ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет3/3
Дата10.11.2016
өлшемі0,83 Mb.
#1426
1   2   3

1. Сабақтың тақырыбы: Музыкалық жанрлар
2. Сабақтың жоспары:

1. Ж анрлардың пайда болу кезеңі.

2. Музыкалық жанрлар – хорал, месса, мадригал, псалма және басқалары.
3.Сабақтың мақсаты: музыкалық жанрлармен таныстыра отырып, студенттердің білімін одан әрі қараай шыңдау.

Сабақтың мазмұны

1. 1476 жылы Батыс Рим империясының құлдырауымен байланысты адамзат өмірінде жаңа кезең орта ғасыр кезеңі басталды. Кәсіптік музыканың негізгі түбірі монастырлар мен собарлар болады. Шіркеу басшылары музыканың адамға өте қатты әсер ететін қасиетін жете білді. Сол себепті 6 нар көпшілікке түсінікті болу үшін, оларға өздерінің ойларын жеткізу үшін, уағыздау үшін музыкаға, халық әуендеріне жүгінеді. Әр уақытта шіркеу басшылары өмір әуендерінің кіргенімен күресіп отырды. VI ғасырда Римде шіркеу әндері біріктіріліп заңды бола бастады. Бұл реформаны папа Григори 1 енгізді. Ол шіркеу әндерінен бір цикл құрды, бұл әндер мен католикалық шіркеулерде ғана орындалып болған. Оны кейінде григорияндық хорал деп атап кетті.



Хор жанрлары.

Сөйтіп орта ғасырда көптеген хор жанрлары пайда бола бастады. Басқа хор жанрлары өздерінің негізін хоралдан алды. Хоралдан кейін секвенциялар, гимндер, мессалар, мотеттер, мадригалдар, псалмалар пайда бола бастады.

2. Хорал деген немістің choral орта ғасырдағы (латынша cantus, choralis) деген сөздерінен шыққан. Ол ән айту деген мағынаны білдіреді. Бұл шіркеулерде айтылатын бір дауысты ән, оны құдайға құлшылық етудің бөлінбейтін бөлшегі десе де болады. Ол католикалық шіркеулерінде орындалған. Хорал басқа хор жанрларының тақырыптық және құрылымдық негізін қалаған классицизм бағытын бастаған көне жанр. Хоралдың вокалды хор өңдеулері аккордтық, гармониялық құрылымда жазылған. Хорал ораториялардың, кантаталардың, қайғырулардың (страсти) негізгі бөлінбейтін бөлшегі болып сақталып қалды. Мысалы: “Страсти по матерею”.

Месса - көпдауысты циклдік, вокалды-хор шығармасы. Ол католикалық шіркеудің негізгі құдай құлшылық ететін әнінің сөзіне жазылған. Месса музыка жанры ретінде XIV ғасырда пайда болды.

Мотет XII ғасырда Францияда пайда болған көп дауысты вокалды – хор шығармасы. Бұл жанр XVIII ғасырға дейін бүкіл Батыс Европаға таралған музыка жанры.

Мадригал итальян тілінен шыққан madrigale лат. matricale ана тілінде орындалатын ән деген мағынаны білдереді. Бастапқы кезде мадригал латын тілінен өзгеше итальянша ана тілінде бір дауысты ән болып орындалып жүрді. Ал жаңару заманында бір дауысты әннен көп дауысты әнге айналды. Би ақсүйектік мазмұнды жазылып Итальяға, Францияға, Англияға және басқа да Европа мемлекеттеріне тарады.

Псалма дегеніміз Библияның бірінші бөлімінен алынған діни әндер мен дұғадан тұратын ән. Мелодиялық декломациядан жазылған псалмалар жинағы “Псалтырь” деп аталады.

Қазіргі уақытта егеменді Қазастан Республикасындағы жоғарғы оқу орнындағы университет пен педагогикалық институттың алдында жастарды тәрбиелеуде, жас мамандарды жан-жақты заманға сай дайындауды түбегейлі жақсарту мәселелері көтеріліп жүр.

Жастар тәрбиесіне бұрын да көп көңіл бөлінетін республикамыздың егеменді тұсында тәрбиенің маңызы арта түсуде. Жоғарғы оқу орындары дүниежүзілік стандартқа сай ішкі жан дүниесі таза, рухани бай, музыкалы орындаушылық шеберлігі жоғары теориялық білімі терең, тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы, белсенді, тәжірибелі маман даярлауы тиіс.

Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. Бұл арнайы пәннің мақсаты хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтріп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.



5. Бақылау сұрақтары:

1. Хорал қай ғасырда пайда болды.

2. Мадригал дегеніміз не?

3. Псалма дегеніміз не



10. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ




СӨЖ – тақырыптары, мазмұны

Кредит, сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

1. Кіріспе. Хор әдебиеті пәнінің міндеттері

1.1

Хор әдебиеті бойынша жазылған еңбектерді оқу

1

Коллоквиум

14,16,

1.2

К.Ольхов, Вл.Соколовтың еңбектерін оқып талдау

1.3

Акапеллалық шығармалар

2. Хор өнеріне жалпы шолу

2.1

Шетел хор мәдениеті

1

Реферат

13,4

2.2

Хор өнерінің мәдениеттік жән әлеуметтік маңызы

2.3

Хордың түрлері. Хордың құрылымы

1

2.4

Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие берудегі хордың алатын орны

3. Әлем халықтарының хор мен ән салу мектебі

3.1

Ежелгі, орта ғасырдағы ән салу өнері.

1

Коллоквиум

14, 15

3.2

Греция, Франция, (Рим және Милан) Германия, Италиядағы ән-хор өнерінің дамуы.

3.3

Ресей хор бірлестіктері

1

3.4

Ресей хор мәдениеті орыс княздігі, шіркеулер мен собор төңірегіндегі хормен ән салу дәстүрлері (Украйна, Беларуся, Грузия, Балтық жағалауындағы Эстония, Молдавия және Орта Азия )

4. Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композиторлары

4.1

Көрнекті хор дирижерлары – А.А. Юрлов, К.Б. Птица, Г.Струве, Вл. Соколов шығармашылығы

1

Коллоквиум

11, 12.

4.2

Хорға арналған шығармалар жазушы композиторлар: Қ.Қуат баев, И.Нүсіпбаев, Б.Байқадамов т.б.

4.3

Халық әндерін хорға лайықтаушы және өңдеуші қазақ композиторлары

1

4.4

Жеке әнді хорға лайықтап, өңдеушілер

5. Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары

5.1

Хор поэмалары: С.Мұхамеджанов „Табиғат“, Ғ.Жұбанова „Менің Республикам“

1

Коллоквиум

2, 4, 8, 11, 12.

5.2

Е.Рахмадиев „Балқаштағ кеш“, Д.Ботбаев „Сәлем саған“

1

5.3

М.Төлебаев „Жастық шақ“ Б.Байқадамов „Көктем мерекесі“

1

5.4

„Қыз Жібек“ операсындағы хорларды тыңдау

„Біржан Сара“ операсындағы хорлармен танысу



1

6. Орыстың опералық-хор туындылары

6.1

Опера хорлары

1

Коллоквиум

5, 8, 13, 15

6.2

А.Бородин, „Князь Игорь“ операсы

1

6.3

Римски-Корсаков, балаларға арналған ертегі опера туындылары

1

6.4

М.Березовский, Д.Бортнянский дің опералары

1

7. Халық әндерінің хор репертуарларынан орын алуы

7.1

Халық әндерінің орындалу ерекшеліктерін аңғару және халықтық сипатын анықтау

1

Реферат

6, 15

7.2

Хор репертуарындағы халық әндері

1

7.3

Хор репертуарларына халық әндерін өңдеушілер

1

7.4

Хор шығармаларына талдау жасау

1

8. Балалар хор шығармашылығы

8.1

Балалар хор репертуарна үлесін қосқан композиторлар

1

Коллоквиум

15, 13, 9

8.2

Балалар хор студиясы - „Елім-ай“, „Романс“

1

8.3

„Ер балалар хоры“, „Ер-Тарғын“ тағы басқа жас жеткіншектер хоры

1

8.4

Балалар хор туындыларына талдау жасау

1

9. Шетел классик композиторлары

9.1

Батыс Европа музыка мәдениеті

1

Коллоквиум

13, 9

9.2

Шетелдік хор музыкасы

9.3

Л.Бетховен, К.Вебер, Ф.Мендельсон, Р.Шуман - ән-хор туындылары

1

9.4

Музыкалық жазылу стилі мен орындалу ерекшеліктері

10. Музыкалық оқу мекемелері

10.1

Көркемөнерпаздар хор үйірмелері

1

Коллоквиум

15,18,22

10.2

Б.Байқадамов атындағы хор капелласының репертуарларымен танысу

10.3

Хор өнерін өркендету шаралары: конкурс, олимпияда, байқауларға қатысу

1

10.4

Концерттік қойылымдар мен театрға бару

11. Кантата, ораториялар, сюиталар

11.1

ХVІІ ғасырдағы жазылған кантата, оратория және сюиталар

1

Глоссарии

15, 13, 9

11.2

Кантата, ораториялардағы көпдауысты хорлар

11.3

Б.Байқадамов „Көктем мерекесі“ сюитасы

1

11.4

С.Мұхамеджанов „Ғасырлар үні“ ораториясы

12. Музыкалық жанрлар

12.1

Хорал жанрында жазылған хор туындылары

1

Глоссарии

20,23

12.2

Реквием, Мадригал жанрында жазылған хор туындылары

1




Барлығы:

31









11.ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Хрестоматия по хоровой литературы. Құрастырған С.Попов. Москва Музгиз.

  2. Основы русской народной песний. Попова Т.В. М.1977.

  3. Основы народного многоголосия Касталский Л-М.

  4. Гозенпуд А.А. “Оперный словарь”. Москва 1965г.

  5. Мартынов И.И. Музыка Испаний 1977г.

  6. Фолья М. “Статьи о музыке и музыкантах”. Москва 1971г.

  7. Мир музыки. Марк Зильбергквит Москва “Детская литература” 1988ж.

  8. “Музыка”. Золотой фонд. Энциклопедия Москва 2003г.

  9. А.Жұбанов “Ғасырлар пернесі” А.1975ж.

  10. А.Жұбанов “Замана бұлбұлдары” А. 1975ж.

  11. “Қазақ фольклористикасының тарихы”. А 1983 ж.

  12. “Қазақ даласының жұлдыздары” А 1995 ж.

15.Зарубежная музыкальная литература. Выпуск1. Состовители С.Лаппо, Д.Локшин. Москва 1964.

  1. Зарубежная хоровая литература Выпуск 2. Сост. Д.Локшин 1964.

  2. Зарубежная хоровая музыка XIX-XX век. Сост. К.Птица, Б.Куликов. Москва 1969.

  3. Қазақстанның музыка әдебиеті. П.Аравин, Б.Ерзакович. Мектеп баспасы 1957.

  4. Хоровая культура Казахстана Арикайнен Алмата 1976.

  5. Оперно-хоровое искуство. А.Айдарбеков. Алматы 1988.

  6. Ән-күй сапары . А. Жұбанов. Алматы 1964.

  7. Асафьев А.Б. Хоровая литература. В сб. Русская музыка XIX-XX и начало века.Л., 1968.

  8. Вопрсы хороведения на музыкально – педагогическом факультете 1981.

  9. К.Н. Дмитриевкая Русская советская музыка. М. 1974.

  10. Б.Г. Ерзакович, З. Қ.Қоспақов. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Алматы ғылым баспасы 1986.

  11. Қазақстанның музыка мәдениеті. Құрастырған Аравин, Ерзакович. Алматы мектеп баспасы 1957.

  12. Б.Г.Ерзакович Народная музыка Казахстан. Алматы, жазушы 1975.

  13. А. Жұбанов «Ән сапары» Алматы 1975.

12 .ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Билет №1

  1. Қазақтың халық әндерінің тақырыбы.

  2. М.Төлебаев. «Біржан – Сара» операсындағы хорлар.

  3. П.И. Чайковский.


Билет № 2

  1. Композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамидидің хор өнеріне қосқан үлесі.

  2. Ежелгі орта ғасырдағы хор мәдениеті.

  3. П.Г. Чесноков


Билет № 3

  1. Халық әнін жинаушы, зерттеуші, этнограф – А.В. Затаевич.

  2. Қ.Қожамияровтың опералық-хор шығармалары.

  3. П.Г. Чесноков.


Билет № 4

  1. Халық композиторлары: Абай, Әсет Мұхит, Біржан-сал, Ақан-сері, Естай, Майра, т.б. әндерінің хор репер туарынан орын алуы.

  2. Е.Брусиловский. «Қыз – Жібек» операсындағы хорлар.

  3. В.Щебалин.


Билет № 5

  1. Қазақстанның хор мәдениетіне шолу.

  2. Балалар хор шығармашылығы.

  3. Кантата, оратория, сюита.



Билет №6

  1. Әлем халықтарының ән салу дәстүрі.

  2. Орысты опералық хор туындылары.

  3. Музыка жанрлары: Реквием, Хорал, Мотет, Мадригал, Месса.


Билет №7

  1. Хор өнерін дамыту шаралары.

  2. Е.Рахмадиев. «Қамар – сұлу», «Айсұлу», т.б. опера-хор шығармалары.

  3. Вл. Соколов.


Билет №8

1. Х алық әндерінің хор репертуарынан орын алуы.

2. Қазақстандағы алғашқы зерттеулер. (С.Г. Рыбаков, А.Левшин, Г.Потанин, А.Аллектров, Ш.Уәлиханов, т.б.)

3. Классик композиторлар: В.Моцарт, Р.Шуман, Ф.Шуберт, т.б.


Билет №9

1. Абайдың музыкалық мұрасы. (хорға лайықтаған әндері)

2. А.Бородин. «Князь Игор» операсы.

3. Маманданған хор коллективтері.


Билет №10

1. Әлем халықтарының хормен ән айту мектебі.

2. «Қыз Жібек» операсына талдау жасау.

3. Ресейдің хор өнері.


Билет №11

1. Халық әндерін хорға лайықтаушылар, өңдеушілер

2. Капелланың репертуар ерекшеліктері

3. Оқушылар хорын ұйымдастыру


Билет №12

1. Кантата, оратория, сюиталардың жазылу формалары.

2. Балалар хорына үлесін қосқан композиторлар

3. Дауыстың түрлері және тесситура


Билет№13

1. Қазақстандағы хор мәдениетіне үлесінқосқан композиторлар

2. Дауыс аппаратының регистрі

3. Аралас хор құрамына арналағн шығарманың анасмабль ерекшеліктерін талдау


Билет№14

1. Көрнекті хор дирижерлары

2. Вокалды-хор техникасының элементтері.

3. Ансамбльдің музыкалық шығарманың фактурасына байланыстылығы




Билет №15

1. Көрнекті хор дирижеры В.Соколов

2. Нюанстар, орындалу амалдары

3. Ө.Байділдаев «Май жыры»


13. СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМІН

РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Білім беру ісіндегі басты приоритет – студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы – студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.

Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау – оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.

Студенттердің білімін бағалау кредиттік оқыту жүйесінің міндетті элементі болып кіреді.

Қорытынды бақылау-емтихан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау үшін өткізіледі.

Емтихан компьютерлі, жазбаша тестермен немесе ауызша, жазбаша түрде өтеді. Емтиханның өту формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.

Студенттің білімін бағалау рейтингтік балл екі бөліктен тұрады: біріншісі – рейтинг балының 40% құрайды, оны студент күнделікті бақылау (ОБСӨЖ), СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін жинақтайды. (А1;А2-жетінші және он төртінші апталарда өткізілетін аттестаттау балдары), екіншісі – рейтинг балының 60% құрайды, ол қорытынды бақылау – емтиханның нәтижесі осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші:

R=(А1+А2)x0,6 + Э x0,4

Рейтингтің жоғарғы мәні – 100 балл

Студенттің оқу жылындағы академиялық үлгерімі GPA мәні былайша есептеледі:



GPA =

И1 , И2 ,..., ИП – студенттің қорытынды балының сандық баламасы.

К1 , К2 ,..., КП – студенттің оқыған пәндер кредиті

1 курс студенті келесі курсқа көшу үшін GPA мәні «+Д» – 1,33 (55-59%) балдан кем болмауы керек, 2 курс студенті үшін – «+С» – 2,33 (70-74%), 3 курс студенті үшін «В-» – 2,67 (75-79%) кем болмауы керек.

Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:


Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары

Бағалаудың -тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы

А

3.67

90-94

В

3.33

85-89

Жақсы

В

3.0

80-84

В

2.67

75-79

С

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2.0

65-69

С

1.67

60-64

D

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Пәннен F деген баға алаған студент деканат белгіленген мерзімді оны қайта тапсыру керек.



Бұл градация GPA-ді / студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет