ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В010300 – Педагогика-психология мамандығына арналған



Дата27.02.2020
өлшемі147 Kb.
#57747




УМКД 042-18.19-002-2015

Ред. № 1 от 12.05.2015

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.19-002-2015



«Педагогика тарихы»

пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)



№ 1-басылым 12.05.2015



«Педагогика тарихы»



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010300 – Педагогика-психология мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Cемей – 2015


1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 12.05.2015

аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 9. 12.05.2015ж.

Кафедра меңгерушісі м.а: ______________ /Фазылбеков И.Ш./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама №6. 14.05.2015ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №6. 11.06.2015ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН


МАЗМҰНЫ


  1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Пән бойынша дәрістер кешені.

  3. Пән бойынша семинар тапсырмалары.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

(ГЛОССАРИЙ)
Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.

Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.

Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.

Жетекші – белгілі ұйымды басқаратын адам; белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.

Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

Қиын тәрбиеленушілік – баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.

Мектепке дейінгі мекеме – сәбилік (2 айдан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.

Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

Я.А.Коменский – чех педагогы, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады.

Джон Локк – ағылшын педагогы, «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе», «Тәрбие жөніндегі ойлар», «Ақылды тәрбиелеу туралы» атты еңбектері бар, онда: бала жанының табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады деп көрсетті.

Жан Жак Руссо – француз педагогы жалпы тәрбиенің теориясын жасады, баланың өмірін 4 кезеңге бөлді: туғаннан 2 жасқа дейін; 2 – ден 12 жасқа дейін; 12 – ден 15 жасқа; 15 жастан ер жетуіне дейін.

И.Г.Пестолоции – швейцар педагогы, баланың табиғи дамуына мән берген, педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді.

Роберт Оуэн – ағылшын қоғам қайраткері, қоғамдық тәрбие туралы ой айтқан, мектепке дейінгі мекеме құрды: ол «Сәбилер мектебі» деп аталды.

Фридрих Фребель – неміс педагогы, мектепке дейінгі педагогиканың жеке ғылым саласы ретінде бөлініп шығуына үлес қосқан. 1837 ж. Мектепке дейінгі мекеме ашып, оны алғаш «балабақша», тәрбиешіні «бағбан» деп атаған.

Марья Монтессори – итальян педагогы, ерте балалық шақтағы даму мәселесін қарастырған.

Иоганн Гербарт - оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.

Адольф Дистерверг - неміс педагогы. өзінің педагогикалық теориясын прогрестік демократиялық бағытта дамытқандардың бірі.

В.А. Сухомлинский – «Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын зерттеді.
2. Пән бойынша дәрістер кешені
Модуль 1. «Педагогика тарихы» ғылым ретінде

Тақырып 1. Кіріспе. Педагогика тарихы пәні, міндеттері, мазмұны

Педагогика тарихы пәні. Пәннің міндеттері және мазмұны. Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.



Модуль 2. Шетелдік педагогика тарихындағы мектепке қоғамдық тәрбие және педагогикалық ойлар, мектеп, тәрбие

Тақырып 2. Алғашқы қауымдағы тәрбие және құл иеленушілік қоғамдық құрылыстағы тәрбиелеу, мектеп және педагогикалық теориялар

Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Ежелгі мектеп және тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы .Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.



Тақырып 3. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Ж.Ж.Руссо педагогикалық теориясы. И.Г.Пестолоцийдің мектебі. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі. Ф.Фребельдің балабақшасы. Джон Локктың теориялары. Марья Монтессоридің педагогикалық ойлары.



Модуль 3. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

Тақырып 4. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

М.В.Ломоносов, И.И.Бецкий, Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтың ойлары. П.Ф.Лесгафт, Н.И.Новиков, А.Н.Радищевтің тәрбиеге көзқарастары, педагогикалық ойлары. В.Ф. Одаевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы. Қазан революциясынан кейінгі мектеп және мектепке дейінгі тәрбие.



Тақырып 5. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жалпы және мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушылардың көзқарастары. Кеңес дәуіріндегі тәрбие теориясы мен практикасы

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ойлары. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары .А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. В.Ф. Шаталовтың қызметі.



Модуль 4. Қазақстан тарихындағы тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Тақырып 6. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы

Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру,оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.



Тақырып 7. XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы

А.Байтұрсыновтың қоғамдық,ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.

Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары.Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы.

Тақырып 8. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы

Қазіргі замандағы Қазақстандық педагогика ғылымының қалыптасуы және дамуы. Жалпы педагогиканың дамуы.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикалық негізгі ой-пікірлер. Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, Г.Ж. Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б. мектепке дейінгі педагогика туралы ойлары және қызметі.

Тақырып 9. Мектепке дейінгі білімді реформалау, оның басымдылығы

Қазақстан Республиксындағы мектепке дейінгі білім берудің негізгі міндеттері. Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік саясаты және негізгі бағыттары. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілуі және мектепке дейінгі білім берудегі реформалар. Жаңа формацияға педагог даярлау.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.

Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.

Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны

Модуль 2. Шетелдік жалпы және мектепке дейінгі педагогика тарихындағы мектепке қоғамдық тәрбие және педагогикалық ойлар, мектеп, тәрбие

Тақырып 1. Алғашқы қауымдағы тәрбие және құл иеленушілік қоғамдық құрылыстағы тәрбиелеу, мектеп және педагогикалық теориялар
Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы. Ежелгі мектеп және тәрбие. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту. Ежелгі египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы .Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие. Аристотельдің ілімдері, Демокрит тәрбие туралы, Платонның тәлімдері, Сократтың ойлары.

Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар: Томас Мор, Томазо Кампанелла, Марк Квинтилиан.



Бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болуы және ерекшелігі.

2. Алғашқы қарым-қатынас формалары.

3. Ежелгі грек философтарының ойлары.

4. Платонның көзқарастары.

5. Аристотельдің ғылыми көзқарастары және еңбектері.

6. Афинадағы мектептің құрылуы және ерекшелігі.

7. Спартадағы мектеп, оның ерекшелігі.



Тақырып 2. Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие

Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы. Ж.Ж.Руссо педагогикалық теориясы. И.Г.Пестолоцийдің мектебі. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі. Ф.Фребельдің балабақшасы. Джон Локктың теориялары. И.Гербарттың педагогикалық теориясы. К.А. Гельвецийдің педагогикалық ой-пікірлері. А.Дистервегтің тәрбие туралы ойлары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы орны және маңызы.

2. Ж.Ж. Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы ойлар» еңбегіндегі жеке адам тәрбиесі туралы ойлары.

3. И.Г.Пестолоциидің «Элементарлық білім беру теориясы» негізгі мәселесі.

4. Ф.Фребельдің балабақшасының құрылуы және негізгі жұмыс мазмұны.

5. Р.Оуэн мектепке дейінгі тәрбие туралы: «Сәбилер мектебі».

6. М.Монтессори мектепке дейінгі тәрбие туралы.

Модуль3. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

Тақырып 3. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

М.В.Ломоносов, И.И.Бецкий, Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбовтың ойлары. П.Ф.Лесгафт, Н.И.Новиков, А.Н.Радищевтің тәрбиеге көзқарастары, педагогикалық ойлары. В.Ф.Одаевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы. Қазан революциясынан кейінгі мектеп және мектепке дейінгі тәрбие.



Бақылау сұрақтары:

1. Орыс революционер-демократтары және олардың білім беру ісі туралы идеялары.

2. И.И.Бецкийдің қызметінің негізгі ойы: «адамдардың жаңа тегін тәрбиелеу туралы» идеясы.

3. Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» журналы, оның негізгі жұмыс бағыттарының ерекшелігі.

4. П.Ф.Лесгафт еңбектері.

5. Н.И.Новиковтың балаларға арналған журналы және оның педагогикалық ойларының орын алуы.

6. А.Н.Радищев тәрбие туралы.

7. В.Ф.Одаевский «Сказки дедушки Иринея» шығармасының педагогикалық құндылығы.



Тақырып 4. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жалпы және мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушылардың көзқарастары. Кеңес дәуіріндегі тәрбие теориясы мен практикасы

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық ойлары. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары .А.С.Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі. В.А.Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы. В.Ф. Шаталовтың қызметі.



Бақылау сұрақтары:

1. К.Д.Ушинский халықтық педагогиканың тәрбиедегі орны туралы.

2. А.С.Макаренконың ұжым туралы теориясы және еңбектері.

3. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері.

4. П.П.Блонскийдің көтерген мәселелері.

5. В.Ф. Шаталовтың педагогикалық қызметі.



Модуль4. Қазақстан тарихындағы тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

Тақырып 5. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы

Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру,оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.



Бақылау сұрақтары:

1. Ш.Уәлихановтың қызметі.

2. Ы.Алтынсариннің мектебі және оқулықтары.

3. А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі оқыту, тәрбиелеу, білім беру мәселелері.



Тақырып 5. XX ғасырдағы Қазақстан педагогикасының қалыптасуы және дамуы

А.Байтұрсыновтың қоғамдық,ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеті. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.

Р.Г.Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихи және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Т.Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы.

Бақылау сұрақтары:

1. А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі және еңбектері.

2. М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының құндылығы.

3. Н.Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие туралы ойлары және еңбектері.

4. Р.Г.Лембергтің дидактикалық мәселе туралы ойы және еңбегі.

5. А.И.Сембаевтың еңбектері.

6. Т.Тәжібаевтың алғашқы оқулықтары.

7. Қ.Бержановтың «Педагогика тарихы» оқулығының маңызы.


Тақырып 6. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы
Қазіргі кездегі педагогикалық негізгі ой-пікірлер. Қазақстандағы жалпы педагогиканың жағдайы. Жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері.

Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, Г.Ж. Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б. мектепке дейінгі педагогика туралы ойлары және қызметі.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі Қазақстандық педагогтар және олардың еңбектері.

2. М.Жампейісованың еңбегі және оның құндылығы.

3. Архимед мектебі.

4. Б.Б.Баймұратованың педагогикалық еңбегі.

5. Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаеваның негізгі қызметтері және еңбектері.


3. Пән бойынша практикалық сабақ тапсырмалары.


Модуль 1 Педагогика тарихы пәнінің шығуы және даму тарихы

1-Тақырып. Педагогика тарихы тәрбиенің теориясы мен практикасының шығуы және дамуы жайлы ғылым ретінде. Алғашқы қауымдық кұрылыстағы тәрбие.

Педагогика тарихының пәні, әдістері және міндеттері. Тарихи-педагогикальщ ізденістердің негізгі даму бағыттары.

Қоғамның тарихи дамуының ерте кезеңіндегі тәрбиенің сипаты. Тәрбиенің шығуы туралы концепциялар. Тәрбие мен оқытудың ұйымдастырылған формалары. Салт-дәстурлер және инициация. Семьяның шығуы. Баланы отбасында тәрбиелеу. Педагогикалық ойдың шығуы. Халық педагогикасы тәжірибелері.


2-Тақырып. Антикалық және Византиядағы білім беру ісі, мектеп және педагогикалық ой.

Ежелгі грек полистерінде туралы тәрбие жүйелері пайда болуының себептері және алғышарттары. Тәрбиелеу мен оқытудың спартандың және афиналық жүйелері. Ежелгі Грециядағы педагогикалық ой-пікір (Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б.). Ежелгі Римдегі тәрбие мен окытудың ерекшеліктері. Рим ойшылдары идеялары мен мектеп ісінің алдыңғы эллиндік дәуір дәстурлерімен сабақтастығы (Сенека, Цицерон, Квинтилиан т.б.).

Византиялық білім беру ісі генезисінің ерекшеліктері. Христиан дінінің адамға және оны тәрбиелеуге деген көзқарасы. Педагогикалық ойдың дамуы (В. Кесарийский, И. Дамаскин, И. Златоуст, Кирилл, Мефодий т.б.). Білім беру және тәрбиелеу жуйесі. Сол заманғы баск;а елдерден педагогикалық ой-пікір мен ағарту ісіне Византиянық тигзген әсері.


3-Тақырып. Ежелгі Шығыс елдеріндегі тәрбие және мектеп ісі.

Шығыс елдерінде жазу жүйелері мен мектептің шығуы және дамуы (Шумер, Египет, Қытай, Ундістан т.б.). Діни ырымдер мен жазба ескерткіштердегі («Хаммурапи заңдары», «Сүлеймен патша аңыздары», «Бхагавадгита», «Орхон - енисей жазбалары» т.б.) педагогикалық идеялар. Педагогикалық ой-пікір (Конфуций, Заратустра т.б.). Таяу Шығыс елдеріндегі оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесі. Ежелгі Қазакстан халықтарындағы отбасы тәрбиесінің дәстурлері және жазудың шығуы. Дене тәрбиесін ұйымдастыру, Жастарға әскери тәрбие берудің жүйесі және ерекшеліктері. Түрік қағаныты кезеңдегі тәрбиелеу мен оқытудың идеялары, олардың педагогикалық ой-пікір мен тәрбие практикасындағы көріністері.



4-Тақырып. Батыс Европадағы мектеп және педагогикалык ой.

Діни мектептер, олардың технологиясы және окыту ерекшеліктері (схоластика). Рыцарлық тәрбиенің жүйесі және сипаты. Цехтың және гильдиялық мектептер. Университеттік білім берудің шығуы және дамуы. Қайта Орлеу дәуірінің педагогикальщ ой-пікірі (Т. Мор, Т. Кампанелла, Ф. Рабле, Э. Роттердамский, X. Вивес, М. Монтень, В. Де Фельтре т.б.). Реформация кезеңінде мектеп ісі мен тәрбиеге деген кезкарастардың өзгеруі Я. А. Коменскийдің педагогикалық жүйесі. Я. А. Коменскийдің мектеп жүйесі және оның баланың жас ерекшеліктеріне сай даму этаптары жайлы ойлары. Дидактикалық принциптер, тәрбиелеу мен оқытудың әдістері.



5-Тақырып. Ерте ортағасырлық Қазакстандағы мектеп және педагогикалық ой-пікір.

Орта ғасырлардағы ислам дүниесіндегі ағарту мен білім беру ісі. Шығыс елдеріндегі мектептік білім берудің ұйымдастырылған жүйесі. Орталықтандырылған мемлекет биілігінің (шығыс деспотиясы) білім беру ісінің дамуындағы ролі. Араб Халифаты мен Осман империясындагы мемлекеттік мектептер және олардың типологиясы. Рыцарлар институты. Қазакстанның мәдениеті мен ғылымы. Ғылыми білімдердің дамуындагы Отырар, Баласагун, Шаш, Иасы, Қашқар, Тараз, Сығынақ қалаларының маңызы. Мектептер мен медреселер санының өсуі, олардагы білім берудің мазмұны және әдістері. Педагогикалық білімдердің халық шығармашылығындағы, архитектура мен өнердегі көріністері. Әл Фараби енбектеріндегі тәрбие мен оқыту мәселелері және олардың әлемдік педагогикалық ой-пікірлердің дамуына тигізген ықпалы. Ж. Баласағун, М. Кашкари, А. Жуйнеки, А. Иасауи т.б. педагогикалық идеялары және осы ғылымдар трктаттарының қазақстандық педагогикалық ойдың одан әрі дамуындағы орны. «Кодекс куманикус», «Мулхакат ас-сурах», «Мухаббатнаме» шығармалары - XIII - XIV гг. қазақ тәлімдік ой-пікірлердің үлгілері ретінде.



6-Тақырып. Ежелгі Русь пен Москва мемлекетіндегі (ҮІІ-ХҮІІгг.) мектеп және педагогикалық ой-пікір.

Христиан дінін қабылдағанға дейінгі славяндардағы бала тәрбиесі. Білім беру мен педагогикалық ойдың дамуына христиан дінінің тигізген әсері. Русьтегі діни мектептер, олардың типологиясы және оқыту жұмысының ерекшеліктері. Ежелгі орыс әдеби ескерткіштерінің («Владимир мономахтың балаларга осиеті», «Домострой» т.б.) педагогикалық идеялары. Славян-грек-латын мектептері, олардың жұмыс ерекшелжтері Киев академиясының ашылуы және оның ағарту ісіндегі маңызы. Орыс орталықтандырылған мемлекеттшдеп агарту 1с1 жэне мектеп. Окульщ жэне педагогикальщ әдебиеттер. С. Полоцкий, Е. Славиницкий т.б. педагогикальщ идеялары мен кызмет.



7-Тақырып. Қазақ хандығы тәрбие және педагогикалық ой (ХҮҮІІІ гг.)

Қазақ педагогикалық мәдениетінің дамуы - жалпы тарихи-педагогикалық процестің бір бөлім ретінде. Тәрбиенің халықтық және табиғилық принциптері. Халықтық қолөнершілік-еңбек, сұлулық, ұлтжандылық мәселелеріне деген көзқарасы. Қазақ халық педагогикасындағы гуманистік-демократиялық ағымдардың жыраулар (Асан қайғы, Қазтуган, Доспамбет, Шалкшз, Жиембет т.б.) шыгармашылыгындағы кершкл. М. X. Дулати және Қ.Жалаири-білім беру мәселелері және тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар хақында. Ақтамберді, Бұқар жырау және Шал ақын шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялар. ХVІІІ-ғ. Казакстандағы білім беру және педагогикалык ой. XVIIIғ. аяқ шеніне XIXғ. бас кезінде Қазақстанда орыс-қазақ мектептерінің пайда болу және дамуының алғышарттары. Жаңа оқу орындарынының түрлері. М.Өтемісұлы, Д.Бабатайұлы және Шортанбай ақындардың педагогикалық қөзқарастары.



Модуль-II. Батыс Европа мен АҚШ, Россия мен Қазақстандағы мектеп және педагогика

8-Тақырып.Батыс Европа елдеріндегі мектеп және педагогика (XVI г. -XIX г. бірінші жартысы)

XVIIIғ.-XIXғ. бас кезіндегі Батыс Европа елдеріндегі тәрбиенің теориясы мен практикасының дамуы. Жаңа типті мектептердің пайда болуы (Германиядағы гимназиялар, Франциядағы колледждер, Англиядагы грамматикалық мектептер т.б.). К. А. Гельвеций мен Д. Дидро ецбектердегі жеке тұлғаның қалыптасуы және дамуы факторы мәселелері Ж.Ж.Руссоның тәрбиенің табиғи шарттылығы жөніндегі концепциясы. XVIIIғ. соңындағы Француз революциясы кезіндегі халың білім беру ісін реформалау жобалары. Осы кезеңдегі педагог-филантропистердің идеялары және практикалық қызметі (И.Б. Базедов, X. Зальцман, Э. X. Трапп, Б. Т. Блаше т.б.). И.Г.Песталоцци және И.Ф.Гербарттың педагогикалық жүйелері Ф.А.Дистервегтің, И.Г.Песталоццидің идеяларын одан әрі жалғастыруы және дамытуы.



9-Тақырып. XVIII-XIX ғғ. Россиядағы мектеп жуйесі және педагогика.

XVIIIғ. Бас кезіндегі ағартушылық реформалар. Мемлекеттік және кәсіптік мектептердің ашылуы. Жабық дворяндық оқу орындарының қызметі. М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеялары. Москва университетінің ашылуы. Осы кезеңдегі педагогикалық ой (В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н. И. Пирогов, Н. А. Добролюбов, Н.Г. Чернышевский т.б.). XIXғ. 60-шы жылдарындағы мектеп реформалары. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. Халық ағарту ісінің дамуы.



10-Такырып. XIXғ. ХХғ. Бас кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ой және мектеп.

Орыс-қазақ мектептері жүйесінің дамуы. 1906ж, 1907ж, Және 1913-жылдардағы Орта Азия мен Қазақстанның орыс емес халықтарына арналған мектеп туралы заңдар. Орыс-қазак мектептерінің оқу бағдарламалары, оқыту мазмұны және әдістері. Мұсылмандық мектептер мен медреселер, олардағы білім беру жұмыстарының ерекшеліктері. Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы. Алтынсариннің, т.б. педагогикалык идеялары. Қазақстандағы XX г. бас кезшдеп когамдьщ-педагогикалык козгалыс. Жаца ЭД1СТ1 мектептер мен медресердщ бағдарламалары және жұмыс нәтижелері Баспасөз бетінде білім беру мәселелерінің көтерілуі («Турк1стан уалаятының газеті (1870-1883), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Казақ газеті» (1907), «Айқап» (1911), «Қазахстан» (1911), «Қазақ» (1913-1918), «Алаш» (1916-1917).) М. - Ж. Кебеев, Ш. Кудайбердиев, М. Сералин, С. Торайгыров т.б. педагогикалық көзқарастары.



11-Тақырып. XIX г. аяғы - XX ғ. бас кезіндегі Шетелдік педагогика және мектеп.

Қарастырылып отырған кезеңдегі шетелдік мектеп пен педагогикалық ой-пікір дамуының ерекшеліктері. Окыту мен тәрбие деген жаңаша көзқарастардың таралуы және олардың мектеп практикасында іске асырылуы. Реформатор-педагтардың (Э.Кэй, М.Монтессори, Г. Кершенштейнер, Д. Дьюи, Э. Дюркгейм, Ален, А. Лай т.б.) практикалық қызметі. Жалпы білім беретін мектептерді модернизациялау әрекеттері және жолардың тәрбие мен білім беру ісін одан әрі дамытуға тигізген ықпалы.



Модуль-IІІ. XX ғасырдағы мектеп және педагогика

12-Тақырып. КСРО-дағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы (1917-1991)

1917-жылғы Қазан төңкерісі Халықтың білім беру ісін ұйымдастырудағы түбегейлі өзгерістер. Мектептік білім беру мен педагогика ғылымының дамуындағы кейбір қарама-қайшылықтар. 1920-1930 жж. мектеп ісінің дамуы. 1940-1980-жж. аралығындағы КСРО-да жүргізген мектеп саясатының жетістіктері және проблемалары. 1950-1980-жылдарда КСРО-дағы ғылыми-педагогикалық ізденістердің негізгі бағыттары. 1980-1990-жж. аралығындағы мектептік білім берудегі дағдарыс. Педагогика ғылымының дамуы (П.П. Блонский, С.Т.Шайкий, А.С.Макаренко, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.А.Сухомлинский т.б.). Оқу- тәрбие процесін жетілдіру жолындағы педагогикалық коллективтер мен кейбір жекелеген оқытушылардың практикалық қызметі.



13-Тақырып. Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы мектеп және педагогика (1917-1991).

Мектептер мен медреселердің және орыс-қазақ, мектептерінің жұмысын кайта құру проблемалары. Ұлттық мектеп пен оқыту жөніндегі мәселелер. А.Байтурсынов, X.Досмухамедов, М.Дулатов, Э.Бекейханов, М.Жумабаев, Ж. Аймауытов, С. Мендешев т.б. ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметтері. Мектеп жүйесінің 1940-1980жж. дамуы. Кәсіби және жоғары білім мәселелері. Педагогика ғылымының дамуы (Ш.Әлжанов, Т.Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Қ.Бержанов, А.И.Сембаев, М. Мұканов т.б.).



14-Тақырып. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қазіргі жағдайы және даму бағыттары.

Тәрбие стратегиясының жаңаруы, білім беруді демократияландыру процесіне жаңаша көзқарастар. Тәрбие және оқытудың практикасы. Тәрбие гуманистік сипат беру жолындағы ізденістер және осы негізде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің жұмысын кайта құру мәселелері. Білім туралы заң (1999). XXғ. соңы -XXIғ. бас кезіндегі педагогика ғылымы мен тәрбие практикасы дамуының жалпы бағыттары.



15-Тақырыбы. Шет елдердегі казіргі заманғы мектеп және педагогика.

Шет елдердегі қазіргі заманғы педагогикалық концепциялар және идеялар. Мектепті демократияландыру проблемалары. Алдыңғы қатарлы елдердегі мектеп жүйелерінің басты ерекшеліктері. Мектепте оқыту мен тәрбиелеудің практикасы. Шет елдік мектептерде оқу-тәрбие процесін модернизациялаудың негізгі бағыттары.



Студенттердің өздік жұмыстары

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптар

Тапсырма мазмұны

Формасы

1

Сақтардың мәдениеті мен тәрбие тәлімі

  1. Сақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айт.

  2. Сақ мәдениеті туралы не білесің?

  3. Сақталған мұралардың ұлттық тарихи танымдылығы туралы не білесің?

  4. Сақтардың шеберлікке ұйретуі туралы айтып бер.

  5. Сақ қоғамының тәлім- тәрбиелік құндылықтары туралы не білесің?

  6. Салт-тұрмысы мендіни ғұрыптары қандай?

Сұрақтарға жауап бер

2

Шығыс ойшылдарының тәлім- тәрбиелілік ой пікірлерінің пайда болуы мен қалыптасуы

1.Әл-Фарабиді неге «Шығыстың Аристотелі» деп атаған ?

2. Әл-Фарабидің қанатты сөздерінің тәрбиелік мәндерін түсіндір.

3. Махмұт Қашқари ілімінің тарихи маңыздылығын анықта.

4. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының маңызын түсіндір.

5.Ибн Синаның еңбектерінің ерекшеліктерін ата.


Дәлелдеме жаса.

3

17-18 ғасырлардағы педагогиканың дамуы

1. 17-18 ғасырдағы Европа педагогикасының негізін салушылармен буржуазиялық демократиялық педагогиканың дамуына үлестерін қосушылардың өмірі мен еңбектерін сарала.

Хронологиялық таблица жаса

4

20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер

М. Жұмабаевтың «Педагогика» кітабын қазіргі кездегі «Педагогика» оқулығымен салыстырма жаса.

А. Байтұрсыновтың ағартушылық қызметін, еңбектерін ата.



Сараптама жасау

5

20 ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстанда педагогиканың дамуы

Қазақстандағы жоғар оқу орындары мен Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан педагог ғалымдарға педагогиканың даму кезеңдерін ескере отырып, кестеге орналастыр.


Кесте жасау

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет