажет емес.

Типті файлдардан мәліметтерді оқуға арналған негізгі проуедураларды қарастырамыз.

Типті файлдармен жұмыс жасар алдында, мәтіндік файлдардағыдай, файл атауын жариялау және файлдағы мәліметтердің типін көрсету керек, нақтылы файл атауын байланыстыратын айнымалы атауын сипаттауымыз кереек (2.8.5 тақырыбын қараңыз).

Reset(<файл атауы>) – процедурасы файлдф оқуға ашады және көрсеткішті файлдың басына орналстырады.

Типті файлдан мәліметтерді оқу үшін read( ) процедурасын қолданады. Берілген процедураның жұмысы кезінде, блоктан мәліметті оқыған соң, көрсеткіш автоматтты түрде келесі жазбаға ауысады. Егер көрсеткіш соңғы жазбаның соңынан тұрса, онда программа орындалуында қателік болады.

Бұл қиындықтан шығу үшін FileSize( ) функциясын қолдануға болады.

FileSize(<файл атауы>):longintфункциясы файлдағы компоненттер санын анықтайды. Яғни, бізге файлдағы барлық мәліметтерді оқу керек болса, оқу процедурасын FileSize( ) рет орындауымыз керек. Мisal_F8 программасымен құралған типті файлдан мәліметтерді оқудың программасының мәтінінен үзінді келтіреміз:
Procedure Init;

Var


FileInput : file of integer;

I, Sanau : integer;

San:array[1..100] of integer;
begin
assign(FileInput, ‘mayFile.in’);

reset (FileInput);

Sanau :=FileSize(FileInput);

For i:=1 to Sanau do

Read(FileInput, San [i]);

Close(FileInput)’

End;
Тақырыптың басында типті файлдар – тікелей қатынау файлдарына жататынын айтып кеткенбіз. Яғни, файлдың кез-келген бөлігіндегі мәліметтерді оқу үшін, оның алдында тұрған мәліметтерді оқуды қажет етпейтін файлдар кездеседі.

Көрсеткішті қажетті мәліметті оқуға қою үшін, Seek() – процедурасын қолданады. Оның түрі келесідегідей болады:


Seek(<файл атауы>, <жазбаның нөмері>);
Сонымен қатар типті файлдарда нөмірлеу нөлден басталатыны есте ұстау керек, яғни бірінші лементтің нөмері "Нөл". Олай болса, біз көрсеткішті үшінші элементті оқуға көшіру үшін, Seek( ) - процедурасын қолдануды ескеруіміз керек. Мысалы:

Seek(FileInput, 2);

немесе


Seek(FileInput, 3-1);
10.2 Әртүрлі базалық типтерді біріктіру. Жазба типі

Массив анықтамасында айтылғандай, массив дегеніміз құрылымына және қолдану тәсіліне байланысты, бір типті нөмірленген тізімдідер. Егер әртүрлі типтегі мәліметтер берілген болсын. Осы тізімнен белгілі бір жлыдар аралығында туған оқушыларды сұрыптап бөліп алу керек болсын.

Мәліметтерді сақтау үшін оған екі массмвке орын бөлуімізге болатын еді. Бірінші массив (snring типті) оқушылардың аты жөнін сақтауға, екіншісі сақтауға арналған. Егер бізге қосымша мәліметтер (мысалы: сыныбы, ұлты, т.б.) енгізу керек болса, онда енгізуге тура келеді. Бір мезгілде бірнеше массивпен жұмыс істеу және оларды смпаттамалары бойынша сұрыптауға, әрине болады, бірақ үлкен жұмысты талап етеді. Сонымен қатар бұл мәліметтерді файлда сақтау керек болса не істейміз?

Файлдар туралы сұрақтарды талдағанда айтылғандай, файл элементтері тек бір типті элементтер болып келеді. Олай болса әр түрлі типтегі элементтерді әрбір типке – жолдық типке айналдырып, мәтіндік файлдармен жұмыс істеуіміз керек.

Мәліметтерді сақтай аламыз, бірақ болашақта бұл мәліметтермен жұмыс істеу жеткілікті қиындық туғызады.

Бұл қиындықтан шығу үшін мәліметтердің құрама типі қолданады. Мәліметтердің бұл типі жазба деп аталады. Жазбалар әр түрлі типтегі элементтер жиынтығынан тұрады. Жазба элелменттерін құраушыларды өріс деп атайды да, әрбір өрістің өзіндік атауы болады. Әрбір жазбаның бірегей атауы болады.



Жазба атауы

Тізім


Өрістің атауы

Фамилия

Аты

Туған жылы


Өрістер мәні

Маратов

Шынгыс

1980

Жазбаны өңдеу элементар объектә түрінде шығады. Мұндай объект типі – record (жазба) деп аталады. Олай болса, мәліметтердің типтеріне байланысты шектеулер алынып тасталады.

Жазбаларды сипаттау үшін, оның атауы, берілген өрісте сақталатын мәліметтердің атауы және типі көрсетілуі керек. Жазбалардың жалпы түрде сипатталуы келесідегідей:

Type<жазба атауы>=Record


<1 өріс>:<1 тип>;

<2 өріс>:<2 тип>;

……………………


:;

end;

10.3 Сыртқы кітапханалар. Модульдер
Модульдер және олардың қолданылуы туралы айтпастан бұрын, Люйс Кэроллдың "Алиса Ғажайып жлемінде" ертегісінен үзінді оқиық. Алисаның Ақ Серімен әңгімесі:

  • Иә бұл өте жақсы ара ұясы, - деп Сері еріксіз келісті. – Ең жақсы сапалы! Бірақ ол араларға бір себептен ұнамайды! Менде бұнда тағы тышқан қақпаны бар. Тышқандар араларды қуатын көрінеді. Немесе аралар – тышқандарды. Білмеймін…

  • Ал мен сізге тышқан қақпаны не үшін керек екенін ойлап тұрғам – деді Алиса. – Аттарда тышқанның өмір сүруін елестету қиын…

  • Қиын, бірақ болады, - деп Сері жауап берді. – Мен олардың менің денемде жүгіріп жүргенін қаламаушы едім.

  • Білесің бе, - деп жалғастырды ол, үндемей тұрып, - бәріне дайын болу керек! Міне неліктен менің атымның аяғында білезіктер тағылған.

  • Ал ол не үшін? – деп қызықты Алиса.

  • Акулалар тістеп алмауы үшін, - деді Ақ Сері.

  • Бұны мен өзім ойлап таптым. Атқа шығуға көмектесші. Мен сені шетке шығарамын. Ал мына ыдыс неге арналған?

  • Бәлішке арналған, - деді Алиса.

  • Онда оны өзімізбен бірге ала кетейік, - деп ұсынды Сері. – Егер біз бәліш тауып алсақ, ол бізге қажет болады. Дорбаны ұстай тұр, - мен оны осыған салайын…

Бұл оңай болмады. Алиса дорбаны қатты ұстап тұрды, бірақ Ақ Сері өте икемсіз болды: ол дорбаға ыдысты салудың орнына, оған өзі құлай берді. Ақырында ыдыс әрең салынады.

  • Әрине онда оған орын аз, - деп ескерді Сері. – Дорба шам қоайғыштарға лық толы, бірақ басқа не істейсің!

Ол дорбаны ер тоқымға іліп қойды, одан сәбіздің сабақтары, пештің қықыштары және әр түрлі нәрселер салбырап тұрды.

Ақ Серінің аты және қаруы қалай көрінгенін елестете аласыздар ма?

Borland Pascal сізге, үлкен саннан құралған тұрақтыларға, мәліметтер типіне, айнымалыларға, процедураларға және функцияларға қатынауды қамтамасыз етеалады. Олардың ішіндегі кейбіреулері Borland Pascal үшін ерекше, ал кейбіреулері Windows немесе Dos орталары үшін қолданбалы есептерді программалауда ерекше. Олардың саны өте көп, дегенмен, өз программаңызда олардың бәрін бір мезетте аз қолданасыз. Сондықтан олар модульдер деп аталатын өзара байланысты топтарға бөлінген. Бұл жағдайда тек программаға қажетті модульдерді қолдануға болады.

Программалық модуль (Unit) тұрақтылар, мәліметтер типі, айнымалылар, процедуралар және функциялар жиынтығы болып табылады. Әр модуль Паскальдағы жекеленген программаға ұқсас: сіз программаңызды орындаңға жіберместен бұрын, оның шақырылатын және қажетті инициализацияны жүзеге асыратын негізгі денесі болуы мүмкін. Қысқаша айтқанда модуль, программаға қоюға болатын және программаны жеке компилиаланатын бөлшектерге бөлуге болатын, сипаттамалар кітапханасы болып табылады.

Модуль құрамына кіретін, процедуралар және функциялар, мәліметтер типін және айнымалылар арасындағы тәсілдер жиынтығын қамтамасыз етеді. Бірақ та бұл тәсілдерді нақтылы жүзеге асыру интерфейс және жүзеге асыру (реализация). Егер программа модуьді пайдаланса, модульдің барлық сипттамалары бұл программаға, оның өзінде анықталғандай ашық болады.

Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас. Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір-бірімен байланысты. Мысалығы, Strings модулі нөлдік белгімен аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады. Сонымен қатар іщкі программалар сияқты, модульдер де стандартты және стандартты емес немесе қолданушының модулі, яғни, програмалаушылар өздері құрастыратын бола алады. Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан, олардың сипатталуы бірдей ережеде құрылған.

Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен қосылады. Мысалы, былай сипатталғанда:
Uses Dos, Crt;
Аталған модульдердің құрамындағы барлық ішкі программалар, айнымалылар, типтер және тұрақтыларды программада қолдануға болады.

Ескерту. Модульдердің аттары оларды хабарлағанда үтірмен бөлінеді, ал соңғы модульден кейін үтірлі нүкте қойылады!


10.4 System модулі
System модулі барлық құралдар үшін, төменгі деңгейлі ішкі программаларды жүзеге асырады, мысалы: енгізу-шығу, жолдық айнымалылармен жұмыс, ауыспалы нүктемен жасалынатын операциялар және жадыны динамикалық бөлу.

System модулі Borland Pascal-дың барлық стандартты және құрылған процедураларынан және функцияларынан тұрады. Стандартты Паскальдің бөлігі болмайтын және басқа модульдерде орналаспаған Borland Pascal-дың кез-келегн ішкі программасы System модулінің құрамында орналасқан.


Ескерту. System модулі программаға автоматты қосылады (үнсіз келісім бойынша) және оны Uses операторында көрсету қажетті емес.

Стандартты емес модуьдерді пайдалану программаларды стандарттау мен құрылымдылығының деңгейін жоғарылатады, бұл программаларды өңдеуді жылдамдатады, олардың түсініктілігін және жетілдірудің қарапаймдылығын қамтамасыз етеді. Мұндай кітапханада, мысалға, жиі пайдаланылатын массивтерді (енгізу процедуралары, матрицаларды шығару, массивтерді сорттау және т.б.) өңдегендегі операцияларды сипаттағандай, бөлек программаға көп көңілді тек берліген есепке тән сұрақтарды шешуге бөледі, сондықтан стандартты және стандартты емес модульдерде іске асырылмайды. Бұл тек программаны өңдеу уақытын қысқартып қана қоймай, оның көлемін де азайтады. Жоғарыда айтылғанда, программалар арнайы сегментте орналасады, оның көлемі компьютердің оперативті жадысын құрайтын басқа сегменттер сияқты 64 Кбайттан аса алмайд. Әрине, бұл үшін оны үлкейтуге қажеттілік туады. Бұл мақсатқа жетуде модульдер бағаланбайтын қызмет көрсетеді. Әр модуль бөлек сегментте орналасады, сондықтан модульдеррі және программалары бар барлық сегменттердің қосындысы, компьютердің оперативті жадысының көлемін ғана шектелген (640 Кбайт).

Осындай алғы сөзден кейін, оқушының стандартты емес модульдерді пайдалануда пайдасы жайлы ешқандай күмәні жоқ екеніне сенімдіміз. Оларды өңдеудің өнеріне үйренуде жеңе алмайтын алдымен модуьдің құрылымымен, оның бөлімдерінің міндеттімен және өңдеу технологиясымен танысайық.
10.4.1 Модуль құрылымы


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет