ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет2/3
Дата26.06.2018
өлшемі253,5 Kb.
#44700
1   2   3

Ф. Фребельдің балалар бақшалары. XIX ғасырдың екінші жартысында — XX ғасырдың басында Европада неміс педагогы Фридрих Фребельдің (1782—1852) мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды.

Фребельдің педагогикалық жүйесінің қарама-қайшылығы болды. Ол рухты бастапқы, бұл материядан басым тұрады деп пайымдайтын идеалис-тік философияға негізделді. Фребель тәрбиені адам бойында тумысынан болатын төрт: іс-әрекеттің, танымның, көркем және діни инстинктердің дамуы деп түсінді. Тәрбие мақсаты — баланың бойында әуел баста құдай берген, барлық адамға тән қасиетті анықтап білу. Табиғи дарындылық принципіне Фребель нақ осындай түсінік берді. Ол тәрбие табиғаттың бер-геніне ештеңе қоспайды, тек езініқ бойыңа біткен касиеттерді дамытады деп есептеді.

Сонымен бірге Фребель табиғаттағы үздіксіз даму туралы және адам-ның өмір бойы дамуы туралы бағалы да маңызды ой-щкірді насихаттады. Мектепке дейінгі тәрбиеге орасан маңыз бере отырып, оны ойынды дамы-тудың негізгі құралы деп санады, баланың дене мен психика жағынан қа-лыптасуында оның үлкен роль атқаратындығын көрсетть Балалардың табиғи ерекшеліктеріне сүйеніп Фребель баланың Іс-әрекетіндегі және бас-қа балалармен араласуындағы қажетсінулерін қанағаттандыру үшін оны кұрдастарының қоғамында тәрбиелеу керек деп санады. Ол бұл идеяны педагогикалық жағынан терең негіздеді және оны көпшілікке әйгілеу, ке-ңінен тарату жөнінде кеп іс тындырды.

Фребель «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай қабылданды. Мектепке дейінгі мекеменің бұлай аталуынан, сондай-ақ тәрбиеші әйелді Фребель «баулаушы» деп атағанды-ғынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюі-не және дамуына көмектесуге шақырғаны, мақсатты педагогикалық ық-палдың маңызына жоғары баға бергені айқын керінді.

Фребель дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады, оларды жүргізу женіндегі методикалық нұсқауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізу-дің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тэрбие прак-тикасын едәуір байытты. Фребель сәби және мектепке дейінгі жастағы ба-лалардың тілі қалыптасу кезеңдерін егжей-тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудан бұрын оның атын білу қажеттігін талап етті. Балалардың түрлі материалдармен (таяқшалар, мозаика, моншақ, сабан, қағаз) істей-тін жұмысы жөнінде Фребельдің ұсыныстарында көп' құндылык болды.

Фребельдін идеялары кең таралды, әйтсе де балалардың іс-эрекеттері-не тым көп шек қойғаны, жаттығулармен сабақтардың күрделілігі, бала-ның табиғатын мистикалық тұрғыдан түсіндіргені үшін бұл идеяларды прогресшіл педагогтар сынға алды. Фребельдің маңызы педагогика тари-хында мынамен анықталады: ол мектепке дейінгі мекемелер жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылым-ның дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. Ол мектепке дейінгі тәрбие идеясын насихаттау және балалар бақшаларын кең тарату үшін көп іс тындырды.


3-тақырып. ХVІІІ-ХІХғ бірінші жартысындағы дворяндық- мемлекеттік педагогика.

1. Ресейде мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.

2. Н.И.Новикованың және В.Ф.Одевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы мен еңбектері.
Россияның мемлекеттік жағынан орталықтандырылуы, ол әсіресе I Петрдің патшалық еткен түсында күшейіп еді, кептеген панасыз балаларға қамқорлық жасауға мемлекеттік сипат беру қажет дегенге жеткізді. 1706 жылы «тастанды балаларға арналған үй» ашылды немесе ол некесіз туылған балалар үйі деп те аталды. I Петрдің бұйрығы бойынша кейбір монастырьлар жанынан өзіндік тәрбие үйлері ашылған болатын. XVIII ғасырдың екінші жартысында Петербург пен Москвада тастанды-балалар мен панасыздар үшін мемлекеттік жетімханалар ұйымдастырылды. 1763 жылы Москвада тәрбие үйі ашылды, кейіннен оның филиалдар бірқатар калаларда жұмыс істей бастады.

Жетімханалар мен тәрбие үйлерінде, әсіресе емшектегі балалар арасында өлім-жітім қисапсыз көп болды. Мысалы, Москва тәрбиелеу үйіне 1764 жылы 524 емшектегі бала қабылданған-ды, соның 424-ті өлді, 1767 жылы 1089 бала қабылданды, 1073-і өлді. Мұндай жағдай Россияның жабық тәрбие мекемелері үшін тіпті Октябрь революциясына дейін тән бол-ды. Тіпті 1906 жылы Рязань земствосындағы жетімханаға келіп түскен емшектегі балалардың өлімі 77,8 процент, Минскі жетімханасында 77,9 процент болды. Москва тәрбиелеу үйінде, 1907—1910 жылдардың ресми есептері бойынша, емшектегі балалардың өлімі 30-дан 40 процентке дейін-гі аралықта кұбылды. Замандастар пікіріне қарағанда, бұл мәліметтер-тым кемітіліп көрсетілген. Бұл тәрізді құбылыстар себептерінін тамыры әлеуметтік кұрылыста, еңбекші балаларына деген мемлекет камқорлығының жоқтығында болды.

Бұл мекемелерде — тәрбие үйлерінде, жетімханаларда өлім болуының басты себебі педиатрияда қолданылатын «госпитализм» деген терминде деседі. Мұның өзі бүкіл зиянды құбылыстар жиынтығын қамтиды: жабық мекемелерде — оның емдеу түрлерінде де, сондай-ақ қамқорлыкка алуға арналған түрлерінде де балалар бұлардан зардап шекті. Құнсыз, жасан-ды тамақ беруден болған түрлі ас қорыту органдарының бұзылуынан, жиренуден, нашар гигиеналық жағдайға байланысты балалар түрлі жұқпалы аурулардан өліп жатты. Тірі қалғандары дене құрылысы жағынан нашар дамыды: бойы мен салмағы жағынан кенже калды, ауруға қарсы иммунитеті төмен болды, ауруға жиі шалдыкты.

Бұл балалар үшін психикалық госпитализм деп аталатынға тән болды, бұл мынадай құбылыстар түрінде бейнеленді: жалпы самарқаулық, аз қозғалушылық, -қимылдың кеш дамуы (балалар көбінесе 2 жасқа қарай ғана жүре бастайды). Тіл дамуындағы күрт артта қалушылық ерекше бай-қалатын, олар 3 жасқа қарай тек кейбір сөздерді ғана сейлейтіи. Олардың көңіл күйі көбіне жабыңқы болып жүрді, басын тынымсыз шайқап, денесін селкілдетіп немесе қолын ербеңдетіп орынсыз қимылдар жасайтын. Жоқтан қорқып, үрейлене беру немесе кім көрінгенге тиісу жағдайлары балаларға тән қасиет болып жүрді, мұның өзі психикалық жағынан кеміс қалушылықты ғана емес, сонымен бірге оның бұзылуын да сипаттап отырды.

Кейініректегі зерттеулер керсеткеніндей, госпитализмнің негізгі себептерінің бірі жоғары нерв қызметінін дұрыс дамуы үшін қажетті жағдайлардың жеткіліксіздігі, тәрбие ісінің тамақ ішкізумен, жай бағып күтумен шектелуі ғана болды. Балалардың жабық мекемелерінде, семьядағы сиякты баланы астыүстіне түсіп, мол мәпелейтін, маңызды да кажетті табиғи тәрбие кұралдары болмады.

Патрондау жүйесінің де, яғни мемлекет тарапынан болмашы жәрдем төлеумен балаларды семьяда тәрбиелеуге берудің де, тиімділігі аз болып шыкты. Москвадағы тәрбие үйінің деректері бойынша, 1772 жылдан бас-тап 15 жыл ішінде патрондарға 9 мыңнан астам бала беріліпті, сол мер-зімпің аяғында тек 1 мыңы ғана тірі калған.

XVIII ғасырдан бастап орыстың мектепке дейінгі педагогикасы қалыптаса бастайды. Отандық ғылымды, оның ішінде педагогика ғылымын дамытуда аса көрнекті ғалым Михаил Васильевич Ломоносов (1711— 1765) ерекше орын алды. Ол «Орыс халқын сақтау және көбейту туралы» деген өз еңбегінде ұлттьщ нығайып, дамуы үшін қажетті әлеуметтік, меди-циналық және педагогикалық шаралар программасын үсынды. Ломоносов шаруалардың экономикалык жағдайын жақсартуды, помещиктер озбырлығын азайтуды, жас босанған әйелдерге медициналық жәрдем ұйымдастыруды, бұл үшін акушеркаларды оқытуды жолға қоюды, «кіндік шешелердің съездерін» өткізуді, отандық емшілерді даярлауды міндетті іс деп есептеді. Ол баланы суық суға салып шоқындыратын шіркеудің кең тараған әдет-ғұрпына мүлде қарсы шықты. «Надан поптарға физиканы түсіндірудің қажеті жок... Суық суға салып, зорлап шоқындырғысы келе-тін, туғаннан және шоқындырғаннан кейін өз пайдасы үшін жаназасын шығарғысы келетін қаныпезер поптарды, жендеттер дер едім». Халықтың надандығы мен жоққа сенушілігіне қарсы күресу үшін Ломоносов «халық денсаулығы туралы кітапшалар» басып шығаруды ұсынды.

Орыс педагогикасын дамытуда XVIII ғасырдың екінші жартысындағы белгілі мемлекеттік қайраткер И. И. Бецкой (1704—1795) маңызды роль атқарды. Оның жобасы бойынша Россияда бірінші рет тәрбие үйлері ашылып, олардың түрлі басқару орындары құрылды.

И. И. Новиковтың (1744—1818) «Балаларды тәрбиелеу және ұстаздық ету туралы» трактаты ерекше назар аударды, онда ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесі, эмоциялық даму мәселелері терең ашып көрсетілді.
4-тақырып. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдағы қоғамдық педагогика.

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында мектепке дейінгі педагогика ғылымының педагогика ғылымынан бөлінуі.

2.К.Д.Ушинский мектепке дейінгі тәрбие туралы.

3. Е.Н.Водовозваның мектепке дейінгі тәрбиеге педагогикалық көзқарастары.


К.Д.Ушинский Россияда мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға мектепке дейінгі орыстың ұлы педегогы Константин Дмитриевич Ушинский (18244-1870) орасан зор әсер етті. Оның педагогикалық жүйесі негізіне халықтық принцип алынды, осыған байланысты өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы тарихи даму жағдайларына, халықтың көкейтесті мұқтаждары мен қажеттерінен шығуы тиіс. «Тәрбие,— деп жазды К. Д. Ушинский,— дәрменсіз болғысы келмесе, халықтық болуы тиіс». К. Д. Ушинский была.й деп атап көрсетті: тек халық құрған немесе халықтық негізде негізделген тәрбиенің педагогикалық жүйесі пәрменді болады және шынайы патриотты тәрбиелей алады.

«Адам тәрбие тиегі» деген өзінің осы көрнекті еңбегінде К. Д- Ушинский әр баланың жас және психикалық ерекшеліктерін міндетті түрде есепке алу кажеттігі туралы осы маңызды қағиданы ұсынып, негіздеді. «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, ол оны ал-дымен барлық жағынан білуі тиіс» — деп жазды ол.

Қолда бар ғылыми-психикалық деректердің негізінде бала ойыны теориясын жасай отырып, К. Д- Ушинский оның білімдік-тәрбиелік маңызын көрсетті. Ол баланың психикалық өмірінде қиялдау үлкен роль атқарады, ол ойын кезінде анағұрлым толық жүзеге асырылады деп есептеді. «Ойын үстінде бөбек — деп жазды К. Д. Ушинский,— есейген адам, ол өз күшін байқайды жэне өз жасағандарына жеке билік етеді»1. Ол баланың әлеу-меттік ортасы мен жасы ойынның сипаты мен мазмұнына калай әсер ететін-дігін, ойын кезінде коғамдық қарым-катынастардың негізі қалай таныла-тындығын көрсетті. Бұлардан асқан құдіретті тәрбиелік құралды көре отырып К. Д. Ушинский халықтык ойындарға ерекше маңыз берді. Оның балалар ойыны туралы айтқан ой-пікірлері орыстық және дүние жүзілік мектепке дейінгі педагогикаға қосылған маңызды үлес болды.

Мектепке дейінгі балалармен жұмыста К. Д. Ушинский табиғатпен танысуға, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесіне көп орын берді. Ол адамгершілік тәрбиесін беру арқасында бала адам болып қалыптасады деп есептеді. Ақыл-ой тәрбиесін беруде Ушинский бала ойлауының нақ-тылығымен, бейнелілігімен байланысты бөлатын кәрнекілікке сүйену қа-жеттігін бекітті. Оның пікірі бойынша, балаларға арналған шығармалар баяндалу қарапайымдылығымен, айқындылығымен, жоғары көркемділігімен ерекшеленуге тиіс. Оның меншікті шығармалары осы талаптарға толық сай. Ол Жазған «Ана тілі» деген кітаптағы әңгімелердің көбі казір-гі уақытта мектепке дейінгі жастағы балаларға оқу және әңгімелеп беру үшін пайдаланылуда.

Балалардың еміріне асыра шек қойғаны және ойын кезінде баланың тәуелсіздігі мен белсенділігін тежегені, баланың өзімен-өзі болуына мүм-кіндік бермегені үшін Фребель жүйесін және Фребельдің балалар бақша-ларының жұмыс практикасын К. Д. Ушинский қатал сынға алды. К. Д. Ушинский бала тәрбиешісінің жеке басына жоғары талаптар қойды, ол балаларды жақсы көруге, өз ісіне берілген және жан-жақты білімді болуға тиіс деп әділетті есептеді.

Қоғамдық тәрбиенің жақсы жақтарын жоғары бағалай отырып, К. Д. Ушинский мектепке дейінгі балаларды тэрбиелейтін неғұрлым табиғи орта — семья деп есептеді және осыған байланысты балаларға семьяда тәрбие беру міндеттерін, сондай-ақ ата-аналардың праволары мен міндет-терін айқындап берді, әсіресе ананың атқаратын роліне ерекше көңіл бөлді.



Елизавета Николаевна Водовозова (1844—1923) мектепке дейінгі педагогика саласында К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы болды. «Есі кіре бастағаннан мектеп жасына дейін-гі балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбие беру» деген өз еңбегінде ол Фребель жүйесін сынға алды, оның кемшіліктерін көз жеткізе көрсетті және балалармен оқу мен ойын өткізуге арналған өзі талдап жасаған тамаша әдістерді ата-аналарға, балалар бақша кызметкерлеріне ұсынды.

Е. Н. Водовозова балалар үшін бірқатар кітаптар шығарды, олар жиі кайта басылып отырды. Оның «Европа халықтарының өмірі» деген кітабы-мен Володя Ульянов гимназияда үздік оқығаны үшін наградталды.

Өзінің педагогикалық жүйесінде Е. Н. Водовозова К. Д. Ушинский тұжырымдаған халыктық принципті дәйекті түрде жүргізді. Ойын таңдау мен оқуды жоспарлауды, ол балалардың өмірі кызық та мазмұнды бо-латындай, орыс дәстүрлері рухында құрылатындай етіп жүзеге асырды, айналадағыларға деген ынтаны оятып, қанағаттандырды. Ол ұсынған балалардың серуендеу, экскурсиялар мен бақылау, творчестволық іс-әре-кеті, дене жаттығулары, халықтық қимыл ойындары, балалардың шамасына қарай еңбек етуі жөнінде және т. б. программалары да осы мақсатқа қызмет етті. Барлық оку бірте-бірте күрделене түсетін жүйеде орналастырылды.

Е. Н. Водовозованың бағдарламаларында ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне үлкен орын берілді. Ақыл-ой дамуының құралы ретінде таби-ғатпен танысуға көп көңіл бөле отырып, оның мазмұнына қоршаған өмір-мен, халықтың еңбегімен және тұрмысымен танысуды енгізді. Оның адам жөніндегі 60-жылдардағы прогрестік идеялардың әсерімен калып-тасты. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегД ұсыныстары балалардың бойын-да еңбек сүйгіштікті, тілек-талабын басқару іскерлігін қалыптастыруға бағытталды.

Е. Н. Водовозованың әлеуметтік және педагогикалық көзқарастары өз заманы үшін прогресті болды, ал «Балаларға акыл-ой және адамгершілік тәрбиесін беру» атты оның еңбегі Россияда балалар бақшалары тәрбиеші-лерін даярлау кезінде негізгі кұралдардың бірі болды„

Луиза Карловна Шлегердің (1863—1942) педагогикалық қызметі 1882 жылы басталып, ал 1905 жылы Москва кедейлерінің балалары үшін тәрбие шараларын жүргізетін «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының белсенді қатысу-шысына айналды. Москваның жұмысшылар тұратын шет аудандарының бірінде балалар бақшасы ашылып, онда Л. К. Шлегер және қоғамның басқа мүшелері ақысыз жұмыс істеді. Олар Фребельдің дидактикалық материалын қайта қарап, балалардың өмір жоспары деп аталып жүрген тәрбие жұмысының негізі етті, онда сол кезде кең тараған еркін тәрбие теориясына үстемдік берді, ойын мен сабақ үстінде балаларға толық ер-кіндік жасалды. Алайда көп ұзамай-ақ олар балаларға ұйымдасқан түрде ықпал ету элементтерін орнатуға мәжбүр болды, ал одан соң ұсынылған деп аталатын және тәрбиешінің жоспары бойынша жүргізілетін міндетті сабақтарды енгізе отырып халықтық балалар бакшасының жұмысын жоспарлауға іс жүзінде көшті. Сонық өзінде тәрбие жұмысы қандай да бірыңғай программаға немесе мақсатқа біріктірілмеді.

Л. К. Шлегердің бірқатар еңбектерінде («Кішкентай балалармен әңгі-ме өткізуге арналған материалдар», «Балалар бақшасындағы практика-лық жұмыс» және т. б.) мектепке дейінгі балалармен әңгіме өткізуді ұйымдастыру методикасы, балаларды зерттеу, жеке-дара жұмыс істеу, се-зім органдарын дамыту үшін арнаулы жаттығулар колдану жөнінде ба-ғалы ақыл-кеңестер бар. Л. К. Шлегер мектепке дейінгі теорияны дамы-туға елеулі ықпал жасады. Ол кеңестік мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасын дамытуға ат салысты.


5-тақырып. 1917-1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика.

1. Балаларға бір жастан тегін қоғамдық тәрбие беру мәселесі.

2. Н.К.Крупскаяның мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан еңбегі

3. Е.И.Тихеева, А.П.Усованың мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары мен еңбектері


1917 жылдың декабрінде Халық ағарту комиссариаты «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» декларация жариялады, онда мектепке дейінгі қоғам-дык (тегін) тәрбие баланың туған күнінен басталуға тиіс делінген және оны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруға шақырған.

Интервенция мен азамат соғысының өте ауыр жағдайларына қарамастан, Коммунистік партия жаңа, демократиялық ағарту жүйссін кұруға зор көңіл бөлді. 1919 жылы РКП(б) VIII съезі қабылдаған партияның екінші Программасы мектепке дейінгі тәрбиені «мектеп пен ағарту ісінің негіздерінің бірі» ретінде карады және яслилер мен бакшалардың жүйе-сін кеңінен дамыту міндетін алға қойды, мұның өзі «әйелдерге коғамдық тәрбие беруді жаксарту және оларды азат ету» мақсаттарына көмектесу-ге тиіс деп есептеді.



Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені дамытудағы Крупскаяның ролі. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру теориясы мен практикасын дамытуда Коммунистік партия мен. Совет мемлекетінің аса көрнекті кайраткері Надежда Константиновна Крупская (1869—1939) орасан зор роль атқарды. В. И. Лениннің аса жакын серігі, совет педагогикасының ірі теоретигі ол мемлекеттік қызметін тәрбиенің маркстік теория мәселелерімен ұштастырып отырды.

Надежда Константиновна мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиені ұйым-дастыруға, оның мазмұны мен әдістеріне үлкен көңіл бөлді. Н.К.Крупская капиталистік Россияда жұмысшы әйелдердің және олардық балаларының жағдайына талдау жасай отырып, еңбекші әйелдің жағдайын оның еркектермен тең жүргізген белсенді революциялық күресі ғана өзгерте алады деп көрсетті. Тек социалистік кұрылыс жағдайында қоғам әр балаға өмір сүрудің материалдық қаржысын ғана емес, жан-жақты даму үшін де барлық жағдай жасалуын қамтамасыз еткен кезде еңбекші әйел-ананың азат етілуі, оның ана қуанышына бөленуі мүмкін. «Жұмыс-шы әйел,— деп жазды Н. К. Крупская,— қоғамдық торбиенің барлык игіліктерін бағалаусыз қалдырмайды. Аналык сезімі оның балаларға қоғамдық тәрбие беруді, социалистік құрылысты, жұмысшы ісінің жеңіске жетуін тілеуге мәжбүр етеді!»

Швецияның буржуазияшыл жазушысы, семьялық тәрбиені жақтаушы Эллен Кеймен пікір таластыра келіп, Н. К- Крупская: бала тек коллектив-те ғана жан-жақты және жақсы дами алады, қоғамдық тәрбие семьяның нығаюына үлкен әсер етеді, семьялық қарым-қатынасты неғұрлым жоға-ры дәрежеге көтеруге көмектеседі деп көз жеткізе дәлелдеді. Октябрь революциясы қарсаңында «Мектептің муниципиальды программасы» дс-ген мақаласында Н. К. Крупская балаларға білім беру мен тәрбиелеу саласында большевиктердің қоятын негізгі талаптарын былай тұжырым-дады: «... қалалық өзін-өзі басқару органдары мектепке дейінгі балалар үшін тегін яслилер мен ана мектептерін қайткенде де көптеп құруға қамқорлық етуге тиіс».

Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісінен кейін Надежда Константиновна мектепке дейінгі тәрбие теориясын талдауға үлкен үлес қосты. Мектепке дейінгі тәрбие социалистік кұрылыстың құрамды бөлігі болып табылады деп есептеді және мектеп жасына дейінгі балаларға дене, адамгершілік, ақыл-ой, сеноорлық тәрбие беру жөніндегі нақты міндеттер-ді белгілеу үшін көп іс тындырды, советтік балалар бақшасының жұмыс жолдары мен әдістерін көрсетіп берді. Н. К. Крупская тіл дамыту жөніндегі жұмысты баланың ақыл-ойы дамуының негізі ретінде қарады. Ол эстетикалық тәрбиеге үлкен маңыз берді, оны жеке бастық үйлесімді қалыпта-суының аса маңызды құралдарының бірі деп санады.

Біздің еліміздегі бұрын езілген ұлттардың балаларына мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие беруді ұйымдастыруға Н. К. Крупская өткеынің қалдықтарын, ұлттық өшпенділік пен егесті, діни соқыр сенімдерді, әйелді бұ-ғаулаған әдет-ғұрыптарды жоюдағы маңызды фактор деп қарастырды. Н. К- Крупская мектепке дейінгі баланың психологиясын жақсы біліп, жіті түсінді, оның рухани дүниесіне, қажеттері мен мүддесіне ұқыпты қарауды талап етті. Мектепке дейінгі сектор меңгерушілерінің кеңесінде ол 1931 жылы былай деді: «Егер біз баланың дене күш-кайратын білмей-тін болсақ, егер біз оиың қолынан не келетінін білмейтін болсақ, егер біз жас ерекшеліктерін елемесек, істі қалай дұрыс жолға қоюға болады?

Педагогика өзі шұғылданып отырған баласын калайша зерттемейді?»1. Н. К. Крупская балалар бақшасын халыққа білім берудің жалпы жүйе-сінің құрамды белігі ретінде қарады, балалар бақшасы мен мектеп ара-сында сабақтастық орнатылуға тиіс және балалар бақшасының ересектер тобында балаларды мектепке даярлау қажет деп көрсетті.

Н. К. Крупскаяның педагогикалық көзқарастары ғылымды онан әрі байытуға, мектепке дейінгі тәрбие алдында тұрған міндеттерді орындауға көмектеседі.

Елизавета Ивановна Тихеева (1867—1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913—1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург коғамының балалар бақшасын және сол ко-ғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е. И. Тихеева К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программа-ларының үйлесімділіғіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.

Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы» «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т. б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, сонымен қатар М. Монтессоридің жүйесін мықтап сынға алды. Е. И. Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда, балалар бакшасындағы атмосфера кеңілді болуға тиіс, бұл ойындарды, жандандыра сөйлеуді және жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін болады деп есептеді.

Еркін тәрбие теориясын жақтаушыларға қарама-қарсы ол былай дел пайымдады: баланың өсіп жетілуінде жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұы мен формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей- тегжейлі шектелмейтін перспективамен қаруландыра отырып, бағыт берерліктей бағдарламаны пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына жоғары талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын таңертең ыстық тамақ ішуге, әрбір балалар бақшасының өз кішкене бағы немесе ауласы болуға тиіс деп есептеді.

Сезім органдарының дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар бақшалары-нық жұмысында да пайдаланылуда. Ол тіл дамыту методикасын талдау жасауға көбірек үлес косты. Оның тіл дамыту жөнінде ұсынған көрнекі материалы мен кұралдары қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдаланылуда.


6- тақырып. Қазақстанда мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.

1. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдарының педагогикалық ой- пікірлері. (Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин)

2. Нәзипа Құлжанованың еңбектерінің маңызы.
Қазакстандағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы туралы айтқанда 6ip атап өтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ "Мектепке дейшп балаларды тәрбиелеу жөніндегі нұскау" жарықка шықты. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа Кулжанованың "Мектептен бұрынғы тәрбие", "Анамен бала тәрбиесі' атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканыц алтын корына қосылды. Агартушы-галымдар: А. Байтурсынов, М. Жумабаев, Ж. Аймауытовтардыц мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу женіндегі педа-гогикалык ой-пікірлері басшыльщкд алынды.

1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындагы теориялық және тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты. 1950 ж. К,азак КСР Оку министрлігінің Ы.Алтынсарин атындагы Педагогика гылымдарынық гылыми-зерттеу институты курылып, гылыми-зерттеу жумыстарын журпзуде зор улес қосты. Қазакстандағы мектепке дейінгі педагогиканың калыптасуын айкындауда балабакшалардың ашылуы және дамуын, оку-тәрбие процесін гылыми педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға, сондай-ак, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу окыту жэне оның негізгі зандылықтарын айқындауға көңіл бөлу кажет.

Бүгінгі таңда педагог галымдар: А.В. Андросова, Б. Арзанбаева, Б.Б. Баймуратова,С.Г. Бәтібаева, Н. Баримбе-ков, в.С. Эм1рова, Г.Х. Дукенбаева, З.Д. Еденбаева, А.К. Меңжанова, Г.Ж. Меңлібекова, Т.А. Макеева, I^.M. Мецдаякрва, Г. Метербаева, Т.А. Левченко, А.Е. Ман-кеш, М.Т. Турыскелдина, Ж.А. Исмайлова, Т. Иманбе-ков, Ф.Н. Жумабекова, С.Н. Жиенбаева, О. Жумадил-лаева, М.С. Сәтімбекова, А.Ж. Салиева, Ш. Сапарбаева, Н. Сайлауова, F.3. Таубаева, Х.Т. Шерязданова, А.А. Нура-хунова, т.б. мектепке дейінгітәрбиенің әр турл1 салала-ры бойынша зерттеу журпзш, тәлім-тәрбиенің мазму-нын, әдістерін талдаган. Аталган галымдар еңбектерін окып зерделеу аркылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, калыптасу багыт-багдарын айкындауга болады.

Мектепке дейінгі педагогика уздіксіз іздену, бола-шакка умтылу барысында өзінен бурынгы теория мен тәжірибенің ең багалы, озық жактарын алып, сын кезбен карап, кайта жасау үстінде. Бул кунде ол толык мәнді гылыми теория дәрежесіне кетеріліп, мектепке дейінгі тәрбие тәжірибесінде колданылып келеді.

Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.

Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.

Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады :1. «Күллі жер жүзінде»2. «Мектеп жасына толмаған бала»3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.

Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.

Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.

Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.

Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.

Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы


7- тақырып.(2сағ) Тәрбиеші мамандығының тарихы.

1. Педагог мамандығының тарихы.

2.Еліміздегі тәрбиешінің білімін арттыру жүйесі, жолдары.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет