Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет17/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0
21metodicheskoe posobie po obucheniyu, kontrolnaya rabota 4 magnetizm , prakticheskaja rabota po fizike, nsv, DSV, АНКЕТА каз0320162332, ТЖБ 3 10ә
2-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны

4. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;

  2. 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
7. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс;

  5. қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.

8. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс;

  5. қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.

9. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

10. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен көркемдегіш құралдардың қызметін ашу, көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
11. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері; Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, Отыз үшінші қарасөз, «Ескендір» поэмасы;
2) Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы;
3) Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі;
4) М. Мағауин «Шақан - шері» романы;
5) Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі;
6) Ұ. Есдәулет «Біз түркілерміз»;
7) Қ. Жұмаділов «Тағдыр» романы;
8) Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасы;
9) Ш. Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі.
12. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну, әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану, шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау, шығармадағы көркемдегіш құралдардың образ жасаудағы орны, көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру, шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу.
13.Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі;
2) І. Есенберлин «Қаһар» романы;
3) А. Сүлейменов «Бесатар» повесі;
4) С. Елубай «Жалған дүние» романы;
5) Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі;
6) М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы;
7) Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі;
8) Т.Әсемқұлов «Бекторының қазынасы» әңгімесі;
9) Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   294




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет