ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Жазуы: араб әліпбиіндегі дәстүрлі жазу, 1925 ж. бастап – латын, 1937-1938 жж. – орыс әліпбиі. Қырым-татарларының тілі



бет34/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Жазуы: араб әліпбиіндегі дәстүрлі жазу, 1925 ж. бастап – латын, 1937-1938 жж. – орыс әліпбиі.
Қырым-татарларының тілі (Қырым, Добруджы, Румыния; Түркия)
Қырым татарлары тілі (қырымтатар)- түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады.


Ерекшеліктері:

Фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү), олар негізінен сөздің барлық позицияларында тұрақтылығымен ерекшеленеді, тек ы, и қысаң дауыстылары ғана үнді дыбыстарымен тіркескенде түсіп қалуға бейім (редукцияға ұшырайды);

ө, ү дауыстыларының шартты түрде о,у әріптерімен таңбалануы салдарынан соңғы 60 жылдай уақытта әсіресе жастар сөздерді жазылуы бойынша дыбыстайтын болды, мысалы: корьди сөзін осылайша «корди» деп оқу, дұрысы: көрді и/көрдү), халықтың осылайша тіл алды дыбыстарды жаппай өзгертіп айтуынан қырым татарлары тіліне мүлдем жат депалатализация құбылысы жиі байқалады;
ерін үндестігі шектеулі сипатта болса, дауысты дыбыстардың біріңғай жіңішке немесе біріңғай жуан дыбысталуы (палатализация) (көрип «көріп», турып «тұрып») кеңінен орныққан; әдеби тілде (терең) тіл арты к/қ дыбысының сақталуы (қара «қара», ақсақ «ақсақ»);


Морфологиясында – қыпшақ тілдеріне тән септеу және жіктеу түрі сақталған; қыпшақы формалармен қатар оғыз тобына тән бірқатар етістік тұлғаларының қолданылуы кездеседі, мысалы, есімшенің – мыш тұлғасы, ----дық формасымен келетін етістік атауы (қимыл атауы);

Лексикасынада – оғыз тілдерінен енген кірме сөздерді екі топқа бөлуге болады: ескі оғыз-печенег және жаңаоғыз-осман сөздері; негізінен әдебиет арқылы (түрік тілі арқылы) енген араб-парсы сөздері; кеңес кезеңінде орыс, өзбек т.б. тілдерден енген интернационализмдер; жаңадан түрік тілінен енген және кеңес кезеңінен кейін пайда болған қыруар идеологизмдер кездеседі.
Қырым татарлары тілінде бір-бірінен қатты ерекшеленетін үш диалекті бар: орта (орта йолақ «орта жолақ» - ескі және оғыз элементтері бар қыпшақ-половец); солтүстік немесе дала диалекті, ол қыпшақ-ноғай тілдеріне біршама ұқсас келеді (ж дыбысының кездесуі (джеканье), еріндік дауыстылардың делабиалдануы (езулікке алмасуы/айналуы): кирек/әдеби, күрек «күрек»); оңтүстік немесе оңтүстік жағалауы диалекті (түрік тіліне жақын және оғыз тілдері тобына ұқсас).


Дәстүрлі жазуы ХІХ ғасырдың соңында Исмаил Гаспринский қырым татарлары тіліне лайықтап бейімделегн, араб әліпбейіне негізделген жазу.
1928 жылдан 1938 жылға дейін латын графикасы, содан кейін қосымша символдарсыз орыс алфавиті қолданылды, бірақ г, дж, қ, нъ таңбалары енгізілген болатын.
1996 жылдан бастап Түркиядағы қырым татарлары бұрыннан қолданып келе жатқан латын жазуы енгізілді.
Қырымшақ тілі
Қырымшақ (қрымчах) тілі шығу тегі жағынан қыпшақ тілі болғандықтан, түркі тілдерінің қыпшақ-половец топшасына жатқызылады. Алайда қазіргі қрымчақ ауызекі тілінде, әсіресе, жазба тілінде оғыз элементтері өте көп болғандықтан, қырымшақ тілін қыпшақ-оғыз аралас тілі деп атауға болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет