ОҚУ Әдістемелік кешен


Тақырыбы: Компьютерлік желілер



бет11/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#12529
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Тақырыбы: Компьютерлік желілер



Жоспар

  1. Компьютерлік желі

  2. Компьютерлік желілердің түрлері

  3. Негізгі желілік топологиялар

  4. Желілік технологиялар.

Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.
Компьютерлік желі- дегеніміз- бір – бір імен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатнас жасауына арналған апарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп. дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік апарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметтерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютердегі мәліметтер базасымен қатнас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

-желімен қатнас құруды ұйымдастыру;

-лардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

-елі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.



Компьютерлік желілердің түрлері


Жергілікті және аймақтық – таратылған желілер.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлермен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер деп.-дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері ролін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді штекері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес комп’ютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп. аталады.

Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстар өте қашықта орналасқан бір компанія компьютерлері арасында атқра алады.

Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.

Кез – келген компьютерлік желі жұмысы топология, хат тама, інтерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар- компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамассыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамссыз етеді.

Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.


Протокол дар –желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатнас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модуль дер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік топологиялар


Желіні атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мунда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады.

Жұлдыз тәрізді топология. Мунда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.

Сақиналық топология. Мунда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын ара лап шығады да, он коректі комп’ютер қабылдған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі-кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.


Мәліметтер базасы


Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады. Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтер базасы алкен компанія үшін құрылған болса ше? Ондай да бұл мәліметтерді бір мезетте екі – үш адам пайдалануға тура келеді. Ал, ол компаниялардың филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашық орналсса ше? Мұндайда мәліметтер базасын қажет еткендер уақытша қалай пайдалана алады?

Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверне орналастыру керек. Желінің жұмыс станциялары жерделі термінал ролін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден скрап, оның дискісінен Альп отырады. Мәліметтер базасынынң басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, коректі мәліметтер жұмыс станцияларына жіберіліп отырады. Сервер лік комп’ютер әр жерде орналасқан ЭЕМ –дермен (яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.

Лекция 10

Тақырыбы: Интернет

Жоспар

  1. Интернеттің негізгі түсініктері

  2. Интернетке қосылу

  3. Word wide web – тің негізгі түсініктері

  4. Гиперсілтемелермен жұмыс істеу.


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады. Интернет сөзінің тікелей аудармасы – желіаралық, яғни желілердің бірігуі деп түсінеміз. Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бір-біріне жалғануын айтады.

Барлық компьютерлік желілерден пайдаланудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, программалық және ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы және т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.

Қашықтағы компьютерлерде сақталған мәліметтер ақпараттық ресустарды құрайды.

Компьютерлік желідегі аппараттық және программалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты программалар қызмет етеді. Соңғы жылдары Интернет ұғымының мағынасы кеңейіп, ол Бүкіл әлемдік компьютерлік желі дегенді білдіреді. Шындығына келсек Интернет өзара тікелей қосылған компьютерлердің жиынтығы емес,ол қандайда бір ақпараттық кеңістікті құрайды.

Интернетте жұмыс істеу дегеніміз –– шындығына келгенде толығымен алғандағы Интернетте емес, тек оның көптеген қызмет түрлерінің біреуінде жұмыс атқару.

Қарапайым тілмен айтсақ, қызмет түрі деген қандайда бір ережелерге сай өзара қарым қатнаста болатын хаттама деп аталатын программалар жұбы.Осы жұптың программасының біреуі сервер, екіншісі –– клиент деп аталады. Әрбір қызмет түрінің әр алуан хаттамалары бар. Интернеттің қызмет түрлерінің хаттамалары қолданбалы хаттамалар деп аталады. Мысалы, Интернетке файылдарды жіберу үшін арнайы FTR қолданбалы хаттамасы пайдаланылады.Сәйкесінше интернеттен файл алу үшін мынадай іс әрекеттер жасау қажет:

Компьютерде FTR клиенті болып табылатын программа орнату;

 FTR қызметін ұсынушы сервермен байланыс орнату.

Тағы бір мысалы, электрондық поштаны қолдану үшін хабарды жіберу және қабылдау хаттамалары қажет. Ол үшін пошталық клиент программасы компьютерге орнатылады және пошталық сервермен байланыс түзіледі.


Интернетке қосылу


Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;

IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );

 Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка обарадувания)құралының көмегімен орнатады.



Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:

Байланыс жүргізілетін телефонның номері;

Қолданушының аты (Login)

паролі (password)

сервердің адресі.

Word wide web – тің негізгі түсініктері

Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімді дайындалған.Құжаттарды тасымалдау мен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін Word wide web (web,WWW) деп атайды.Бұл сөздің аудармасы бүкіл дүние жүзілік өрнек дегенді білдіреді. Word wide web–– қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен web құжаттар жиынтығын айтады.

Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді web-сервер деп атайды.WWW-дің құжаттары web – серверлерде сақталады.WWW орта дегеніміз web – серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпаратық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды web-беттер деп атайды.Тақырып бойынша топтастырылған web беттерді web-тораптар деп аталады.

( жаргондық термині–– web–сайт).

Дайын материалды web тораптарда орналастыру web – басылым деп аталады.

Word wide web-тағы жеке құжатты web–бет атайды .Әдетте бұл әр түрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат.Оның құрамында мәтінде гафиктік бейнелер де мултимедиалық және басқа енгізілетін обектілер болады.

web–беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді.Ол командалар тегтер деп аталады.

Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу –HTML(HuperText Markup Language).Сонымен web–құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен . Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML–құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер эранда көрінбейді,тек құжаты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын web беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады.Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.

Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір web құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады.Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқаннның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс web серфинг деп аталады.Егер осы кеңістіктегі әрбір құжатттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді.Бүкіл әлемдік масштапта әрбір файлдың адресі ресустардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса)анықталады. URL-адрес үш бөліктен тұрады:

Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету.Мысалы,WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Huper Text Transter Protocol- хаттама передачи гипертекста ):

http://

хаттаманың атынан кейін :және // белгілері қойылады.



Компьютердің (сервердің )домендік атын көрсету:

http://www.enu.kz

Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты ww.khabar.kz,Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com,”Огонек”журналының web-серверінің домендік аты www.ogonyek.ru,(соңындағы ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)

Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/”символын қою арқылы )

http:/www.enu.kz/files/Myfiles/xyz.zip

(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі).

Web- броузерлер

Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді.Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай,оның логикалық құрылымын анықтап береді.Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

 Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;

 Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу ;

 web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;

web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;

 Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.

4.4.Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері

Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар –Web –серверлер қамтамасыз етеді.Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар –web –броузерлер атқарады.Ең көп тараған броузерлер –– Internet Explorer, Netscape Navigator,Opera.Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойылады, және оның бөлінбейтін компаненті болып табылады.

Internet Explorer броузерін іске қосу үшін

Іске қосу →Программмалар → Internet Explorer (Пуск →Программы → Internet Explorer ) командасын орындау қажет.

Егер интернетпен байланыс жоқ болса,эранда байланыс орнатудыбасқару сұқбат терезесі пайда болады.Байланыс орнату мүмкін емес жағдайда,бұрынғы жүктелген web құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.

Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынған бастапқы бет экранда пайда болады.



Web- бетті ашу және көру

Бастапқы бетте барлық мәтіндік,графиктік және мультимедиалық объектілер бейнеленді.Көруді басқару меню жолының,аспаптап панелінің,гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі.Егер сізге қажет Web беттің (7-сурет)

URL- адресі белгілі болса,оны панельдегі Адрес өрісіне енгізіп,Өту батырмасын басу қажет.Ағымдағы беттің орнына,Адресі көрсетілген бет ашылады.Сонымен қатар адрес өрісінен тізімдегі бар адресті таңдап алуға болады.

Гиперсілтемелермен жұмыс істеу


Интернетте қозғалыс көбінесе URL- адрестің көмегімен емес, Гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі.Web-беттегі гиперсілтемелер асты сызылған көк түсті мәтінмен бейнеленді. Гиперсілтемеге тышқан нұсқағышын алып барса,оның пішіні саусақтың түріндей болып өзгереді.Сілтемеде көрсетілген Web- құжаттың URL- адресі қалып –күй жолында көрсетіледі.

Web – беттерде графиктік сілтемелерде көп кездеседі.Гиперсілтемелерде олардың жанама менюі арқылы қосымша мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Ағымдағы бетке және олардың элементтеріне қатысты басқа да амалдарды жанама меню арқылы орындауға болады. Мысалы, беттегі суретті:

файл ретінде сақтауға болады. (сохранить рисунок как);

 жұмыс үстелінің фоны немесе активті элемент ретінде қолдануға болады.(Сделать рисунком рабочего стола,Сохранить как элемент рабочего стола ).


Броузерді басқару тәсілдері


Web- құжаттарды қарап шығу үшін аспаптар панеліндегі кәдімгі батырмалар (Обычные кнопки) пайдаланылады. Бұрын қарап шыққан беттке қайта оралу үшін Артқа (Назад) батырмасын басады.Қайта сол орынға қайту үшін Алға (Вперед) батырмасын басу керек.

Егер жүктелу процессі ұзаққа созылып кетсе Тоқта (Стоп) батырмасын басады. Броузер жұмысын бастаған бастапқы бетті қайта жүктеу үшін Үйге (Домой) батырмасын қолданады. Программамен жұмысты аяқтау және терезе құру, ашылған құжатты өз компьютерінде сақтау, оны баспаға шығару,дербес режимді қосу немесе ағыту жұмыстарын Файл менюінің командалары орындайды.Құжаттың буферін алмасу буферіне көшіру және Web- бетте мәтінді іздеу Түзету (Правка) менюіндегі командалардың көмегімен жүргізіледі.Аспаптар панелін,қалып күй жолын қосымша панельдерді ағытып қосу, қаріпті таңдау Түр(Вид) менюі арқылы орындалады. Броузерді баптау,Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге көшу Сервис менюінде орындалады.

Таңдамалы (Избранное) менюі жиі қатынап тұратын беттердің тізімін жүргізу үшін және оларға жылдам қатынау үшін қолданылады.

World wide web –те ақпарат іздестіру

Интернеттің ақпараттық кеңістігінің өлшемі өте ауқымды, шексіз ол бірнеше милиардтаған Web құжаттарды қамтиды.Осы қаптаған ақпараттың ішінен өзімізге қажетті құжатты іздеп табу қиынға түседі.Әрине керек ақпаратты URL-адресі бойынша тауып алуға болады.Бірақ World wide web қызмет түрінің өз іздестіру жүйелері бар.Қолданушының сұранысын қанағаттандыратын беттерге жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді.

Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар:

 Іздестіру каталогтары ;

іздестіру нұсқағыштары .

Іздестіру каталогтарының құрылысы ірі кітапханаларға ұқсас.Ондағы ақпарат тақырып бойынша каталогтерге топтастырылған.Қандайда бір іздестіру каталогіне кіріп,оның негізгі бетінен ірі тақырыптарға бөлінген тізімді аламыз. Тізімдегі әрбір жазба гиперсілтеме түрінде берілген қандайда бір тақырыпты алу үшін сол гиперсілтемеге шерту жеткілікті.Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алуға болатын келесі бетті ашып аласыз. Дүние жүзіндегі ірі іздестіру каталогтарының бірі Yahoo!.. Ресейдің ең ірі іздестіру каталогі “Атрус” (atrus.aport.ru).

Іздестіру нұсқағыштарының жұмыс істеу принціпі ақпаратты түйінді сөз бойынша іздестіруге негізделген.Қазіргі таңда әлемде он мыңға жуық іздестіру нұсқағыштары бар.Олардың ішінде кеңінен танымалдары Google(www.google.com),Netscape Search(www.search.netscape.com)6Fast Search (www.alltheweb.com),Northern Ligth (www.northernligth.com),Go To (www.goto.com)және т.б. Ал Ресейдің белгілі іздестіру нұсқағыштары Iandex (www.yandex.ru),”Апорт 2000”(www.aport.ru), “Ремблер”(www.rambler.ru).

3 кредит


Лекция 1

Тақырыбы: Электрондық пошта

Жоспар

  1. Электрондық поштаның жұмыс істеу принцптері.

  2. Электрондық пошта жүйесіндегі адрестер.

  3. Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымалы программалар.

4.Электрондық поштаның құрылыымы.
Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.
Бұл Интернеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі.Онымен қамтамассыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын программа жүргізіледі.

Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне жөнелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады.Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компютеріне жіберіледі.



Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым–қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа- сервер тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады. Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген.Біреуі шығатын хабарды жіберуге,екіншісі келетін корреспонденцияны қабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электрондық пошта жұмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін “Пошта жәшігі” деп атайды.

Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP Simple Mail Transfer Protocol –простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі РОР3 хаттамасымен жүргізіледі (Рost Office Protocol 3- протокол почтового отделения,

версия 3).
Электрондық поштатамен жұмыс істеу реті.

Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін қолданушы келесі амалдарды орындалуы қажет:


  1. SMTP және РОР3 хаттамаларын ұсынушы қызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде клиент SMTP- дің есепке алу жазбаларын алады.Бұл жазбаларды интернетке жалғаушы сервис провайдерлер береді.

  2. Өз компютерінде электрондық поштаның программа-клиентін орнатады.

  3. Пошта клиентін SMTP және РОР3 жазбаларымен жұмыс істеуге бейімдеп, баптайды.

  4. Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап,қабылдаушының адресін енгізіп , жіберу командасын орындалуы қажет.


WWW –ге негізделінген электрондық пошта.

SMTP және РОР3 хаттамаларына негізделінген кәдімгі пошта Е-mail деп аталады.Бұл пошта Wed- броузерлермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген қолданушыға өте қолайлы. Бұл жеке қызмет түрі емес,жоғарыда біз қарастырған НТТР хаттамасы негізінде WWW қызметінің құралдарымен жүзеге асырылған сервис болып есептеледі.Интернет жағынан бұл сервис кәдімгі Web – серверлермен, ал клиент жағынан кәдімгі Web-броузерлермен жүргізіледі.

Web-mailмен жұмыс істеу реті:

1) Web-mail электрондық поштасының есепке алу жазбалары Web-сайт қызмет түрінде дайындалады.Оған қосылу үшін броузердің көмегімен кәдімгі URL-адресі бойынша өтеді. Тіркелу қайсыбір

Web-бетте НТМL қалыбын толтыру арқылы жүргізіледі.

2) Хабарды даярлау және жіберу Web қалыптың өрістерін толтыру арқылы орындалады. Даяр болған хабар шындығында НТМL пішімінде жазылған құжат болып табылады.Яғни ол қаріптік және түстік пішімделген, фондық бейнесі бар енгізілген графикасы және басқа да обьектілері бар Web-құжат болып есептеледі.

3) Web -mail адресіне қабылданылған хабар серверде сақталынады және оны броузердің көмегімен кәдімгі Web – бет сияқты көруге болады.Қажет болған жағдайда оны өз дискетіңізге көшіріп алуға болады.

Электрондық поштаның құрылыымы.

Электрондық поштаның әрбір жеке хабарын мәліметтер базасының жеке жазбалары ретінде қарастырылған дұрыс. Сонда РОР3 “пошта жәшігі” – қашықтатылған мәліметтер базасы болса,ал компютерде қабылданылған хабарлар жергілікті мәліметтер базасы деп есептеуге болады.Сонымен, әрбір хабар мәліметтер базасының жеке жазбасы болып табылады.Ал әрбір жазбаның өрісі болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет