Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі



бет3/4
Дата12.10.2020
өлшемі25,49 Kb.
#66905
1   2   3   4
ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі


      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      10. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу процесін, білім беру бағдарламаларын іске асыратын, үйлестіретін барлық құрылымдық бөлімшелерде (әдістемелік бірлестіктерде, әдістемелік пәндік және циклдік комиссияларда, кафедраларда, бөлімдерде, факультеттерде, институттарда), әдістемелік жұмыс қызметтің негізгі түрі болып табылатын ұйымдарда (республикалық, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерде), оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде (оқу-әдістемелік бөлімдерде, басқармаларда, орталықтарда, кабинеттерде) жүзеге асырылады.


      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      11. Құрылымдық бөлімшелер оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты осы Қағидалардың негізінде және білім беру ұйымдарының жарғысында қарастырылған тәртіппен бекітілген ереженің негізінде жүзеге асырады.


      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      12. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері санын мамандықтардың санына қарай, жоғары оқу орнының мамандануына, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай білім беру ұйымының кеңесі белгілейтін әдіскерлер болып табылады.


      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      13. Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:


      1) кафедралардың, бөлімдердің, факультеттердің, институттардың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;


      2) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық) кеңестердің қарауы үшін ұсынымдар беру;


      3) оқу-тәрбие процесінің, әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;


      4) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.


      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      14. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына тікелей басшылық жасауды білім беру ұйымы басшысының оқу (оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік) жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.


      Құрылымдық бөлімшелердің оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті органдар: тиісті бөлімшелердің әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестері жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңесінің құрылу тәртібін және қызметін, құрамы мен өкілеттілігін білім беру ұйымының кеңесі анықтайды.


      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      15. Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны пәндік және циклдік комиссиялар, кафедралар, озық тәжірибелі мектептер, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер, практикалық сабақтар және конференциялар болып табылады.


      16. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында пәндік әдістемелік және циклдік комиссиялар үш арнайы және жалпы білім беретін пәндер оқытушылары, мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлері болған жағдайда құрылады.


      Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кафедралар кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша үш оқытушылар болған жағдайда құрылады.



      Әдістемелік комиссияны құру үшін оқытушылар саны жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының басшылығы бірнеше аудандардың, қалалардың бірнеше білім беру ұйымдарындағы тиісті пәндердің (мамандықтары, біліктілігі) педагог қызметкерлерін біріктіретін комиссияның жұмысына қатыстыруды ұйымдастыруы қажет.



      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік комиссияға басшылықты өндірістік оқытудың шеберлері мен аса тәжірибелі оқытушылардың арасынан таңдап алынған төрағалар, орта білімнен кейінгі ұйымдарда - кафедра меңгерушілері жүзеге асырады. Кафедралардың, әдістемелік комиссиялардың жұмысына ғылыми мекемелердің ғылыми және педагог қызметкерлері, кәсіпорындардың мамандары тартылады.


      18. Оқу-әдістемелік құжаттама білім беру ұйымдарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, әдістемелік комиссиясында білім беру орындарының, құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, оқу орны басшысының, басшысының оқу ісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары бекітеді.


      19. Білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, факультеттердің, бөлімдердің) тиісті әдістемелік комиссияларында, кафедраларда, кеңестерде, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшелерде қаралатын жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді және барлық тиісті әдістемелік кеңестерде оң қорытындыны алғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы бекітеді.


      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      20. Оқу жұмыс бағдарламасын және сабақ жоспарларын оқытушылар типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірлейді, ол білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңесінде қаралады және білім беру ұйымы басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.


      21. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды білім беру ұйымдарының оқытушылары әзірлейді. Әдістемелік комиссияның, кафедраның, оқу орындарының, құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінде қаралып, оң пікірлер берілген соң, оқу орны басшысының оқу ісі (оқу-әдістемелік ісі) жөніндегі орынбасары бекітеді.


      22. Облыстық (қалалық) білім басқармасының әдістемелік кабинеттері техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі ұйымдардың және оқу-әдістемелік бірлестіктердің оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді.


      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет