Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы



бет2/4
Дата12.10.2020
өлшемі25,49 Kb.
#66905
1   2   3   4
және жүзеге асыру қағидалары


      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер


     
1. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      2. Осы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.


      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындаушы білім беру ұйымының педагогикалық қызметкері (жоғары оқу орындарынан басқа);


      әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын алқалық басқару нысаны;


      әдістемелік кабинет - ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық ететін білім беру ұйымның, облыстық (қалалық) білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі;


      білім беру ұйымы оқу (оқу-әдістемелік) жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары - білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын тікелей басқаратын басшының лауазымы;


      ғылыми әдістемелік жұмыс - педагогтардың кәсіптік құзыретін арттыру және білім беру процесінің инновациялық проблемаларын шешу арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың және құрылымдық бөлімшелердің бірлескен қызметінің көп деңгейлі, көп функциялы жүйесі;


      оқу-әдістемелік басқарма (орталық, кафедра, бөлім, кабинет) - білім беру ұйымында оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;


      оқу-әдістемелік бірлестіктер - әр түрлі деңгейдегі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру үдерісі субъектілерінің бірігуі;


      оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін салалық (мамандық топтары, пәндер) белгісі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірігуі;


      оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.


      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.



      4. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.


      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      5. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:


      білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;



      білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;



      педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.



      Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:



      орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;



      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне.



      Бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.



      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы Олардың қызметі туралы ережемен реттеледі.



      Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге жүктеледі.



      Кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің



      оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысына басшылық жасау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне жүктеледі.



      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      6. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны




      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      7. Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:


      1) ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың, өзіндік білімнің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;



      2) білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;



      3) сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;



      4) үздік, жаңашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогрессивті идеяларымен, инновацияларымен танысу;



      5) білім алушылардың ғылыми әлеуетін анықтау үшін (Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысу) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;



      6) оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;



      7) педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;



      8) әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу.



      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 27.07.2015 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      8. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:


      1) нормативтік құқықтық құжаттарды, білім беруді басқару органдарының ұсынымдамаларын, оқу-бағдарламалық құжаттарды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу;



      2) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастыру және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар беру;



      3) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізу;



      4) ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау; білім алушылардың білімнің, іскерлігінің дағдысының сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;



      5) педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс іс-шаралар өткізу;



      6) сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;



      7) мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кәсіби шеберлік конкурстарын тақырыптық және ғылыми семинарлар, конференциялар және ғылыми-әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;



      8) педагогикалық, ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге, рефераттарға, әдістемелік әзірлемелер мен құралдарға, оқытудың техникалық құралдары және электрондық-есептеу техникасына шолу жасауды ұйымдастыру;



      9) ынтымақтастық педагогикасы, өзін-өзі басқару жөніндегі жұмыстарды жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісін жақсаруына және еңбекті ұйымдастыру, өзара тексеру және өзара көмектің тиімді нысандарын кеңінен қолдануға білім алушыларды тарту.



      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 507 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:


      1) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды қорыту және тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;


      2) арналған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық үлгеріміне әсерін талдау;


      3) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;


      4) білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;


      5) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;


      6) білім беру үдерісін келешектегі демографиялық, экономикалық және салалық ахуалды ескере отырып, өңірлер бойынша және жалпы ел бойынша жоспарлауды ұйымдастыру;


      7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;


      8) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;


      9) даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;


      10) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;


      11) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау;


      12) білім беру процесін оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;


      13) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;


      14) нормативтік құқықтық құжаттарды, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;


      15) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;


      16) оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;


      17) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып сараптау;


      18) оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдарды әзірлеу;


      19) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;


      20) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;


      21) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;


      22) студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау;


      23) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша тақырыптық ғылыми, ғылыми-әдістемелік семинарларды, конференцияларды, вебинарларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;


      24) ғылыми жобаларды, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу және конкурстарға қатысу, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу процесіне енгізу;


      25) мамандықтар бойынша магистранттарды, философия докторларын даярлауды ұйымдастыру және іске асыру;


      26) диссертациялардың, монографиялардың, ғылыми мақалалардың, ғылыми-әдістемелік әзірлемелердің, жобалардың сараптамасын жасау.


      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.01.2016 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3. Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік және



Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет