Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


СУРЕТ-4.2. БАҒДАРЛАМАДА ШЕҢБЕР САЛУ ӘДІСІ



бет39/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика
Саба жоспары Саба та ырыбы, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР 2
СУРЕТ-4.2. БАҒДАРЛАМАДА ШЕҢБЕР САЛУ ӘДІСІ

Arc әдісінің доғаны эллипс (шеңбер) бөлігі деп анықтайтын параметрлерінің мәндері


Доға. Доға салу үшін Arc әдісі қолданылады. Әдісті шақыру нұсқасының жалпы түрі келесідей болады:
Объект.Canvas.Arc(x1,y1,х2,у2,х3,у3,х4,у4)
мұндағы:
x1, y1, х2, у2 — сызылатын доға бөлігін анықтайтын эллипстің (шеңбердің) параметрлері;
х3, у3 — доғаның бастапқы нүктесін анықтайтын параметрлер;
х4, у4 — доғаның соңғы нүктесін анықтайтын параметрлер.
Бастапқы (соңғы) нүкте — бұл эллипс шекарасымен эллипс ортасынан координаталары х3 және у3 (х4 және у4) нүктесіне жүргізілген түзумен қиылысу нүктесі. Доға бастапқы нүктеден бастап соңғы нүктеге дейін сағат тілі бағытына қарсы сызылады (2 сурет).
Доға сызылатын сызықтың түсі, қалыңдығы және стилі доға сызылатын беттің Реn қасиетінің мәндерімен анықталады.
Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш Rectangle әдісі көмегімен салынады. Әдісті шақыру нұсқасының жалпы түрі келесідей болады:
Объект.Canvas.Rectangle(x1, y1,x2, y2)
мұндағы:
объект — сызу жүргізілетін бет объектісінің (компоненттің) атауы;
x1, y1 жәнех2, у2 —тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары.
RoundRec әдісі де тіктөртбұрыш салады, тек оның бұрыштары домаланған. RoundRec әдісін шақыру нұсқасы:
Объект.Canvas.RoundRec(x1,y1,х2, у2, х3, у3)
мұндағы:
x1, y1, х2, у2 – бұрыштары домаланған тіктөртбұрышты шектейтін тіктөртбұрыштың сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары;
х3 және у3 — төрттен бір бөлігі бұрыштары домаланған төртбұрышты сызу үшін қолданылатын эллипстің көлемі (4.3 сурет).





СУРЕТ-4.3. БҰРЫШТАРЫ ДОМАЛАНҒАН ТІКТӨРТБҰРЫШ СЫЗАТЫН
ROUNDREC ӘДІСІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ

Контурдың түсі, қалыңдығы және стилі Реn объектісі қасиеттерінің мәндерімен, ал тіктөртбұрыш ішіндегі аймақты бояу түсі мен стилі — шығару жүргізілетін беттің (canvas) Brush қасиетінің мәндерімен анықталады.


Тіктөртбұрыш салатын тағы да екі әдіс бар: FillRect әдісі іші боялған тіктөртбұрыш салады, ал FrameRect әдісі — тек контурды салады. Осы әдістердің әр қайсысының тек бір параметрі бар —TRect типті құрылым. TRect құрылымының өрістері тікбұрышты аймақтың координаталарынан тұрады, олар Rect функциясының көмегімен толтырылуы мүмкін.
Көпбұрыш. Polygon әдісі көпбұрыш сызады. Әдістің параметрі ретінде Tpoint типті массив алынады. Массивтің әрбір элементі х және у өрістері көпбұрыш төбелерінің координаталарын сақтайтын жазба болады. Polygon әдісі біртіндеп координаталары массивте сақталған бірінші нүктені екінші нүктемен, екінші нүктені үшінші нүктемен және т.с.с. түзу сызықпен қосады. Сонан соң соңғы және бірінші нүкте қосылады.
Көпбұрыш шекарасының түсі, қалыңдығы және стилі Реn қасиетінің мәндерімен, ал көпбұрыш ішіндегі аймақты бояу түсі мен стилі — шығару жүргізілетін беттің (canvas) Brush қасиетінің мәндерімен анықталады.
Сектор. pie әдісі эллипса немесе дөңгелек секторын салады. Әдісті шақыру нұсқасының жалпы түрі келесідей болады:
Объект. Canvas.Pie(x1,y1,x2,y2,х3,у3,х4,у4)
мұндағы:
x1, y1, х2, у2 — сектор бөлігі болатын эллипсті (шеңберді) анықтайтын параметрлер;
х3, у3, х4, у4 — сектордың шекарасы болатын түзулер ұштарының координаталарын анықтайтын параметрлер.
Түзулердің бастапқы нүктелері эллипс (шеңбер) ортасымен бір. Сектор координаталары (х3, у3) нүктесімен анықталған түзуден бастап координаталары (х4, у4) нүктесімен анықталған түзуге дейін сағат тілі бағытына қарсы салынады.
Нүкте. Программа графика шығара алатын бет Canvas объектісіне сәйкес. TColor типті екіөлшемді массив болатын pixels қасиеті графикалық беттің әрбір нүктесінің түсі туралы ақпаратты сақтайды. Используя қасиет Pixels қасиетін қолданып графикалық беттің кез келген нүктесі үшін керекті түсті орнатуға болады.Мысалы, келесі нұсқа
Form1.Canvas.Pixels[10,10]:=clRed
форма бетінің нүктесін қызыл түске бояйды.
pixels массивінің өлшемі графикалық беттің өлшемімен анықталады.. Форманың графикалық бетінің (жұмыс аймағы, клиенттік деп те атайды) өлшемі Clientwidth және ClientHeight қасиеттерінің мәндерімен, ал image графикалық беттің көлемі —width және Height қасиеттерінің мәндерімен анықталады. Форманың жұмыс аймағының сол жақ жоғарғы нүктесіне pixels [0,0] элементі, ал оң жақ төменгі нүктесіне – Pixels[Ciientwidth - 1, ClientHeight - 1] элементі сәйкес болады.
Pixels қасиетін функциялардың графиктерін салу үшін қолдануға болады.
Биттік бейнелер
Графикамен жұмыс істегенде TBitMap (биттік бейне) типті объектілерді қолданған ыңғайлы. Биттік бейне компьютер жадында орналасады да көрінбейтін графикалық бет болады. Биттік бейнені (суретті) жеңіл және жылдам форманың немесе image шығару аймағының бетіне шығаруға болады. Сондықтан, биттік бейнелерді әдетте аз көлемді бейнелерді, мысалы, командалық батырмалар суреттерін, сақтау үшін қолданады.
Биттік бейнеге керекті суретті жүктеу үшін LoadFromFile әдісін қолдануға болады. Әдістің параметрі ретінде керекті сурет сақталған BMP-файлының атауын көрсету қажет.
Биттік бейнені (суретті) форма немесе иллюстрацияны шығару бетіне шығару үшін Draw әдісін беттің сәйкес қасиетіне қолдануға болады. Мысалы, келесі нұсқа
Image1.Canvas.Draw(x,у, bm)
bm биттік бейненің суреттін image1 компонентінің бетіне шығарады (х және у параметрлері компонент бетіндегі суреттің сол жақ жоғарғы бұрышының координаталарын анықтайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет