Оқу әдістемелік кешен


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет3/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті
Басқ псих -1-лек, Аймаханбет Ләйлә.Эссе
7 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

Ш.Б. Абдиев, Г.С. Бағжаева. «Қазақ тілі» (жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған оқу құралы) «Арыс» баспасы 2002 ж.

Қосымша

1. С.Хасанова. Кестелі грамматика
2. Т.Әбдіғалиева.Оқу құралы1«Ана тілі», 1996ж.
3. Б. Тұрғамбаев.Вы говорите по-казахски? «Балауса», Алматы, 1992ж.
4. К.Сариева. Қазақ тілі және елтану.Оқулық.«Балауса», Алматы, 1997ж.
5. Ш. Бектұров. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Оқулық.«Фолиант», Астана, 2003ж


Кіріспе


Оқу құралы мемлекеттік тілде іс жүргізуді үйрету мақсатындағы 26 сабақты қамтиды. Талданатын материал ретінде әр сабақта іс жүргізуде жиі қолданылатын әр түрлі сипаттағы құжаттардың негізгі қызметі мен мазмұнын, мақсатын түсіндіретін анықтамалардың мәтіні берілді. Бұл мәтіндер әр сабақтың негізгі талдау нысаны болып табылады. Әр мәтіннің соңынан мәтінге арналған сөздік, грамматикалық мәліметтер мен жаттығулар топтамасы беріліп отырады. Сабақтың қорытындысы шағын тест тапсырмалары арқылы шығарылады.


Жинаққа басқару құжаттары, ақпараттық-анықтамалық құжаттар және еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар енді.
Әр мәтінге арналған қазақша-орысша сөздікте берілген сөздер мен сөз тіркестерінің, сөз оралымдарының орыс тіліндегі баламалары сол сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасына емес, грамматикалық мағынасына, яғни контекстік мағынасына сәйкестендіріліп берілді.
Оқу құралында грамматикалық мәліметтер магистрантардың бұған дейін алған білімін дамыту, ұштау, бекіту мақсатында берілді. Әр мәтіннен кейін берілетін грамматикалық мәліметтер тыңдаушылардың нақты мәтінді түсіну, игеру, талдау, саралау барысында олардың сауатты жазу дағдысының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Оқулықта берілген жаттығу тапсырмалары өтілетін сабақтағы іс құжат үлгісі мен грамматикалық мәліметтің мазмұнына негізделіп жасалды. Жаттығулар тыңдаушының еркін оқып, еркін сөйлеу, толық түсіну, мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізу, екі тілде дұрыс аударма жасау, сауатты жаза білу, іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлгілерін қатесіз, сапалы толтыра білу дағдыларын дамытуды көздейді.
Оқулықта өтілген сабақтарда қарастырылған іс құжаттарының ресми және мемлекеттік тілдердегі үлгілері берілді. Бұл үлгілер сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта магистрантардың белгілі бір құжат түрін толтырып дағдылануына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет