Оқу-әдістемелік материалдар «Кіріспе. Биофизика пәні және оның мәселелері. Термодинамика» Биофизика пәні және оның мәселелері


Ультрадыбыс. Инфрадыбыс. Вибрация



бет53/65
Дата15.09.2017
өлшемі7,56 Mb.
#33508
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
3. Ультрадыбыс. Инфрадыбыс. Вибрация.

Ультрадыбыс – серпімді тербелістер мен толқындар, жиілігі -тен аралығында. Ультрадыбыстың жиілігін үш аймаққа бөлуге болады: (1,5×104—105 гц) –төменгі жиілікті ультрадыбыс, (105107 гц) орта аймақтағы ультрадыбыс, (107—109 гц) – жоғары жиіліктегі ультрадыбыс.

Физикалық қасиеттері жағынан ультрадыбыстар дыбыстан еш айырмашылықтары жоқ, екеуі де серпімді толқындар. Жоғары жиілікті ультрадыбыстың толқын ұзындығы ауада ,4×10-3—3,4×10-5 см, суда 1,5×10-2—1,5 ×10-4 см және болатта 5×10-2— 5×10-4 см. Сұйықтар мен қатты денелер ультрадыбысты жақсы өткізеді. Ультрадыбыстың жылдамдығының өзгерісі мен оның жұтылу коэффициентін анықтай отырып заттың молекулалық қасиеттерін анықтауға болады. Бұл сұрақтармен молекулалық акустика айналысады. Ультрадыбысты қолдану саласы өте көп. Ультрадыбыс толқын ұзындығының жартысына тең аралықта биологиялық объектілерге әсер еткенде бірнеше атмосфераға тең қысымдар айырмасы пайда болуы мүмкін. Ультрадыбыстардың интенсивтілі мен әсер ету ұзақтығына байланысты биологиялық объектілерге оң және теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Биологиялық объектілердің ульрадыбысты жұтуы кезінде акустикалық энергия жылу энергиясына айналады. Ткандардың бірнеше градусқа қызуы биологиялық объектілердің өмір сүру қабілеттілігін арттырады, зат алмасу процесін қарқындатады.

Дәріс № 12

Тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері»

  1. Ньютондық және Ньютондық емес сұйықтықтар.

  2. Сұйықтықтың тұтқырлығын анықтайтын әдістемелер. Ламинаралы және турбулентті ағыстар.

  3. Сұйықтықтардың молекулалық құрылымының ерекшеліктері. Беткейлік керілу және тірі жүйелер үшін олардың ролі.

  4. Сұйық-тық кристалдары. Қан айналымының модельдері.

  5. Қан қысымын өлшеудің физикалық негіздері. Қан қысымының жылдам-дығын анықтау.

  6. Судың құрылысы және аутореттелудегі олардың ролі. Су ерітін-ділерін активациялау тәсілдері.

Гидродинамика сұйықтардың қозғалысын зерттейді. Қозғалыс кезінде сүйықтар сығылмайды және ішкі бөлшектердің арасында үйкеліс болмайды деп қарастыруға болады. Мүндай сүйықты идеал сұйық дейді.

Сұйықтар не газдар ағынында бағыты ағыс жылдамдығының бағытымен бағыттас болатын сызықтар жүргізуге болады. Мүны ағын сызықтары деп, ал сұйықтың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі дейді.

Ағысты сипаттайтын барлық шамалар, яғни ағыс жылдамдығы, сұйық тығыздығы және ағынның берілген нүктелеріндегі температуралары өзгермейтін болса, ондай ағысты стационарлық ағыс деп атайды.

Стационарлық ағыс кезінде ағын түтігінің кез-келген қимасынан бір өлшем уақыт ішінде ағып өтетін сұйык мөлшері бірдей болады.



S=сопst (1)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет